Халық өлшемдері Сабақтың тақырыбы: Халық өлшемдері



Дата30.01.2022
өлшемі24,42 Kb.
#116192
түріСабақ
Байланысты:
сынып сағаты Халық өлшемі
Инф 5сынып 3т, ккт 29,03, Абзал жандарға мың алғыс. Эссе docx, Абзал жандарға мың алғыс. Эссе docx, 7 апта оптика, Ондық бөлшектерді дөңгелектеу, Ата -анаға көмек, 3 кл ктп, Ана тілім -ардағым ашылуы, КТП жөнделген 4-сынып 2019-2020 ж жана, КТП жөнделген 4-сынып 2019-2020 ж жана, Адал ұрпақ жоспар, пед03

Халық өлшемдері

Сабақтың тақырыбы: Халық өлшемдері


Сабақтың мақсаты: Халық тәжірибесіндегі заттың ұзындығы мен сыйымдылығын саусақпен өлшеу жолдары жайында түсіндіру. Шәкірттер бойына халқымыздың қадір - қасиетін сіңіртіп, ата - бабасының тыныс тіршілігінен хабардар етіп, есте сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақша ұзындық, сыйымдылық өлшемдерін өлшеу үшін пайдаланған әдістерді бейнелейтін суреттер; метрлік, литр ыдысы. Тұз, бидай, күріш.

Тәрбие сағатының барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгін біз бұрынғы аталарымыздың өзі өмір сүрген дәуірде, өздерінің күнделікті тұрмыс - тіршілігіндегі заттарды алып, беру және қажетіне пайдалану үшін ұзындықты, сыйымдылықты қалай пайдаланылғанын турулы танысамыз.
Бұрын қазіргідей ұзындықты өлшейтін дайын метрлік, сыйымдылықты өлшейтін л, метрөлшеуіш құралдары көп болмаған, болса да көп адамдар түсіне білмеген. Сондықтан көз, қол, саусақ мөлшерлерімен заттарды дәл өлшеп отырған. Қазақ халқына ортақ өлшеуіштерге жалпы халық сенген және түсінген. Біз сол өлшемдерге көз жеткізуіміз керек. Мысалы: Үлкендер бес саусақты қалай атаған?
«Актерлік шеберлікті көрсету» ойыны:
Бір оқушы саусағын көрсетіп отырып атайды.
Оқушы:
1. Бас бармақ.
2. Сұқ саусақ.
3. Ортан саусақ.
4. Аты жоқ саусақ.
5. Шынашақ.
- Дұрыс.
- Ал, осы саусақтар бірдей ме?
- Жоқ
- Неге?
- Білмейміз.
- Ендеше бес саусақ туралы халықтың аңызын әңгімелеп берейін. Ең алғашқыда бірдей болып жаратылыпты. Бастары бір қосылғанда бас бармақ басқаларға қарап:
- Ұрлық жасаймыз ба?- депті
Сұқ саусақ оның сөзін қолдап,
- Жасасақ, жасайық - депті.
Ортан саусақ:
- Құдайдан қорықпайсыңдар ма?- депті.
Аты жоқ саусақ
- Құдай не қылар дейсің?- депті.
Сонда шынашақ: Алайық та қашайық, ұрлайық та сояйық - депті шыдамсыздана.
Саусақтардың осы айтқандарын жаратушы құдай естіп, оларды әр түрлі етіп жаратқан екен.
Кейде өмірде адамдардың іс - әрекеті, қадір - қасиетін бағалап, басқамен салыстырғанда «бес саусақ бірдей емес» деген сөзді мәтел есебінде үлкендер жиі айтып отырады.
- Балалар, математика сабағында ұзындық өлшемдерін өттіңдер, атаңдаршы.
- Милиметр, сантиметр, метр, дециметр.
- Дұрыс, ал салмақ өлшеуіштері қандай?
- Грамм, килограмм, центнер, тонна.
- Балалар, ертеде көшпелі қазақ халқының тұрмысында сызғыш, метрлік, таразы болмаған.
Міне, сондықтан олар өлшем бірлік ретінде саусақтарды пайдаланған.
Қазақша ұзындық өлшемдерін былай атаған.
1. Елі.
2. Сүйем.
3. Сынық сүйем.
4. Қарыс сүйем.
5. Қарыс.
6. Тұтам.
Қазақша ұзындық өлшемдеріне жеке - жеке тоқталайық.
1 - оқушы: Елі – саусақтың көлденең қалындығы.
2 - оқушы: Сынық сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленетін өлшем. Бір сүйемнен төрттен үш бөлігі.
3 - оқушы: Сүйем - бас бармақпен сұқ саусақ аралығындағы өлшем.
4 - оқушы: Қарыс сүйем - бас бармақ пен ортан саусақтың аралық мөлшері.
5 - оқушы: Қарыс - бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері.
6 - оқушы: Тұтам - бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас төрт еліге тең ұзындық.
- Дұрыс. Мысалы: пісіп тұрған сүтті мұздай жерге қойса, қаймақ бетіне жиналады, үлкендер оны бір елі қаймақ жиналды дейді. Ал, математикадағы ұзындық өлшемі бойынша айтсақ 1см. Қаймақ жиналды дер едік.
Кішкентай аласа бойлы адамды бір қарыс деп тілге тиек етеді, Сонымен бірге тәжрибесін сыйымдылық өлшемдерін былай атаған:
7 - оқушы: Шымшым - ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қосып алғандағы өлшем.
8 - оқушы: Шөкім - ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы өлшем.
9 - оқушы: Бір уыс - қол саусақтарын жымдастыра бүккендегі өлшем.
10 - оқушы: Қос уыс - қос қолдың саусақтарын бірге жұмдастыра бүккендегі өлшем. Кеседегі тұрған тұзды өлшеп көрсету.
Тамақтың бір шымшым тұзы кем. Біршөкім тұзы кем.
Бидай: Бір уыс бидайды тауыққа шаш. Қос уыс шаш.

«Кім көреген»ойыны:


Сыйымдылық - өлшемдерін сурет бойынша балалардың өздеріне орындату.
- Балалар, бүгін сендер ата - бабаларымыздың ұзындық өлшеуіштері және сыйымдылық өлшемдерін қалай пайдаланғандығымен таныстыңдар.
11 - оқушы: Бес саусақ.
Бас бармағым бауға барды,
Сұқ саусағым суға барды,
Ортан саусақ орақ орып,
Аты жоғым ағаш жарды,
Жұмсамапты алақаным
Тек шынашақ балапанын.(Он саусақ)

«Зеңгер көктем» әніне салып төрт оқушыға орындату.


1. Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де.
2. Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
3. Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
4. Өнерлі екен он саусақ,
Қалам жазсақ, жол салсақ.

Қорытынды: «Сөз жұмбақты, кім таппақ»ойыны:


Көлденен: 1. Шөкім. 2. Елі. 3. Шымшық. 4. Сүйем. 5. Тұтам.
Тігінен: 1. Өлшем.
Сонымен қорыта келгенде қол, саусақтың адам үшін атқаратын қызметі өте көп. Оны жоғарғы сыныпқа барғанда кеңірек танысасыңдар. Әзірге бүгінгі үйренгендеріңді үйдегі отбасыларыңа, достарыңа айта жүріңдер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет