Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»



Дата18.02.2017
өлшемі99,11 Kb.
#10287
Балалардың құқықтарын қорғау 2013

«Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы әкімдігінің 03.07.2013 жылғы № 195 қаулысы негізінді құрылды.

«Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы балалар құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, кәмелетке толмағандардың негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін қайта қалыптастыруға ықпал жасау болып табылады.

Негізгі міндеттері ҚР Конституциясының, Бала құқықтары туралы Конвенцияның, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің, «ҚР бала құқықтары туралы», «Білім туралы» ҚР Заңдарымен балалардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуын қамтамасыз ету; әлеуметтік жетімдіктің балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен қатыгез қарым-қатынастың, бала еңбегінің ең нашар түрінің алдын-алу және болдырмау, өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға көмек көрсету, балалардың өмір сапасын жақсарту үшін жағдайлар жасауға ықпал ету; бала құқықтары туралы конвенцияның қағидаларының адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламаларының жүзеге асырылуына сапалы мониторинг жүргізу, балалардың рухани өсуі мен әлеуметтік жағдайларының қолайлығына талдау мен болжау жасау, өңірде балалардың өмір сүру жағдайларының сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;  балалардың құқықтары туралы және олардың іске асырылуы туралы жұртшылықтың ақпарат алу деңгейін көтеру болып табылады.

Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы (әрі қарай –басқарма) өз қызметін қоғамның назарын балалардың мәселесіне аудару және балалардың құқығын үнемі қорғау арқылы қоғамдық санада балаларға ерекше қамқорлық жасау қажеттілігін нығайту мақсатында 2011-2020 жылдар аралығында білім саласын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған 6 басымдық бағытындағы Стратегиялық жоспары негізінде жүзеге асырады:

1.   Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік құрылымдардың, жергілікті атқарушы органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың ведомствоаралық қарым-қатынас жасаудың тиімді жүйесін жасау;

2.   Аймақта әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және болдырмау;

3.   Жасөспірімдерді бейімдеу орталығының қызметін үйлестіру және бақылау;

4.   Өмірде қиын жағдайға түскен балалардың өмір сүру сапасын жақсарту және көмектесу;

5.   Балаларды адамгершілік-рухани байлықтар негізінде қоғамға бейімдеуге бағыттай отырып, балалардың өзін-өзі жақсы қалыптастыруы үшін жағдай жасау

6.   Аймақтағы балалар мәселелерінің түйінді жерлері туралы Маңғыстау облысында балалардың жағдайына жасалған жүйелі мониторинг негізінде  қоғамның ақпараттануын көтеру.

Балалар құқықтарын қорғау саласында қызмет ететін ведомствоаралық жұмыстың тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында, басқарма  басқа мемлекеттік органдармен өзара жоспар құрып, оларды жүзеге асырады. Мысалы: әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары, жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол жұмсау немесе қол жұмсауға бейім мінез-құлықтың алдын алу іс-шаралар жоспары, балалар еңбегін қанаудың алдын алудың іс-шаралар жоспары, діни экстремизмге қарсы іс-шаралар жоспары және тағы басқалар.

Басқарма жүйелі түрде облыс және қала әкімдіктерінің отырыстарында, сессияларында және қалалық, облыстық мәслихаттардың тұрақты комиссияларында, облыстық прокуратураның, білім басқармасының коллегияларында, әділет департаменті жанындағы Үйлестіру Кеңесінің, сондай-ақ, облыстық, қалалық ведомствоаралық жасөспірімдер ісі комиссиялардың отырыстарына қатысып отырады.



Басқарма қызметінің басты бағыттарының бірі ретінде әлеуметтік жетімдіктің алдын алу болып саналады. Бұл бағытта Басқарма басқа да жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты органдармен бірлесіп, «Қуан сәби» акциясын өткізді. Бұл акция тоқсан сайын және сол сияқты жыл сайын қайырымдылық мерекелері: «Ризашылық» - балаларға қамқорлық, «Балаларға бар жылу» (Қамқоршы күніне орай), асырап алушы отбасыларды құрметтеу мерекесі: «Балаларға арнаймын жүрегімді» шаралары өткізіліп тұрады.

Бұдан басқа аталған мекемелерде асырап алушы ата-аналар мен қамқоршылардың мектептері жұмыс жасайды, бұл жұмыстарға Басқарманың қызметкерлері белсенді араласады.



Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу жұмыстары

Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу жұмыстарын жүргізу мақсатында Білім басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, құқық құоғау органдарының өкілдірімен  және ішкі істер Департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп дөнгелек үстел, интерактивтік сабақтар, семинарлар өткізіліп тұрады.

Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау мәселесі Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия жанында қаралды. Ағымдағы жылдың қазан-желтоқсан айларында облыстық комиссия тапсырмасы бойынша Басқарма Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданының жалпы білім беру мектептерінде зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Кәмелетке толмағандардың еңбегін қанаудың, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, қаңғыбастық және қадағалаусыз қалудың алдын-алу

Өткізілген іс-шаралар Бала еңбегін пайдалану және оның алдын алу шаралары туралы» тақырыбындағы дөңгелек үстелде қорытындыланды.

Маңғыстау облысының аумағында 2013 жылдың 1-19 қараша аралығында  Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы білім басқармасымен бірлесе отырып  «Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» Республикалық Ақпараттық Науқаны өткізді.

Басқарма тарапынан "Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз–балалық шақ" Республикалық ақпараттық науқанын Маңғыстау облысында өткізудің іс-шаралар жоспары жасақталып, аудандық, қалалық білім бөлімдеріне Науқанды өткізу туралы хаттар және әдістемелік көмектер, тарату материалдары және республикалық сенім телефондарын, сонымен қатар басқарманың сенім телефонын насихаттайтын бейнеролик жолданды.

«Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» Республикалық Ақпараттық Науқаны аясында Басқарманың жұмыс жоспарына сәйкес және №38 07.11.2013 жылғы Мұнайлы аудандық азаматтық бастама қоғамдық бірлестігі хаты негізінде 14-20 қараша аралығында Мұнайлы ауданында  семинар-тренингі өтті.

14 қараша күні Мүнайлы ауданының №4 және №3 орта мектептерінде  Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының «Ашық есік» күні өтті. Бұл шараға ІІД, ОББ-нің өкілдері, орта мектептердің әлеуметтік педагогтары, психологтары, ТЖО, ПМПК, арнайы түзету мектеп-балабақшаларының мамандары және ата-аналар қатысты. Барлығы 570-тан астам адам қатысты.

Басқарма басшысы Б.Әлібекова сөз сөйлеп, акция барысында өтіп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Шарада әлеуметтік педагогтар, психологтар жұмыстарына байланысты сұрақтарына жауап алды. Ата-аналар ішінде бірнеше ата-ана мүгедек балаларына қатысты сұрақтар берді. Сұрақтар бойынша балалар психиатры, білім саласының қызметкерлері жауаптарға атсалысты. Қатысушыларға ақпараттық буклеттер таратылып, бейнеролик көрсетілді.

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» дөнгелек үстел:

14 қараша күні жасөспірімдерді бейімдеу орталығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты дөнгелек үстел өтті. Дөнгелек үстелге басқарманың қызметкерлері, ІІБ қызметкерлері, жасөспірімдер бейімдеу орталығының мамандары қатысты. Басқарма бас маманы орталықтағы балалармен тренинг өткізіп, әр қайсысымен жеке сөйлесіп, жаднама таратты.

«Ашық есік» күні:

15 қараша күні Мұнайлы ауданы №6 орта мектебінің акт залында оқушылармен Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының «Біз жарқын болашақты таңдаймыз!» атты ашық есік күні өтті. Бұл шараға басқарма басшысы Б.Әлібекова, ІІД, ОББ-нің өкілдері, «Зорлық-зомбылықсыз үй» психологы, орта мектептердің әлеуметтік педагогтары, психологтары, ТЖО және ата-аналар қатысты. Барлығы 350-дан астам адам қатысты. Шарада әлеуметтік педагогтар, психологтар жұмыстарына байланысты сұрақтарына жауап алды. Ата-аналар ішінде бірнеше ата-ана мүгедек балаларына қатысты сұрақтар берді. Оқушыларға жаднамалар таратылып  бейнероликтер көрсетілді.

Сол тақырыпта «Ашық есік» күні 18 қарашада №1, №2, №9 орта мектептерінде өтті.

Атып айтқан семинарлардың бырлығына 900-ден астам адам қатысты.

Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңына  және  Маңғыстау облдысының ішкі істкр Департаментінің № 797 18.11.2013 жылғы бұйрығына сәйкес Ақтау қаласының Ішкі Істер Басқармасымен бірігіп 2013 жылдың қараша айының 19 мен 22 аралығында Ақтау қаласында  «Балалар түңгі қалада» жедел-профилкатикалық іс-шарасы өткізілген болатын. Осы іс-шараға ІІД жанынан құрылған штабпен бірге қосылып жұмыс жасап рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Барлығы рейд кезінде қала аумағындағы 94 ойын-сауық орындары тексеріліп, оның ішінде 7 түнгі клуб, 21 компьютер клубы, кафе-барлар тексерілді, ҚР ӘқбтК баптарына сәйкес  әкімшілік хаттамалар  толтырылды. Түнгі мезгілде  заңды өкілдерсіз ойын-сауық орындарында болған  жасөспірімнің ата-аналарына ҚР ӘқбтК 336-3 баппен ескертулер берілді.

Рейд қортындысы бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен  басқарманың басшысы Б.Әлібековамен,  бас маманы К.Газимова, А.Утеновамен, Б.Омаркуловамен жасөспірімдермен құқықтық-түсінік жұмыстары жүргізіліп, жаднама таратты.

Іс-шаралар аясында облыс тұрғындары Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасының қоғамдық қабылдауында болып 31-90-47 сенім телефонына  хабарласу мүмкіндігіне ие болды.

Басқарма жыл сайын жасөспірімдердің қозғалысына мониторинг және талдау жасап отырады, олардың орналастырылауы, отбасы мен балалардың әлеуметтік қолдауы және әр ай сайын ЖБО-ның қызметін зерттеу жасалып, оқыту, практикалық семинар-тренингтер өткізіліп тұрады. ЖБО-да орналасқан балалардың демалыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, басқарма  ҮЕҰ және еріктілерді қатыстыра отырып, қайырымдылық акциялар өткізіп тұрады. ЖБО-да отбасыны қолдау қызметі жұмыс жасайды, мұнда ата-аналар, мұғалімдер және жасөспірімдерге тар шеңберлі мамандардың (нарколог, гинеколог, невропатолог және т.б.) кеңестерін ала алады. «Әлеуметтік жетімдікті» туғызатын «сәтсіз отбасылар» екендігі жасырын емес. Олардың түйінді мәселелерімен әр кезде айнылыспай, үнемі айналысу қажет. Себебі – отбасы деген қоғамның маңызды бөлшегі.

Балаларға нақты және уақытылы көмек көрсету мақсатында, басқармада өмірлік қиын жағдайға түскен балалардың мәліметтер банкі жасақталды. Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасында  сенім телефоны мен балалардың қоғамдық қабылдауы жұмыс жасайды.

Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасына 2013 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 77 өтініш келіп түсті. 66 өтініш жеке тұлғалардан, арызда көрсетілген мәселелердің бірегейі балалардың құқықтарының бұзылғандығы, білім саласына қатысты, жұмыссыздық. Осындай сұрақтар бойынша келіп түскен өтініштердің барлығына заңды түрде жауап беріліп, барынша оң шешімін тапты.

Қазіргі уақытта Балалар құқықтарын қорғау басқармасы және Білім басқармасының қолдауымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаларға арналған интернаттық ұйымдар бітірушілердің қатарынан «Бөбек» қайырымдылық қорының көмегін алған 9 бала Ш. Есенов  атындағыКаспиймемлекеттіктехнологиялар және инжинирингуниверситеті және Маңғыстау облысындағы колледждерінде оқып жатыр.

Оқу жылы басында «Мектепке жол» Республикалық акция аясыеда Ақтау қаласының 50 аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетілді. Осы жылы «Мектепке жол» акциясы «Мейірімділік жасауға асығыңыз» атты ұранымен өтті. Акция мақсаты: аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан мектеп оқушыларына жаңа оқу жылына дайындық кезінде материалдық көмек көрсету. Акция барысында АҚ «Цесна Банк» көмекке жәрдем 50 отбасына 15 000 теңге көлеміндегі мектеп құралдарын алуға арналған сертефикаттар табыс етті.

Қыркүйектің 12 күні Ынтымақ алаңында Маңғыстау облысының 40 жылдығына, Ақтау қаласының 50 жылдығына орай «Балғын балалар-біздің болшағымыз» атты концертік бағдарлама өткізілді.Оған көз жанарынан мүгедек және аз қамтылған отбасы балалары шақырылды. Шараның мақсаты мүгедек балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға назар аудару. Мерекелік шара Оқушылар орталығының көмегімен Балалар құқықтарын қорғау басқармасы өткізді. 

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Балалар құқықтарын қорғау басқармасы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаларға арналған интернаттық ұйымдар бітірушілерімен әлеуметтік бейімделу жұмыстарын жүргізеді.

Осыған орай, Басқарма қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар өткізілді. Мақсаты: үй-тұрмыстық жаңдайларын зерттеу, өздерің мазалап жүрген және шешім таба алмай жүрген сұрақтары бойынша көмек, кеңес беру. Бүгінгі күні жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаларға арналған интернаттық ұйымдар бітірушілері уақытша «Оралмандар бейімдеу және кіріктіру» орталығында тұрып жатыр. Әңгімелесу барысында оларды ойландыратын мәселе бұл жұмыссыздық және мекен-жай бойынша тіркеуде болмауы.

Жаңа жылдық мерекеге орай орталықта тұрып жатқан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жанұяларындағы сәбилеріне мерекеге базарлық ретінде 28.12.2013 жылы «Маңғыстау облысыәйелдеркөшбасшылықмектебі» қоғамдық біолестіктігің бастамасымен  «Жаңа жыл – жаңа мейіріммен» атты акциясы өткізілді. Акция аясында Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы балалардың барлығына бірдей сыйлықтар таратты,ал Итченко Яковтың отбасының сәбилеріне қысқы киімдер сыйлады.

Сонымен қатар, жана жыл мерекесі қарсаңында балалар құқықтарын қорғау басқармасы басқа да балаларға көмек көрсетуді жөн санады. Атап айтқанда, сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатқан жасөспірімдерге және Дивиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мекеп-интернаты тәрбиеленушілеріне де мерекелік базарлық сыйлады.

Қазіргі таңда облыста балалар құқығын қорғаудың жүйесін құрудың нақты сатысы туралы айтуға болатындай қорытындыға қол жетті. Аталған жүйенің қызметіндегі оң өзгерістер арасында мыналарды атап айтуға болады:

· Қайырымдылық қорлары, Сенім телефоны, Балалардың қоғамдық қабылдауы және мемлекеттің Бірінші Ханымының қайырымдылық көмегін төлеу арқылы балаларға жүйелі және ұдайы түрде көмек көрсету.

· Асырап алушы ата-аналар мектептерін ашу және оның жұмысы есебінен институциялау үдерісін жүзеге асыру.

· Балалық шақ туралы түйінді мәселелері бойынша БАҚ-ның белсенділігін арттыру.

· Маңғыстау облысында шетелдік азаматтармен салыстырғанда қазақстан азаматтарының бала асырап алуын көбейту.

· Мемлекеттік мекемелерде тәрбиеленуші балалардың санын азайту.



· Балалар еңбегін қанаудың алдын алу және жою саласында жұмысты жандандыру.

Балалар құқығын қорғау және олардың қоғамдағы жайын жақсартуда жеткен жетістіктер облыстағы барлық мемлекеттік органдар мен облыс басшыларының еңбегі.  
Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2016 жылдары атқарылған жұмысының қорытындысы туралы ақпарат Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің негізгі қызметі «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет