Әкімшілік құқық бұзушылық және жауаптылық
Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы, құрамы
Әкімшілік жауаптылық, әкімшілік жаза түрлері
Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз- мемлекетке және құрылымды құрылысқа, жеке меншікке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын, сол үшін заң мен әкімшілік жауаптылық көзделген, құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік. Құқық бұзушылық белгілері:
І. Құқыққа қарсылық;
ІІ. Қоғамға қауіптілік;
ІІІ. Кінәлілік;
ІҮ. Жауаптылық ( Жазаға тартылатындық).
Әкімшілік құқық бұзушылықтың басқа теріс қылықтардан айырмашылығы:
І- қылмысқа қарағанда қоғамға қауіптілігі аз;
ІІ- әкімшілік құқық бұзушылық заңмен де, заңға сәйкес актілермен да қарастырылады;
III- іс жүргізу тәртібінің ерекшелігі;
IY- Санкциясының айырмашылығы ;
Y- Әкімшілік жауаптылықта қызметтік бағыныштылық жоқ.
YI- Жаза шараларының және жазаны қолданатын орган ерекшелігі.
Әкімшілік теріс қылықтық құрамы:
Объект, субъекті, объективтік жағы, субъективтік жағы.
Объект дегеніміз- құқық нормасымен реттелетін және санкциямен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Олар: жалпы, топтық, түрлік және тікелей объектілер болып бөлінеді.
Жалпы объекті дегеніміз- әр түрлі құқық салаларымен реттелген және әкімшілік құқық санкциясымен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Түрлік объект- біртектес, мазмұны бойынша ұқсас немесе қоғамдық қатынастардың пайда болуы және жүзеге асырылуы саласы бойынша ұқсастықтары бар объектілер. Мысалы, тұрғындардың денсаулығы, меншігі, қоғамдық тәртіп, басқару тәртібі, т.б.
Тікелей объект- бұл әрекет бағытталған нақты қоғамдық қатынас. Мысалы, тыныштықты бұзу кезінде қоғамдық тәртіп.
Объективтік жағы әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы көрінісін, іс-қимылдың өзін көрсетеді. Объективтік жағына уақыты ( түнде, күндіз,жарық, тұман) орны (қоғамдық орын,әуеде,шекарада), тәсілі (құқық бұзушылықтың бірнеше мәрте жасалуы, құқық бұзушылықтың қайталануы), құқық бұзушылықтың зиянының салдары жатқызылады. Құқық бұзушылықтың бірнеше мәрте жасалуы-біртекті әрекеттің не әрекетсіздіктің бір реттен артық жасалуы, әкімшілік құқық бұзушылықтың қайталануы дегеніміз бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылы үшін әкімшілік жэазалауға ұшыратылған, Әкімшілік кодексте көзделген мерзімі бітпеген адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауын айтамыз.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісіне әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке және заңды тұлғалар жатады.Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағы дегеніміз өзі жасаған әрекетке не әрекетсіздікке деген тұлғаның психикалық қатынасы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жақтарының белгілеріне кінә, себеп пен мақсат жатады.
Кез-келген әрекет аяқталмаған және аяқталған болуы мүмкін. Аяқталмаған әкімшілік құқық бұзушылықтар жазаланбайды.
Жауаптылықты ауырлататын мән – жайлар:
Тоқтатуды талап етуге қарамастан құқыққа қайшы іс-әрекетті жалғастыруы.
Дәл осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаның бір жыл ішінде біртектес құқық бұзушылық жасауы.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдерді құқық бұзушылыққа тарту.
Құқық бұзушылықтарды адамдар тобының жасауы.
Табиғи апат немесе өзге төтенше жағдай кезінде теріс қылық жасау.
Мас күйінде құқық бұзушылық жасау, т.б.
Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар:
қажетті қорғану;
аса қажеттілік;
ақыл есі дұрыс емес.
Әкімшілік жауаптылық дегеніміз құқық бұзушыға белгілі бір айырулар,
зиян, айып, еркінен айыру сияқты құқықтық шығынға ұшырататын әкімшілік құқық бұзушылыққа деген мемлекеттің қатынасы, жауабы. Әкімшілік жауаптылыққа ақыл-есі дұрыс, 16 жасқа толған жеке адам және заңды тұлғалар тартылады.
Әкімшілік жаза заңмен уәкілеттік берілген судья органдар, лауазымды тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін субъектілерге қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады және құқық бұзушылық жасаған адамның Әкімшілік Құқық Бұзушылықтар туралы Кодексте көзделген құқытары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды. Әкімшілік жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, құқық бұзушыны заң талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Әкімшілік жазалардың түрлері:
Ескерту жасау.
Әкімшілік айыппұл салу.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе объектісі болған затты алып қою.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның объектісі болған затты, құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу.
Арнайы құқықтан айыру.
Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан айыру. Қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға оны қолдануды тоқтата тұру.
Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру немесе оған тиым салу.
Өз бетімен салынған немесе салынып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау.
Әкімшілік қамауға алу.
Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
Ескерту, әкімшілік айыппұл салу, әкімшілік қамауға алу тек негізгі
әкімшілік жазалар ретінде ғана қолданылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою, тәркілеу, өз бетімен салынған немесе салынып жатырған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау тек қосымша әкімшілік жаза ретінде қолданылуы мүмкін. Қалғандары негізгі де, қосымша да әкімшілік жаза ретінде қолданылады.Әкімшілік айыппұл белгіленген айлық есептік көрсеткішінің белгілі бір мөлшерде сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою – оны мәжбүрлеп алып қоюда және алынған затты өткізу жөніндегі шығыстарды шегеріп, түскен соманы бұрынғы меншік иесіне бере отырып ол затты өткізуден тұрады. Әкімшілік құқық бұзушылық объектісін тәркілеу. Оларды заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне мәжбүрлеп, тегін аударудан тұрады. Арнайы құқығынан айыру 1 айдан кем болмауға және 2 жылдан аспауы тиіс. Лицензиясынан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестациясынан айыру, қызметінің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолдануын тоқтата тұру – 6 айға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Жеке кәсіптік қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу - өкілетті органның ұсынысы бойынша тек сот тәртібінде ғана жүреді. Өтінішті сот он күн ішінде қарайды.
Әкімшілік қамау – 15 тәулікке дейін, ал төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін 30 тәулікке дейін белгіленеді.
Жүкті әйелдерге, 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, 18 жасқа толмағандарға, І-ІІ топтағы мүгедектерге, 58 жастан асқан әйелдер мен 63 жастан асқан еркектерге қамауға алуды қолдануға болмайды. Әкімшілік қамауға алуды судья қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |