Дайындаған:Насиполла Армангүл
Тексерген:Хибина Зада
Ақтөбе 2022
522-521 жж. көтерілістер Парсы державасының әлсіздігін, жауланып алынған елдерді басқарудың тиімсіздігін көрсетті. Сондықтан да 519 жыл шамасында І Дарий маңызды әкімшілікқаржылық реформалар жүргізді. Бұл реформалар мемлекеттік басқарудың және бағындырылған халыққа бақылау орнатудың тұрақты жүйесін жасауға мүмкіндік туғызды, олардан алымсалық жинауды ретке келтірді және әскер санын көбейтіп берді. Осы реформаларды іске асырудың нәтижесінде Вавилонияда, Египетте және басқа да елдерде шын мәнінде жаңа әкімшілік жүйе қалыптасты, ол Ахеменидтер үстемдігінің ақырына дейін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ.
І Дарий мемлекетті әкімшілік-міндеткерлік аймақтарға бөлді, ол