Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі Аудандық әдістемелік кабинет



бет1/5
Дата29.01.2018
өлшемі0,69 Mb.
  1   2   3   4   5
Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі

Аудандық әдістемелік кабинет






Тағамдық технология үйірмесі бағдарламасы


Қаратөбе
Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі жанындағы әдістемелік кабинеттің эксперттік кеңесі шешімімен аудан көлемінде таратуға мақұлданды.

Хаттама № 2 7 ақпан 2012 жыл


Құрастырған: Қабиева.Ж.И. – Қаратөбе мектеп-гимназиясының технология пәнінің мұғалімі

Рецензенттер: Сагингалиев Б.– Қаратөбе аудандық әдістемелік кабинетінің эстетикалық пәндерінің әдіскері

Уалиденова А – Шөптікөл жалпы білім беретін мектебінің І санатты технология пәні мұғалімі


Бұл - еңбек мұғалімнің шығармашылық ізденісінің айғағы. Технология пәні бойынша үйірмедегі өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды басты бағыт деп санайды. Бұл үйірме оқушыларды өзіндік ізденіске, өзіндік танымын қалыптастыруға, кәсіби бағдар алуына, тұрмыстық технологиялық біліктер қалыптастыруға, тағам сапасын талдау мен салыстыру жасауға, қиялдау қабілеттерін дамытуға үйретеді. Бұл жұмысты аудан көлемінде таратуға лайық деп санаймын.

Түсінік хат

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде оқу үрдісінің басты нысанасы да, назарда ұстаған негізгі мақсаты да оқушы қабілеті мен қызығушылығын ескеріп, жекелеген пәндер бойынша деңгейлік саралап оқытуды ұйымдастыру. Ал, технология пәні бойынша жаңа технологияларды, жаңа кәсіптерді меңгертуде үлкен жауапкершілік жүктеледі. Қазіргі қоғамда негізгі міндеттерді жоғары дәрежеде дамыған технология атқарады. Ақпараттандырылған технология талабы – жобалай білуге, шешім қабылдауға, шығармашылық жұмыстарды орындай білуге үйрету. Мектептегі жүргізілетін еңбек тәрбие жұмыстарының бір саласы өскелең жас ұрпақты халқымыздың қолөнеріне баулуға бағытталады. Оқушы барлық пән түрлерінен алған қорын, қабілеттілігін еңбек технологиясы арқылы іске асырады. Өнерге қанат қаққан шәкірттерді шеберлік шыңына жетелеп, дұрыс бағыт сілтеу, қолөнерге баулуда баланың білімін тереңдетуде, шығармашылығы, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарылату барысында «Кішкентай аспазшы» үйірмесінің орны ерекше. Ең басты мақсат қазіргі оқушы, болашақ үй иесі, отбасы болатын адамға ас мәзірін, тамақтану мәдениетін үйрету. Әр халықтың тұрмыс тіршілігінен хабардар болып, этнографиялық салтына қарай дастарханның өзіне тән ерекшелігіне тоқталады. Тағамдардың адам ағзасына қажетті минералды заттармен таныса отырып, тағам әзірлеуде өз шығармашылығымен орындауға аспаздық қабілеттерін шыңдатады.



Мақсаты:

  1. Халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасы және ұлттар тәлімінің сыры мен ерекшелігі туралы мағлұмат беру.

  2. Оқушыны еңбек сүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу, эстетикалық мәдениетін дамыту.

  3. Дастархан мәзірін дайындау, күнделікті өміріне пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру арқылы кәсіби бағдар беру.


Міндеттері:

  • Аспаздық өнерінің тарихи-мәдени өзіндік ерекшеліктерінен мол мағлұмат алып, оны өз қажетіне жарата білуге;

  • Тағам дайындауда алған жан- жақты білімін өзінің күнделікті өміріне пайдалана білуге;

  • кәсіби бағдарын анықтауға жәрдемдесу;


Мазмұны:

Адам ағзасына дұрыс тамақтанудың маңызы мен дастархан басында отыру мәдениетін, сүт, ет, ұннан, көкөністерден тағам жасаудағы технологиясымен маңызын, әр ұлттардың аспаздық өнерінің өзіндік техникаларын қамтиды.


Мамандыққа бағдарлау:

аспазшы, кондитер, дизайнер, даяшы, мейрамхана

менеджері мамандықтары

Ұйымдастыру формалары:

Дәріс, тәжірибелік жұмыстар


Сабақ түрлері:
Дәріс сабағы, аралас сабағы, жоба қорғау сабағы, шығармашылық көрме, кездесу, шығармашылық сабағы, «Дастархан» теле-бағдарламасы
Қорытындылау формасы:

Тағамдар жәрмеңкесі,

Аспазшылар сайысы,

«Дастархан» рецептілер жинағы



Бағдарламаның мазмұндық бөлімі
Кіріспе.

Оқушыларды «Кішкентай аспазшы» курсымен таныстару.



Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі

Кіріспе:




  • Адам ағзасының дұрыс тамақтанудың маңызы.

  • Ас үйде жұмыс орынды тиімді ұйымдастыру;

  • Қазақ халқының аспаздық өнерінің өзіндік ерекшеліктері. Дастархан басында отыру мәдениеті, күндік мәзірді құру ережесі;

  • Дастарханды әзірлеу ережесі, сулықтарды бүктеу тәсілдері. Тағам дайындауда қауіпсіздік ережелері, жеке тазалықты сақтау. Ас ыдыстары мен құралдарының қолданылатын орындары;

  • Тағам дайындау кезінде азық түліктерді үнемдеу және тиімді жұмсау.Тағамдардың сапасының органолептикалық бағасы;


Каталог: uploads -> doc -> 0d5c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d5c -> Математикадан олимпиада тапсырмалары. 9-10 сыныптар 1-тур


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу