Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Құқық ұғымы, белгілері


Қылмыс ұғымы және белгілері



бет14/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#89178
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
Құқық ұғымы

Қылмыс ұғымы және белгілері
1. Қылмыс ұғымы, белгілері және құрамы
2. Қылмысты болдырмайтын мән-жайлар
3. Қылмыс жасау сатылары

Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыстың төмендегідей төрт белгісі бар:


1. қоғамға қауіптілігі
2. заңға қайшылығы
3. кінәлілігі
4. қылмыстық жауаптылығы (жазаланатындығы)
Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсене бұған немқұрайлы қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады.
Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайлықпен жасалған қылмыс деп танылады.
Қылмыс құрамы дегеніміз әрекеттің қылмыс ретінде қоғамға қауіптілігін сипаттайтын объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы. Қылмыс құрамының төрт элементі бар: қылмыс объектісі, қылмыстың объективтік жағы, қылмыс субъектісі, қылмыстың субъективтік жағы.
Бұлар өзара байланысты. Егер жасалған қылмыста қылмыс құрамының аталған бөлшектерінің біреуі болмаса, онда қылмыс құрамы да болмайдыжәне қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.



Қылмыс құрамының элементтері

Қажетті белгілер

Факультативті (қосалқы) белгілер

Қылмыс объектісі

Қылмыстық заңмен қорға
латын қоғамдық қатынас-
тар

Қосымша объектіге байла-
нысты қорғалатын қоғамдық қатынастар; қылмыс заты

Қылмыстың объективтік жағы

Қоғамға қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздік

Қоғамға қауіпті зардап, әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс; қылмыс жасалу жолы, уақыты, орны, жағдайы, құралы мен қаруы

Қылмыс субъектісі

Есі дұрыс, жасы 16 (кей қылмыстар үшін14) толған адам

Арнайы субъектіні сипаттайтын белгілер: лауазымды адам; туыстық қатынасы бар адам; тек ер адам; тек әйел адам; тек ҚР азаматы т.б.

Қылмыстың субъективтік жағы

Кінә (абайсыздық немесе қасақаналық)

Мотив, мақсат, эмоциялық жағдай.

Қылмыс сипаты мен қауіптілік дәрежесіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді: онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар.


Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза 2 жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза 5 жылға бас бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза 5 жылға бас бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін 5 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза 12 жылға бас бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте 12 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау- қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп танылады.
Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады



Қылмыс санаттары

Қасақана жасалған қылмыс

Абайсызда жасалған қылмыс

Онша ауыр емес қылмыс

2 жылдан аспайтын мерзімге

5 жылдан аспайтын мерзімге

Ауырлығы орташа
қылмыс

5 жылдан аспайтын мерзімге

5 жылдан астам мерзімге

Ауыр қылмыс

12 жылдан аспайтын мерзімге




Аса ауыр қылмыс

12 жылдан астам мерзімге немесе өлім жазасына



Кейбір жағдайларда қылмыс жасаған кезде , сол қылмыстың құрамы, оның қоғамдық қауіптілігі сияқты белгісі бола тұрса да іс-қимыл қылмыс болып табылмайтын мән-жайлар болады. Ондай мән-жайларға:


1) Қажетті қорғану; 2)қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру; 3) аса қажеттілік; 4) орынды тәуекел ету; 5) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу; 6) бұйрықты немесе өкімді орындау.
Қажетті қорғану. Қажетті қорғану дегеніміз- қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен жасалған заңға сәйкес қорғану. Қажетті қорғану заңды болу үшін бірқатар талаптарға сай келуі тиіс. Ол талаптар қол сұғушылыққа қатысты және қорғануға қатысты деп бөлінеді.
Қол сұғушылыққа қатысты талаптардың бірі, алдымен қол сұғушылық жеке адамның , қоғамның, мемлекеттің мүддесіне тікелей қауіп төндіретін шын мәнінде қоғамға қауіпті болуы шарт.
Қорғануға қатысты талаптардың алғашқысы қорғалатын объектілердің (мүдделердің) шеңберін анықтауға қатысты. Заң олардың қатарына:1) қорғанушының құқықтары мен мүдделерін; 2) басқа адамның құқықтары мен заңды мүдделерін; 3) мемлекет мүдделерін енгізген.
Екінші талабы-зиян басқаға емес тек қана шабуылшыға (қол сұғушыға)келуі керек. Үшіншіден, қорғану оның шегінен асып кетпеуі тиіс. Қажетті қорғану шегінен шығу деп қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік жәрежесіне көрінеу сай келмейтін қасақана әрекеттерді айтамыз. Мысалы, бақшаға ұрлыққа түскен баланы оның иесі мылтық атып қасақана жаралайды. Егер кісі қажетті қорғану шегінен асып, зиян келтірген жағдайда ол тек қасақана жасалса ғана жауап береді.
Аса қажеттілік. Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне,денсаулығына,құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қауіп төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.Аса қажеттілік жағдайында қашан да екі мүдде тіресіп қалады. Біреуін қорғау үшін екіншісіне зиян келтіруге мәжбүр болады. Мысалы, оқыстан жүгіріп шыққан баланы басып кетпеу үшін жүргізуші ойда жоқта бұрылып, біреудің сиырын мертіктіреді.
Орынды тәуекел ету. Орынды тәуекел ету де әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен заңға қайшылығын жоятын мән-жайдың бірі. Орынды тәуекел заңға сәйкес болуы үшін заң бірталай талаптар қояды:
1. Ол тек әлеуметтік пайдалы мақсаттарды көздегенде ғана заңды (адамдардың өмірі мен денсаулығын аман алып қалудың, қомақты шығыннан құтылудың жолын іздеп т.б.)
2. Мақсатқа тәуекел етіп бел буудан басқа жолмен жету мүмкін болмағанда.
3. Тәуекел етуші ықтимал зардаптарды болдырмау үшін қолдан келген барлық шараларды қолданғанда ғана заңды.
4. Тәуекел етуші адамдардың өміріне немесе денсаулығына зардап келетінін , экологиялық апат немесе қоғамдық күйзелістің өзге де ауыр зардаптардың болатынын көрінеу біліп жасаса, тәуекел орынды бола алмайды.
Егер тәуекел негізсіз деп танылса, оны жасаушы қылмыстық жауаптылыққа тартылады және ол жалпы негіздер бойынша жүзеге асады.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру. Қол сұғушыны ұстау кезінде оған зардап әкелуі мүмкін күш қолданылады. Қол сұғушыны ұстау заңды болу үшін төмендегідей жалпы талаптар орындалу керек:
1. Зиян тек қылмыскерге келуі тиіс.
2. Оны ұстау шараларын қол сұғушылық болған соң шұғыл қолдану керек.
3. Зиян келтіруден басқа жолмен ұстау мүмкін болмауға тиісті.
Қол сұғушыға келген зиян мөлшері ол жасаған қылмыстың ауырлығы мен сипатына сай келуі керек.
Бұйрықты немесе өкімді орындау. Өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамның Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі қылмыс болып табылмайды. Бұйрықты немесе өкімді орындаудың заңға сәйкес болуы үшін қойылатын талаптар:
1. Қалыптасқан тәртіп пен нысанды сақтай отырып берілсе, бұйрықты немесе өкімді орындау бағынышты адам үшін міндетті болуы керек.
2. Мазмұны мен нысаны бойынша да бұйрық немесе өкім заңды болуға тиісті.
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу. Егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне)ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды. Күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өз әрекетін басқара алмау керек, яғни еркінен тыс жасалу керек. Мысалы, мұражайдың қымбат жәдігерін біреудің итеріп қалуы салдарынан сындыру. Бұндай әрекетер қылмыс болып табылмағандықтан оларға қылмыстық жауаптылық тумайды.

Кез-келген қасақана қылмыс белгілі кезеңдерден өтеді. Қылмыстық құқық теориясында бір-бірінен әрекет сипаты мег аяқталу дәрежесіне қарай ажыратылатын қасақан қылмыстың үш сатысы көрсетіледі. Олар:


1. Қылмысқа дайындалу
2. қылмысқа оқталу
3. Аяқталған қылмыс
Қылмысқа дайындалу деп «тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау», объектіге жанасу жолдарын іздестіру танылады. Қылмысқа дайындалушы бұл жағдайларды өз қолымен жасайды, бірақ еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмейді. Тек ауыр немесе ерекше ауыр қылмысқа дайындалғандығы үшін ғана қылмыстық жауаптылық туады.
«Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады » Оның мәні айыптының қорғалатын объектіге тікелей қол сұға отырып, зардап әкелуге қауіп төндіріп, ол зардаптың келмей қалуында, не жасаушының еркінен тыс себептермен зардаптың толықтай емес, жарым-жартылай келуінде. Оқталудың объективтік жағы бойынша үш белгісін ескеру керек:
а) Қылмыс жасауға тікелей бағытталған іс-әрекет (әрекетсіздік);
б) Қылмыстың аяғына дейін жетпеуі (материалдық құралдан зардаптың тумауы);
в) Қылмыс айыптының еркінен тыс себептермен аяқсыз қалуы.
Егер адам әрекеттерінде ҚК Ерекше бөлімінде келтірілген баптың диспозициясындағы барлық объективтік және субъективтік белгілердің бәрі де болса, аяқталған қылмыс болып есептеледі.
Екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесуші орындаушымен бірге қылмысқа қатысушылар деп танылады. Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен бірге тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе осы кодексте көзделген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы , сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады.
Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдласқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады.
Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.
Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілердіжоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерд, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет