«Көлік қызметі субъектілерін жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидаларын бекіту



Дата08.07.2018
өлшемі67 Kb.
#48517


«Көлік қызметі субъектілерін жолаушылар мен көлік

инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 816 қаулысының күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА



Р/с№

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік

органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

2018 жылғы «» «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес

3.

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Осы жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді көздемейді


4.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарының сәйкестігіне, сонымен қатар жоғарыда аталған ҚР Заңының сәйкестігіне бағытталған

5.

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

2018 жылғы « » «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес «Көлік қызметі субъектілерін жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі №816 қаулысының күші жойылды деп тану мақсатында

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Көлік қызметі субъектілерін жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 816 қаулысы

7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді

8.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Талап етілмейді

9.

Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес


10.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

Талап етілмейді

11.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі

12.

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Жоба Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында 2018 жылғы 16 сәуірде және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2018 жылғы
16 сәуірде орналастырылған, жалпы көлемі 70,81 КБ (қазақша), 627,52 КБ (орысша)

13.

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады 

Талап етілмейді

14.

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Халықаралық шарт болып табылмайды


Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

2018 жылғы «___» ___________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет