Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы азаматтық-құқықтық жауаптылық. Оның мәнісі: нұқсан келтірілген субъектілер жәбірленуші жаққа мүліктік және моральды келтірілген шығынның орнын толтырады. Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың ерекшелігі , ол құқық бұзушыға тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жазалармен қатар қолданатындылығында және келтірілген экологиялық зиян үшін өтем , өтемақы төлеуінде. Өтем ақшалай немесе заттай өтелуі мүмкін. Заттай өтеу дегеніміз, егер жер бұзылып, оған зиян келтірілсе, оны өзінің бұзылмай тұрғанға дейінгі бастапқы қалпына келтіруді айтуға болады.