Құқықтық мемлекет негіздері
Азаматтық қоғам ұғымы, мазмұны және белгілері.
Құқықтық мемлекет түсінігі, мазмұны және белгілері.
Адамның обьективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым-қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам.
Азаматтық қоғам- мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік- экономикалық және мәдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Азаматтық қоғам- мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде- мақсаты. Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық қоғам мен мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келеді. Азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің обьективтік даму процесінің алдына қойған талабы дегіміз келеді. Сол себепті Гегель мен Маркс т.б. ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп, құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті.
Азаматтық қоғам мазмұнының сан қырлы көрінісі төмендегідей болуға тиіс:
экономикалық бостандық, әр түрлі меншік , нарықты қатынас;
адамдардың табиғи бостандығы мен құқықтарын қалыптастырып, қорғау;
заңды, демократиялық билік, ақпаратқа бостандық беру;
заңның, соттың алдында адамдардың теңдігі болу;
таптық, ұлттық бірлік, достық келісім болу;
адамдардың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын, мәдени, рухани білімін, санасын көтеру, жақсарту.
Достарыңызбен бөлісу: |