Библиографическое описание документа



бет1/2
Дата13.12.2021
өлшемі151,5 Kb.
#125893
  1   2
Байланысты:
Библиогр-описание-док.-на-каз (1)


Терминдер мен анықтамалар


  • Ақпарат: айналадағы ортадан қабылданатын (кірістік ақпараты), айналадағы ортаға берілетін (шығыстық ақпараты) немесе кейбір жүйенің ішінде сақталатын (ішкі ақпарат) мәліметтер жинағы. Білім беру құралы.

  • Библиографиялық хабарлама: библиографиялық хабарламаның негізгі қоғамдық мақсаттарын іске асыру үшін белгілі бір ережеге сәйкес құжаттар жайлы мәліметтерді жинақтауға ұйымдастырылған библиографиялық ақпарат элементі.

  • Библиографиялық ақпарат: Құжаттар туралы мәліметтерді жариялау мақсатында іздейтін, біріктіретін, талдайтын, насихаттайтын және пайдаланатын ақпарат.

  • Библиографиялық жазба: библиографиялық ақпаратты іздеу мен жариялау мақсатында оны теңестіретін/ сәйкестендіретін бағыты, қалыпы, құрамы мен мазмұнын ашатын құжат туралы мәліметтерді қамтитын библиографиялық ақпарат элементі.

  • Библиографиялық сипаттама: жалпы сипаттамаларды теңестіруге/ сәйкестендіруге арналып

бекітілген ережелер бойынша құжат туралы библиографиялық мәліметтер жиынтығы.

  • Бір сатылы (монографиялық) библиографиялық сипаттау: Бір томды басылымның библиографиялық сипаттамасы.

  • Көп сатылы (жиынтық) библиографиялық сипаттама: Бүтіндей көп томдық немесе сериялы басылымдардың библиографиялық смпаттамасы.

  • Талданған библиографиялық сипаттама: құжаттың құрамдам бөлігінің библиографиялық сипаттамасы.

  • Библиографиялау: Дәстүрлі және электрондық библиография құралдары арқылы библиографиялық

ақпаратты дайындау үдерісі.

  • Библиографиялық құрал: Міндетіне, мазмұнына немесе басқаша бір белгілеріне қарап біріккен библиографиялық жазбалар.

Библиографиялық жазба


  • Библиографиялық ақпараттың ең кең тараған түрі библиографиялық жазба. Оның құрамына библиографиялық жазбаның тақырыбы (авторы немесе мекеменің атауы) және жіктеу индексімен, пәндік айдармен, кілтті сөзбен, аннотациямен немесе рефератпен толықтырылатын библиографиялық сипаттама кіреді.

  • Библиографиялық жазбаның толықтығы библиографиялық құралдарды, дәстүрлі және электрондық каталогтарды құрастырушы – нақты библиографиялаушы мекеменің мақсаттары мен міндеттері бойынша белгіленеді.



  • Библиографиялық сипаттаманың негізгі міндеті – құжат туралы библиографиялық мәліметтерді белгіленген ереже бойынша тауып ретке келтіру.




  • Библиографиялық сипаттама құрастыру нысаны

  • библиографиялық сипаттама жасалынатын құжат, оны құрайтын бөлім немесе бір топ құжаттар.


  • Библиографиялық жазбаның негізі библиографиялық

сипаттамадан тұрады, оның құрамына мына салалар кіреді:


  • тақырып саласы және жауаптылық туралы мәлімет;

  • басылым туралы сала;

  • ерекше деректер саласы;

  • шығу деректері саласы;

  • сандық мінездеме саласы;

  • сериялар саласы;

  • ескертулер саласы;

  • стандарт нөмірі саласы (немесе оның баламасы) және қолжетімдік шарттары.


  • Сипаттау саласы міндетті және факультативті (құжат жайлы қосымша мәліметтер) болып бөлінетін элементтерден тұрады.Сипаттау саласына жататын элементтер, олар міндетті және факультативті(құжат жайлы қосымша мәліметтер) болып бөлінеді.




