Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы



Дата26.06.2018
өлшемі149,91 Kb.
Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 2 Нормативтік қаулысы

      Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдауды реттейтін заң актілерін сот практикасында біркелкі түсіну және қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:



      1. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (бұдан әрі - АІЖК) және басқа да заң актілерінде қарастырылған жауапкердің (борышкердің) сот актілерін мәжбүрлеп орындатуды қиындатуы немесе болдырмауы мүмкін әрекеттерінің жолын кесу шараларын азаматтық сот ісін жүргізудегі қамтамасыз ету шаралары деп түсіну керек.
      Қабылданған қамтамасыз ету шаралары жауапкер-заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді банкроттыққа ұшыратуға, қалыпты өндірістік қызметті бұзуға, басқа тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға, рейдерлікке жол беруге (жауапкердің мүлкін заңсыз тартып алуға) әкеліп соқтырмауы керек.
      2. Аралық соттың талқылаумен қаралатын істер бойынша талапты қамтамасыз ету шараларын сот АІЖК-нің 
15-бабында қарастырылған барлық ережелерді сақтай отырып, борышкердің немесе аралық (арбитражды) соттың орналасқан жері бойынша қабылдайды.
      Талапты қамтамасыз ету туралы арызды қараған кезде сот қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы арыз берген тұлғаның талабы бойынша аралық (арбитражды) соттың іс қозғағанын анықтап тексеруге міндетті.
      3. Қамтамасыз ету шаралары:
      1) мүліктік немесе мүліктік емес сипаттағы (АІЖК-нің 25-29-тарауларында қарастырылған ерекше талап қою бойынша жүргізілетін істер жөніндегі арыздар) талаптардың орындалуын;
      2) сот шешімдерінің орындалуын;
      3) бітімгершілік келісімдерін бекіту туралы сот ұйғарымдарының орындалуын;
      4) атқару құжаттарының мәжбүрлеп орындатылуын қамтамасыз ету үшін қабылданады.
      Судья қамтамасыз ету шараларын арызды өндіріске қабылдағаннан және істі қозғағаннан кейін ғана, бірақ заңды күшіне енген сот актісін мәжбүрлеп орындату туралы атқару құжаты берілгенге дейін іс жүргізудің кез келген кезеңінде қабылдайды.
      Егер сот қамтамасыз ету шараларын қабылдамаса, заңмен қарастырылған жағдайларда сот орындаушысы атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындатуды қамтамасыз ету үшін атқарушылық іс жүргізу барысында қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 5 Нормативтік қаулысымен.
      4. АІЖК-нің 
159-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген қамтамасыз ету шаралары түбегейлі болып табылмайды.
      Егер өзге де қамтамасыз ету шараларын қабылдамау осы санаттағы істер бойынша шешімдерді орындауды қиындатуы немесе болдырмауы мүмкін болса, даулы құқықтық қатынастардың сипатын ескере отырып және осы құқықтық қатынастарды реттейтін заңнамаға сәйкес, сот оларды қабылдай алады.
      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының заң актілерімен салыстырғандағыдан өзге қамтамасыз ету шаралары қарастырылуы мүмкін. 1995 жылғы Конституция қабылданғанға дейiн жасалған, күшiне енуiнің шарты ретінде ратификациялау көзделмеген халықаралық шарттардың күшi бар болып табылады және Республиканың тиiстi құқықтық қатынастар саласын реттейтiн заңдарында осы халықаралық шарттар үшін мұндай басымдық тікелей көзделген болса, онда Республика заңдарынан басымдығы сақталады («Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 2000 жылғы 11 қазандағы № 18/2 
қаулысы.
      Егер сот шешімін орындауды және талапкердің бұзылған заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды неғұрлым тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік берсе, сот бір мезгілде бірнеше қамтамасыз ету шараларын қабылдауға құқылы.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 5 Нормативтік қаулысымен.
      5. АІЖК-нің 
160-бабына сәйкес, сот қамтамасыз ету шараларын талапкердің (арызданушының) немесе оның өкілінің арызы негізінде не аралық (арбитражды) соттың өндірісіндегі іс бойынша талапкердің арызы негізінде ғана қабылдайды.
      Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы арыз істің барлық кезеңінде: істі сот талқылауына дайындау кезінде, сот отырысында, сот актісі шығарылғаннан кейін, бірақ ол АІЖК-нің 
236-бабында белгіленген тәртіпте мәжбүрлеп орындатуға жіберілгенге дейін берілуі мүмкін.
      АІЖК-нің 
158-бабына сәйкес, талапкер арызында қамтамасыз ету шараларын қабылдамау сот актісін мәжбүрлеп орындатуды қиындатуы немесе орындалуын мүмкін етпеуі туралы дәлелдерді көрсетуі тиіс.
      АІЖК-нің 
159-бабында қарастырылған сот бұйрығын беру туралы арызды қарау барысында қамтамасыз ету шаралары қабылданбайды, өйткені сот бұйрығы АІЖК-нің 140-бабында қарастырылған даусыз талаптар бойынша азаматтық іс қозғамастан шығарылады. Алайда, сот бұйрығы заңды күшіне енгеннен кейін, бірақ ол АІЖК-нің 149-бабының тәртібімен өндіріп алушыға берілгенге дейін, сот өндіріп алушының арызы бойынша сот бұйрығын мәжбүрлеп орындату жөніндегі қамтамасыз ету шараларын қабылдауға құқылы.
      Сот өз бастамасымен қамтамасыз ету шараларын қабылдай алмайды.
      6. Егер талапкердің немесе оның өкілінің арызы бола тұра қамтамасыз ету шаралары қабылданбаған болса, сот АІЖК-нің 
160-бабына сәйкес, талапты қамтамасыз ету немесе сот актілерін орындауды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шығарады.
      Талап арызбен (арызбен) бір мезгілде берілген талапты қамтамасыз ету туралы арыз оны соттың өндірісіне қабылдау туралы мәселе шешілгеннен кейін АІЖК-нің 
160-бабында белгіленген мерзімдерде тікелей қаралуға жатады. АІЖК-нің 155-бабының негізінде талап арыз (арыз) қозғалыссыз қалған жағдайда, талапты қамтамасыз ету шаралары ұйғарымда көрсетілген кемшіліктер түзетілгеннен кейін ғана қолданылады.
      Істі сот талқылауына дайындаған кезде берілген талапты қамтамасыз ету шаралары туралы, сот актісін мәжбүрлеп орындату сатысынан бұрын берілген қамтамасыз ету шаралары туралы арыздарды судья іске қатысушы тұлғаларға олардың қаралатын орны мен уақытын хабарламастан жеке дара қарайды. Мұндай жағдайларда іс жүргізу әрекеттерінің жеке хаттамасы жүргізілмейді.
      Талапты қамтамасыз ету туралы арыз сот отырысында берілсе, арыз сол сот отырысында зерттеліп, оны қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау туралы ұйғаруды судья кеңесу бөлмесінде шығарады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 5 Нормативтік қаулысымен.
      7. Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы арызды қараған кезде сот қамтамасыз ету шараларының талапкер (арызданушы) мәлімдеген материалдық-құқықтық талаптарға сәйкес келетіндігі, мәлімделген талаптарға парапарлығы, сот актісін орындауды қиындату немесе орындатпау мақсатында жауапкер жасауы мүмкін әрекеттердің жолын кесуді қамтамасыз ете алатындығы туралы мәселелерді зерттеуі керек.
      Егер сот талапкер арызында көрсеткен қамтамасыз ету шараларының ол мәлімдеген материалдық-құқықтық талаптарға сәйкес келмейтіні туралы тоқтамға келсе, онда аталған қамтамасыз ету шараларымен талапты қамтамасыз ету туралы арызды қанағаттандырусыз қалдырады.
      8. Соттың қамтамасыз ету шараларын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығаруы талапкердің немесе оның өкілінің осындай шараларды қабылдаудың қажеттігі туралы жаңа дәлелдерді көрсетіп, талапты қамтамасыз ету шараларын қабылдау жөнінде сотқа қайта арыз беруіне кедергі келтірмейді.
      9. Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы арызды қарау нәтижесі бойынша шығарылған сот ұйғарымы АІЖК-нің 
252-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Бұл ретте сот АІЖК-нің 158-бабында қарастырылған қамтамасыз ету шараларын қабылдаудың негіздерінің бар-жоғы туралы арызданушының дәлелдеріне баға беруі тиіс.
      Жауапкердің өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін жасыруға не иеліктен шығаруға, Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге дайындық жасауға бағытталған және тағы басқа әрекеттерін заңды күшіне енген сот актісін орындаудың қиындығы немесе мүмкін еместігі деп түсіну керек.
      Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы ұйғарымның қарар бөлігінде оның дереу орындалуға жататыны көрсетілуі тиіс.
      10. АІЖК-нің нормаларында қамтамасыз ету шараларының мәселелері жөніндегі ұйғарымның көшірмесін іске қатысушы тұлғаларға беруі қарастырылмаған, алайда, АІЖК-нің 
344-бабына сәйкес, мүдделі тұлғалар қамтамасыз ету шаралары қабылданғаны туралы хабардар болғаннан кейін он күннің ішінде оған шағым бере алады.
      Тұлғаға ұйғарымның көшірмесі тапсырылған немесе оған сот орындаушысының атқару қағазын орындау жөніндегі әрекеттері белгілі болған күнді (мүлікке тыйым салу, белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу және тағы басқа) ол қамтамасыз ету шаралары қабылданғаны туралы хабардар болған күн деп түсіну керек.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 5 Нормативтік қаулысымен.
      11. Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы сот ұйғарымын орындауды дереу жүзеге асыру деп соттың ұйғарым шығарылған күні не ол шығарылған күннің ертеңінен кешіктірмей АІЖК-нің 
256-бабының үшінші бөлігінде қарастырылған әрекеттерді жасауын түсіну керек.
      Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы сот ұйғарымын және орындау туралы атқару құжатын аумақтық атқару ісін жүргізуші органнан тыс, тікелей банктерге, тіркеуші органдарға, борышкердің тыйым салуға жататын мүлкіне иелік етуші және пайдаланушы тұлғаларға немесе қамтамасыз ету шараларын іске асыру тәртібімен нақты әрекеттер жасауға міндетті тұлғаларға жіберуге жол берілмейді.
      12
. АІЖК 159-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасын қолданған кезде талапкер шарттық, деликтілік немесе борышкердің мүлкі есебінен қанағаттандырылуға жататын мүліктік сипаттағы өзгеде құқықтық қатынастардан туындайтын талаптар қойғанда ғана жауапкерге тиесілі мүлікке тыйым салу сияқты қамтамасыз ету шараларына жол беріледі.
      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 
115-бабында көрсетілген жауапкер меншік құқығымен немесе шаруашылық жүргізу құқығымен иелік ететін және пайдаланатын мүлік түрлерін жауапкерге тиесілі мүлік деп түсіну керек.
      Аталған жауапкерлердің иелігіндегі ақшаларды қоспағанда, мемлекеттік мүлікке оралымды басқару құқығымен иелік ететін және пайдаланатын мемлекеттік органға, мемлекеттік мекемеге немесе қазыналық кәсіпорынға қатысты мүлікке тыйым салу сияқты қамтамасыз ету шарасы қолданылмайды. АК 
44 922 923-баптарына сәйкес, аталған жауапкерлер келтірілген зиян үшін өздерінің иелігіндегі ақшаларымен есептеседі. Аталған жауапкерлердің иелігіндегі ақша жеткілікті болмаған жағдайда, олардың міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауапкершілік мемлекеттік қазынаға жүктеледі.
      13. Мүлікке тыйым салу сияқты қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы талапкердің өтінішін қараған кезде сот нақты заттарды немесе мүліктің түрлерін көрсетпейді, тіпті талапкер нақты заттарға тыйым салу туралы өтініш білдірсе де тыйым салынуы мүмкін мүліктің құнын белгілемейді.
      Сот ұйғарымында талапкердің мүліктік талабының мөлшері немесе талапкердің мүліктік талабының сот шешімімен қанағаттандырылған мөлшері ғана көрсетілуі керек, ал мүліктің жауапкерге (борышкерге) тиесілігін немесе оның құнын атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамалық актіде көзделген тәртіпте атқарушылық құжатты орындаған кезде сот орындаушысы белгілейді.
      14. АК 
952-бабына сәйкес, моральдық зиянның көлемін сот шешім шығарған кезде анықтайтындықтан, моральдық зиянды ақшалай өндіру туралы істер бойынша талап арызды қамтамасыз ету үшін мүлікке тыйым салу шарасын қабылдай алмайды.
      Осындай талап арызды қамтамасыз ету туралы талапкердің өтініші болған жағдайда, сот шешім шығарумен қатар немесе моральдық зиянды өтеу мөлшерін белгілеген шешім шығарғаннан кейін шешімді орындауды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шығарады. Бұл ретте, тыйым салынуға жататын мүліктің көлемі сот жауапкерден өндірген моральдық зиян сомасының мөлшерінен аспауы тиіс.
      15. Талапкер мәлімдеген мүліктік емес сипаттағы талаптардан дауланып отырған заттың немесе оның істі қарағанға дейінгі қалпының сақталуы қажеттілігі туындаған жағдайларда, сот АІЖК 
159-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында қарастырылған қамтамасыз ету шарасын қабылдауы мүмкін. Дауланып отырған заттарды иемдену, үй-жайдың құрылымын өзгерту, жер телімінің шекарасын өзгерту, авторлық құқықтар мен сабақтас құқықтардың объектілерін көбейту жөніндегі және басқа әрекеттерді жауапкердің жасауына тыйым салынуы мүмкін.
      16. АІЖК 159-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес борышкердің талапкер алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуі мақсатында сот үшінші тұлғалардың жауапкерге мүлікті беруіне немесе мүліктік сипаттағы басқа да міндеттемелерді орындауына тыйым салуға құқылы.
      Үшінші тұлғалардың іс бойынша жауапкердің алдындағы міндеттемелері жөнінде анық мәліметтер болғанда және жауапкер үшінші тұлғалардан міндеттемесін орындатқаннан кейін сот актісінің орындалуын қиындатуы немесе орындалмастай етуі мүмкін екендігіне негіз болғанда сот аталған қамтамасыз ету шарасын қабылдай алады.
      Аталған қамтамасыз ету шарасын қабылдау туралы сот ұйғарымында нақты қандай тұлғаға мүлікті беруге немесе іс бойынша жауапкер алдындағы өзге де міндеттемелерді орындауға тыйым салынатыны көрсетілуі керек. Сонымен бірге тұлғаның жауапкер алдындағы міндеттемелерінің талаптап артық көлемі АК 
272-бабына сәйкес орындала беруі үшін сот талапкер мәлімдеген материалдық-құқықтық талаптар мен тұлғаның іс бойынша жауапкердің алдындағы міндеттемелерінің көлемін ескеруі керек.
      17. АІЖК 
240-6-бабына сәйкес, талапкердің өтініші бойынша мүлікті тыйым салудан босату (тізімнен алып тастау) туралы талап арыз берілген кезде, сот АІЖК 159-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында қарастырылған қамтамасыз ету шарасын қабылдайды.
      Сот орындаушысы тыйым салудан босату туралы талап арыз берілген мүлікті сату жөніндегі атқарушылық әрекеттерді өз бетімен тоқтатпаса, қамтамасыз ету шарасы тыйым салудан босату (тізімнен алып тастау) туралы арыз берілген нақты мүлікке қолданылады.
      Егер борышкер атқарушылық құжатты орындаған кезде мүлікті тыйым салудан босату туралы талап арыз берместен, өзіне тиесілі мүлікке тыйым салу жөніндегі сот орындаушысы әрекетінің заңдылығын дауласа, онда арыз АІЖК 27-тарауында белгіленген тәртіпте қаралады. Бұл жағдайда сот АІЖК 159-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында қарастырылған сот орындаушысының тыйым салынған мүлікті өткізу жөніндегі әрекеттерді жасауына тыйым салатын қамтамасыз ету шарасын қабылдауға құқылы.
      18. АІЖК 
159-бабы 1-бөлігінің 5) тармақшасында қарастырылған қамтамасыз ету шарасын сот осы нормада көрсетілген, АІЖК 27-тарауында белгіленген тәртіпте қаралатын іс санаттары бойынша ғана қабылдайды.
      АІЖК 27-тарауында қарастырылған тәртіпте қаралатын істердің өзге де санаттары бойынша арыз болған кезде, сот АІЖК 159-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында қарастырылған қамтамасыз ету шарасын қабылдауға құқылы. Аталған қамтамасыз ету шарасы АІЖК 28-тарауында қарастырылған тәртіпте қаралатын істер бойынша қолданыла алмайды.
      19. Тұлға атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамалық актімен қарастырылған атқарушылық құжатты сот тәртібімен даулаған жағдайда сот АІЖК-нің 159-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген қамтамасыз ету шарасын қабылдайды.
      Атап айтқанда, атқарушылық құжаттардың қатарына сот бұйрықтары, атқарушылық парақтары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот қаулылары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті лауазымды тұлғалардың қаулыларын мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулылары, өз талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы прокурор қаулылары жатады.
      Сот бұйрығы АІЖК 
147 148 149-баптарында белгіленген тәртіп пен мерзімдері бұзыла отырып мәжбүрлеп орындауға жіберілсе, оны атқарушылық құжат ретінде сотта даулауға болады.
      Атқарушылық парақ АІЖК 
236-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, бірақ сот орындаушысы оны мәжбүрлеп орындатуға қабылдаса, оны атқарушылық құжат ретінде сот тәртібімен даулауға болады.
      Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша судья қаулысы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті лауазымды тұлғаның қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы судья қаулысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалық актімен қарастырылған ережелер бұзыла отырып мәжбүрлеп орындатуға жіберілсе, бұл қаулыларды атқарушылық құжат ретінде сот тәртібімен даулауға болады.
      Өз талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы прокурор қаулысына атқарушылық құжат ретінде АІЖК 27-тарауында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде шағым беруге болады.
      20. АІЖК 
159-бабының 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған, сот қабылдаған қамтамасыз ету шараларын бұзған кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 524-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл тұлғалар қамтамасыз ету шараларын бұзу арқылы талапкерге келтірілген зиянды талапкердің талап арызы бойынша өтеуге міндетті.
      21. АІЖК 
162-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сот іс бойынша қабылданған қамтамасыз ету шарасын басқа қамтамасыз ету шарасымен ауыстыруға құқылы (мысалы, мүлікке тыйым салуды жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салумен және т.б.).
      Сот осындай арыздарды сот отырысын өткізбестен және хаттама жасамастан қарайды, алайда, арызды қарау орны және уақыты туралы іске қатысушы тұлғаларға хабарланады.
      Арызды қараған кезде талапкер бұрын қабылданған қамтамасыз ету шарасы парапарлық талаптарына сәйкес келмейтіні, ал оның орнына ұсынылып отырған қамтамасыз ету шарасы АІЖК 
158-бабында көрсетілген мақсаттарға сәйкес келетіні туралы сотқа дәләлдемелер ұсынуға міндетті.
      22. АІЖК 
162-бабының екінші бөлігіне сәйкес, талапкердің қарызды ақшалай өндіріп алу туралы талабы бойынша ғана жауапкер АІЖК 159-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған сот қабылдаған талап қоюды қамтамасыз ету шараларының орнына талап етілген соманы депозиттік шотқа енгізуге құқылы.
      23. Сот талап арызды қамтамасыз ету туралы талапкердің өтінішін қанағаттандыра отырып, АІЖК 
165-бабының негізінде тек талапкердің дәлелдерін ғана емес, екі жақтың да мүдделерін ескеріп, ақылға қонымдылық пен әділдікке сүйеніп, қамтамасыз ету шараларын қабылдаудан жауапкерге келетін залалды қамтамасыз етуді талапкерден талап етуге құқылы.
      Егер талапкер қамтамасыз ету шараларын қабылдаудан жауапкерге келетін залалды қамтамасыз етпесе, онда сот қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы талапкердің арызын қанағаттандырусыз қалдыруға құқылы.
      Егер АІЖК 
158-бабында қарастырылған қамтамасыз ету шараларын қабылдауға арналған негіздер болмаса, қарсы қамтамасыз ету шарасы қолданылмайды.
      24. АІЖК 
163-бабының екінші бөлігіне сәйкес, талап (арыз) қанағаттандырылған шешім толық орындалғанға дейін сот қабылдаған қамтамасыз ету шаралары күшінде болады.
      Арыз қанағаттандырылған жағдайда қамтамасыз ету шарасы шешім заңды күшіне енгенге дейін сақталады, содан кейін жауапкердің арызы немесе соттың бастамасы бойынша қамтамасыз ету шараларын бұзу туралы ұйғарым шығарылады.
      Сот қамтамасыз ету шараларынан бас тарту туралы мәселені, оның қаралғаны жөнінде хаттама жазумен және іске қатысушы тұлғаларға хабарлаумен сот отырысында қарайды.
      25. Қамтамасыз ету шаралары рәсімдерінде шығарылған ұйғарымдардың барлық түрлеріне талапкер, жауапкер және олардың өкілдері АІЖК 
344-бабында қарастырылған тәртіппен шағым беруі, прокурор наразылық келтіруі мүмкін.
      Талап арызды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі сот ұйғарымына берілген жеке шағым (наразылық) іспен бірге апелляциялық қарауға жіберілуге жатады.
      Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы сот ұйғарымына жеке шағым беру оның орындалуын тоқтатпайды.
      Сонымен бірге талапты қамтамасыз етуді бұзу туралы сот ұйғарымына немесе қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыру туралы ұйғарымға шағым беру (наразылық келтіру) жеке шағымды (наразылықты) қарағанға дейін аталған ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрады.
      26. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.12.29
№ 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен. 
      27. Егер сот актісінің орындалуы АІЖК-нің 
396-бабында қарастырылған тәртіппен тоқтатылмаса, атқару құжаты беріле отырып шығарылған сот актісіне сот қадағалауы тәртібімен шағым беру (наразылық келтіру) атқару құжатын мәжбүрлеп орындатуды тоқтату үшін негіз бола алмайды.
      28. Мыналардың:
      1) "Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 21 
нормативтік қаулысының 13-тармағының;
      2) "Сот шешiмi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі N 5 нормативтік қаулысының 
29-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      29. Қазақстан Республикасы Конституциясының 
4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                               Қ. Мәми

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                                Ж. Бәйішев

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады
Каталог: sites -> default -> files -> u70
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
u70 -> Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу