Басқару әрекетін адамдардың бір – бірімен қарым –қатынас жасауынан көруге болады. Қарым –қатынас – адамдардың бірлескен іс –әрекеті . Іскерлік қарым –қатынас тілі қызметтік саладағы адамдардың арасындағы байланыстарды дамытудың көпжоспарлы процесі болып табылады. Мұның ерекшелігі – регламенттелуі ұлттық және мәдени дәстүрлермен кәсіби этикалық принциптермен анықталады.
Іскерлік этикет ережелерінің екі тобын қамтиды:
Мәртебесі бойынша тең бір ұжым мүшелерінің арасындағы қарым – қатынас нормалары;
Басшы мен бағынышты адамның байланыс сипатын анықтайтын нұсқаулар.
Іскерлік қарым – қатынастағы іс –әрекеттер ұжымдағы барлық адамдарға тікелей қатысты. Іскерлік өзара іс-қимылдың регламенттелуі де сөйлеуге назар аударуда. Сөйлеу этикеті мен іскерлік қарым – қатынас тілін-қоғам әзірлеген тілдік мінез-құлық нормаларын, әдептілік жағдайларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді және белгілі бір ережелерді сақтауға міндетті. Бұл тұрақты құрылымдар әлеуметтік, жас, психологиялық сипаттамаларды ескере отырып таңдалады. Өзара қарым-қатынас ретінде адамдар бір-бірімен байланыс орнатады, бірлескен қызмет, ынтымақтастық құру үшін белгілі бір ақпаратпен алмасады.
Коммуникацияның екі түрі бір – бірімен тығыз байланысты, қиысып, бірін – бірі толықтырып отырады. Сыртқы түрі – сыртқы коммуникация Ішкі түрі – адамның ішкі субъективті дүниесі, ойы. Адамның ішкі субъективті дүниесіндегі өз ойы, бейнесі, образы, еске түсіруі Басқалардың қатысуымен сыртқы коммуникация Адам өзімен –өзі қалған кезде өзімен –өзі диалог құра алады, яғни өзімен –өзі тілдесе алады, ішкі ойын ести алады. Диалогтік байланыс екі түрде жүзеге асады Қарым – қатынас барысында адамның белгілі бір мінезінің үлгісі мен моделін байқаймыз.
Поляк психологі В. Мелибурданың айтуынша:
Алайда адамдар арасындағы қарым –қатынас үнемі жоғары деңгейде бола бермейді. Бұл деген адамның өз ойын ашық айтпауынан, дұрыс түсінбеуден, өз ойын еркін, толық жеткізе алмауынан туындайды. Кейбір адамдар осындай жағдайда айтқанынан қайту мақсатында өз ойын құрастырады. Кейбір жағдайда мінез –құлық нормалары қайшы келіп жатады. Бұл сенімсіздікке әкеледі.
Қарым –қатынастағы сенімділік мына жағдайда арта түседі:
1
«Адамдар арасындағы тиімді қарым- қатынас - серіктестер арасындағы хабарды түсінікті етіп айту, өтірік қоспадан таза, шын, шынайы болуы»
2
« Дұрыс түсіну – хабарлап тұрған адамның не айтайын дегенін сезіну. Айтатын адамның сенімді болуы – қарым –қатынастардың реттілігі». Екі жақтың да қарым –қатынас процесіндегі мүмкіндігіне байланысты. Яғни, хабарлаушы адамның не айтайын дегенін сезіну, қолдау, өрбіту болып табылады.
Адамдардың бір тобының екінші топты қабылдауы; (БІЗ –ОЛАР)
Адам өз өмірінің шынайы қалпын түрліше қалпында көрсетуге, шынайылықты сақтауға құқылы. Жеке тұлғаның, адамның өз бейнесі, өзін-өзі бағалауы – адамдар қарым –қатынасының негізіне жататын мәнді психологиялық фактор.