Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Құқық ұғымы, белгілері



бет18/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#89178
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
Құқық ұғымы

Адвокатура – азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсету үшін құрылған кәсіптік, өзін-өзі басқаратын ұйым. Адвокатураның қызметі ҚР Конституциясының 13,16 баптарына сәйкес жүзеге асырылады, яғни әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі. Нақты заң көмегін көрсету кезінде адвокаттар «Адвокаттық қызмет туралы» 1997ж 5 желтоқсандағы ҚР Заңын, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу және заңдардың өзге де салаларын басшылыққа алады.
Адвокатура тәуелсіз ұйым болып табылады. Атқарушылық, сот билігінің лауазымды адамдары адвокатты, мысалы клиентінің мүддесін қорғауда оның белсенділігін азайтуға мәжбүр ету үшін ықпал ете алмайды. Адвокатураның санын, шығыстары мен кірістерін ешкім де бекітпейді. Адвокатура өзін-өзі басқаратын ұйым болып табылады, сондықтан ҚР Әділет министрлігі мен оның органдары тарапынан бақылау жоқ, олардың нұсқаулықтары мен әдістемелік ұсынымдарын басшылыққа алуға құқылы.
Адвокатураның міндеттері:

  1. Азаматтар мен ұйымдарға заң қызметін көрсету

  2. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, заңдылықты сақтау болып табылады.

Заңның 1-бабына сәйкес: 1. ҚР-ғы адвокатура адамның өз құқықтарын,
бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге бағытталған.
2. адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, және басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін , сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет