Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Құқық ұғымы, белгілері


Азаматтық қоғамның құрылымы



бет8/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#89178
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
Құқық ұғымы

Азаматтық қоғамның құрылымы: Қоғамды өзінің табиғи мүдде – мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп, басқарушы- адам. Адам қоғамның құрылымының негізгі элементі- діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың арақатынастары- азаматтық қоғамның элементтері.
Азаматтық қоғам белгілері:

  • адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостандығы мен құқықтарының қамтамасыз етілуі;

  • қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, ақпараттың жұмысына азаматтардың қатысуы, ішкі- сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-тұруға толық құқықтарының болуы;

  • азаматтардың қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер құрып, өз мүдде мақсаттарын орындауға, іске асыруға және шет елдердің сондай ұйымдарымен байланыс жасауға құқықтарынық болуы;

  • азаматтық қоғам- толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам болуы қажет, ол болашақ құқықтық мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол мемлекеттің объективтік тұрғыдан негізі болуға тиісті.

Сонымен, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет екеуі қатар дамып, өрескел қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік жолмен дамуына толық мүмкіншілік жасаулары қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясында бұл мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші бабында азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің ең негізгі қағидалары былай деп жарияланған: . Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Билікті құқықпен, заңмен шектеу идеялары- барынша ескі идеялар, оның негізін салушылар деп заңды түрде грек философтары Платон, Аристотельдер есептеледі. Құқықтық мемлекет идеяларын дамытуға И.Кант , В.Гегель сияқты ойшыл-философтар барынша үлес қосты. Олар құқықтық мемлекеттің философиялық негізін қалады. Канттың ойы бойынша, «мемлекет-құқықтық заңдарға бағынатын көптеген адамдардың бірлестігі». Ж.Ж.Руссо, мемлекет «қоғамдық келісім» нәтижесінде пайда болады деген идеяны негіздеп шығарды.


Құқықтық мемлекет теориясындағы аса маңызды мәселелердің бірі-биліктерді бөлу қағидатын құрушылар Дж. Локк пен Ш.Монтаскье болып табылады. Ш.Монтаскье «Белгілі бір жағдайда түрлі биліктер бір-бірін өзара ұстап тұратын тәртіптер жүйесі қажет» деп дәлелдеді.
Сонымен құқықтық мемлекет дегеніміз-бұқаралық билікті жүзеге асыру формасы, бұл жағдайда азаматтардың саяси ұйымы құқық және заңның үстемдігі негізінде жүргізіледі, әрбір тұлғаның құқықтары, бостандықтары және міндеттерін қорғау және қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Құқықтық мемлекет-құқық жүйесі қалыптасқан заң бәрінен жоғары тұратын, заң талаптарының барлық субъектілерге міндеттілігі қамтамасыз етілетін, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметі түгелдей қабылданған заңдарға негізделіп жүргізілетін мемлекет.
Мемлекеттің барлық типтеріне тән ортақ белгілерімен қоса, құқықтық мемлекет өзіне тән өзгешеліктермен ерекшеленеді:
1.Құқықтық мемлекетте биліктің бүкіл механизмі және әрбір орган, әрбір лауазымды тұлға өз қызметінде құқықтық принциптер және нұсқаулармен байланысты, өздерінің барлық шараларын солармен сәйкестендіреді. Құқықтық нормалар жұртщылыққа ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшін де міндетті.
2.Құқықтық мемлекет нормативтік нұсқауларды қабылдап, оны жариялаумен ғана шектелмейді. Ол осы қабылданған нормативтік нұсқаулардың міндетті түрде жүзеге асуына, барлық жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік және қоғамдық органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың әрекетіне айқын бағыт беруді қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі.
3. құқықтық мемлекеттің айрықша атқаратын шаруасы мемлекеттің нормативті актілерінің әрекет етуінің субординациясын сақтау болып табылады. Онда құқық бастауларының иерархиялық қатал жүйесі қалыптасады, әрекет етеді және дамиды. Бұл жүйедегі әрбір актінің орны оның заңды күшіне байланысты.
4.Құқықтық мемлекетте билікті бөлу принципі жарияланады және жүзеге асырылады. Соған сәйкес біртұтас мемлекеттік билік дербес әрі тәуелсіз үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну қамтамасыз етіледі.
5.Құқық тәртібі бұзылғандығы белгілі болған жағдайда бірден құқықтық реттеу және құқықтық қорғау механизмі іске қосылады. Бұл механизм кешенді түрде жаңа басталған құқық бұзушылықтың алдын алуды, бұзылған құқықты қалпына келтіруді, келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз етуді, кінәлілерді жазалауды,, жаңа құқық бұзушылықтың алдын алуды шешеді.
6.Құқықтық қоғам үшін азаматтардың мемлекет алдындағы және мемлекеттің азаматтар алдындағы өзара жауапкершілігі тән. Мемлекет әрбір адамға тумысынан берілетін, ешкім айыра алмайтын құқықтары мен бостандықтарын мойындап қана қоймайды, сондай-ақ олардың ресми рәсімделуі , жүзеге асуы, қол сұғушылықтан қорғау үшін барынша қолайлы жағдай туғызуға талпынады.
7.Құқықтық мемлекетте елдің ішкі заңы мен халықаралық құқықтың көпшілік таныған принциптері мен нормаларының арасындағы тиімді ара қатынасты орнату жөніндегі шаралары жүзеге асырылуда.
8. Барлық мемлекеттік және қоғамдық институттар мен құрылымдарды заңды деп тану-құқықтық мемлекеттің ерекшелік белгілерінің бірі. Институттар мен құрылымдар белгіленген ережелер мен процедураларды сақтаған заңның негізінде құрылады және олардың мақсаты, міндеті, қызмет ету нысаны мен әдісі ресми түрде тәптіштеп регламенттеледі.
Құқықтық мемлекеттің жоғарыда аталған белгілерін бір-бірінен бөліп қарамай, біртұтас түрінде алып қараған дұрыс.Осылайша, құқықтық мемлекет деп құқықтық құндылықтарға приоритет беретін, жұртшылық арасында, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметкерлері арасында олардың биік беделі үшін қамқорлық жасайтын, өзінің бүкіл іс-қимылы құқықпен байланысты, заң талабы шегінде әрекет ететін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейтін мемлекетті санауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет