Сабақтың басы 2мин
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал . «Қол соғыңдар егерде....»
Сіздер бүгін сабаққа жақсы көңіл күймен келдіңдер ме?
Кімді адам құқығы ойландырады?
Кім бүгін өз құқығын сақтап , жаңа білім алуға дайын?
Топқа бөлу түрлі түсті ұшбұрышты фигура арқылы
Ұй тапсырмасын «Тарсия» әдісі арқылы сұрау.
Топқа бөлінген фигураларды құрастырып, үй тапсырмасының сұрақтарын жауаптарымен сәйкестендіріп жауап береді.
Үй тапсырмасын қорыту
Оқушылардың назарын тақтадағы суретке аударып, жетелеуші сұрақ қоямын: Не көріп тұрмыз? Сурет туралы не айтамыз? Айырмашылықтары не?
ҚБ: Мұғалімнің мадақтауы
Суреттер арқылы жаңа тақырыпты ашып, мақсатын анықтайды.
|
Ұшбұрышты фигуралар
суреттер
|
Сабақтың ортасы
13минут
5 минут
10 минут
Сабақтың соңы 5мин
|
1 тапсырма
Топтық жұмыс «Тізбек картасы» әдісі
1-топ «Қылмыстық жауаптылық дегеніміз не?»
2 топ «Қылмыстық жауаптылықтың ерекшелігі неде?»
3 топ «Жаза дегеніміз не және оның түрлері»
ҚБ: Топтар бір-бірін мадақтайды
Дескриптор:
-Қылмыстық жауаптылық мәнін біледі
- Қылмыстық жауаптылықтың ерекшеліктерін атайды
- Жаза мәнін біледі, түрлерін анықтайды
2 тапсырма»
Жеке жұмыс «Сөздік кестесі»
Қылмыстық құқық бұзушылықтың заңды құрамы
Обьект
|
Обьективтіжағы
|
Субьект
|
Субьективті жағы
|
ҚБ обьектісі қоғамдық қатынастар: өмір, денсаулық, меншік, мүдде,
|
Құқыққа қарсы әрекеттің сыртқа білінуі: іс-әрекет, оның тәсілі, салдары зиянды зиянсыз, нәтижесі
|
Құқыққа қарсы іс әрекет жасаған жеке тұлға
Жас мөлшерлері 14,16,18
|
Жекетұлғаның субьектив ті белгілері айып, себеп, мақсат
|
ҚБ: Мадақтау
Айыптың екі түрі бар: қасақана және абайсызда.
Қасақана- тұлға өз іс-әрекетін (ұрлық, әкімшілік тәртіпке бағынбау) алдын ала білі, саналы түрде жасайды.
Абайсызда- тұлға өз іс-әрекетін қоғамға қауіпті екенін біле тұра, оның құтылу жолының мүмкүндіктері бар деп ойлайды.
(техникалық ақауы бар көлікпен жолға шығу, алкоголді ішімдік ішіп көлік айдау)
3 тапсырма «Дананың кілттері» 1 кілт «Жөнсіздік кілті» Кәмелетке толмаған Б.мен А. деген достар (15 жас) қалада қыдыру мақсатымен бқтен біреудің автокөлігін айдап кетті. Қыдырып болған соң, көлікті қалдырды және оның аккумуляторын, айнасын, магнитофонын, дөігелектерін сатып жібереді. Ақшасын өз қажеттіктеріне жұмсайды. Бірақ екеуі ұсталған соң автокөлікті тонау мақсатында айдап кетпегендері туралы мәлімдеді. Б. мен А. азаматтар бөтен автокөлікті айдап кеткендері үшін қылмыстық жауаптылыққа тартыла ма? Б. мен А. азаматтар ұрлық үшін қылмыстық жауаптылыққа тартыла ма?
Жауабы: ҚР құқықбұзушылық кодексінің 200-бабы 2 бөлім
2. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) – бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2 кілт «Кемшілік кілті»
9 сыныпта оқитын А. С. Мен Н. деген үш құрбы Н-ның туысының үйінде кино көріп, музыка тыңдап, кешті көңілді һткізбекші болды. Пәтер иесі кілтті Н-ға қалдырып, өзі қала сыртына демалуға кеткен. Таңертең С. мен А. пәтер иесінің заттарын тон, көйлек, алтын бұйымдарын алып кетеді. Пәтер иесі заттарының ұрланғанын біліп сот органдарына жүгінеді. Қылмыстық іс қозғалып оқушылар ұсталады. Оқушылар өз істерін мойындайды. Бірақ құрбылары Н. пәтерге өзі шақырып, заттарды пайдалануға және алып кетуге рұқсат бергенін айтады. Қос құрбы бұл заттарды сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған болатын. А, С, Н ұшеуі қылмыстық жауаптылыққа тартыла ма? Әр құрбының қаншалықты кінәлі екенін анықтаңдар? Келтірілген зиянды кім өтейді?
Жауабы: ҚР құқықбұзушылық кодексінің 188-бап.
Ұрлық 1 бөлім
Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру –
- адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3кілт «Егер де...» Кәмелет жасқа толмаған азамат Б. денсаулық жағдайы аса ауыр туған әжесіне қажетті дәрі-дәрмекті сатып алу үшін дәріханаға барады. Дәріхана қызметкері сұраған дәріні ұсынады. Азамат Б. бұл дәрінің өте қымбаттығына көз жеткізеді. Ақшаны жақын тума-туыстардан сұрап алғанымен жиналған қаражат жеткіліксіз болады. Нәтижесінде азамат Б. дәріханаға түнгі уақытта ұрлыққа түсіп жаңағы дәріні ұрлап кетеді.
Жауабы: ҚР құқықбұзушылық кодексінің 188-бап.
Ұрлық 2 бөлім
-тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен;
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚБ: Мұғалімнің мадақтауы
Кері байланыс « Балға, таразы, ақ қағаз»
Үйге тапсырма
Бағалау
|
А3 маркерлер
кесте
|