  • Библиографиялық сипаттаманың міндетті элементі құжаттың теңестіруін/ сәйкестендіруін қамтамасыз ететін және жеткілікті мәліметтері бар библиографиялық сипаттаманың элементі. Оларды кез-келген сипаттамада келтіреді:

  • бірінші жауаптылық туралы мәліметтер барлық салада (тақырып саласы және жауаптылық туралы мәлімет, басылым туралы сала, сериялар саласы);

    • басылым туралы қосымша мәліметтер;

    • баспагер, таратушының атауы және т.б.;

    • серия және серия астының негізгі тақырыбы;

    • осы серияға немесе серия астына берілген (ISSN) сериялы басылымның халықаралық стандарт

нөмірі;

  • серия немесе серия астының шығу нөмірі;

  • белгіленген құжат түрлерін сипаттаудағы жеке ескертулер (электрондық ресурстарды сипаттауда негізгі тақырыптың деректемелері туралы, жүйелі талаптар туралы).




  • МЕСТ (ГОСТ) 7.1-2003 Құжат туралы қосымша хабар беретін факультативтік элементтерді өз бетімен қолдануды анықтауға мүмкіндік береді.

  • Факультативтік элементтерді төрт бұрышты жақша ішіне алады:


Еуропа мемлекеттері [Карталар]

Библейские сюжеты [Электронный ресурс] : коллекция Эрмитажа


  • Библиографиялық сипаттамада ереше көңіл аударылатын нәрсе, ол екі қызметті атқаратын – грамматикалық тыныс белгілері және олардың белгілейтін тыныс белгілерін, таңбалар, олар библиографиялық сипаттаманың элементтері мен салаларын анықтайды. Белгіленген тыныс белгілері (шартты айырым белгілері) сипаттауда түрлі тілдердегі жекелеген элементтерді айыруға көмектеседі дәстүрлі шығу формасындағы және машина оқитын каталогтардағы- жазылымдағы, баспа карточкалардағы, библиографиялық көрсеткіштердегі, тізімдердегі, компьютердің монитор экранындағы және т. б. Белгіленген тыныс белгілері элементтер мен салалардан бұрын не олардың соңында қойылады. Олардың қолданысы тіл нормаларына байланыссыз.



  • Библиографиялық сипаттамада тыныс белгілері мен математикалық белгілерге ерекше

назар аударылады. Олар:


  • . – нүкте және сызықша;

  • . нүкте;

  • , үтір;

  • : қос нүкте;

  • ; нүкте үтірмен;

  • көп нүкте;

  • / қисық сызық;

  • // екі қисық сызықтар;

  • ( ) дөңгелек жақша;

  • [ төрт бұрышты жақша;

+ қосу белгісі;

= теңдік белгісі.




  • Библиографиялық сипаттамада біріншіден басқа, сипаттаудың

әр саласының алдына нүкте мен сызықша (. ) қойылады.

  • Әр саланы және элементтерді бөлу үшін және белгіленген грамматикалық тыныс белгілерін айырып отыру мақсатында, шартты белгінің алдынан не соңынан бір баспа белгілік бос орын қалдырып отыру қажет.

  • Нүкте мен үтірден кейін ғана бос орын қалдырылады.



    • Библиографиялық сипаттаманың соңына НҮКТЕ қойылады.




  • Қорытпалар балқытудың технологиялық процестері және құюдың жаңа тәсілдері : оқулық / А. М. Ғазалиев [және т. б.]. Қарағанды : ҚарМТУ баспасы, 2012. 424 б. (Техникалық ғылымдар және технологиялар сериясы) (Жоғары оқу орындарына арналған оқулық). ISBN 9786012962468 : 3800.00 тг.


  • Талданған библиографиялық сипаттама талданған библиографиялық жазбаның негізгі элементі болып табылады. Оған мыналар кіреді:

  • құжаттың құрамды бөлігін теңестіру/ сәйкестендіру туралы мәліметтер;

  • жалғастырушы элемент;

  • теңестірілген/ сәйкестендірілген құжат туралы мәліметтер;

  • құжаттағы құрамды бөлігінің тұрған орны туралы

мәліметтер;

  • ескертпе.



  • Басылымның құрамдас

бөлігі

туралы

мәліметтерді,

мемлекеттік стандарттың

ГОСТ

7.1-2003,

5 тарауымен

Бірсатылы библиографиялық сипаттамаға сәйкес келтіреді. Құрамдас бөлігіне : дербес туынды; дербес тақырыбы бар туындының бөлігі, дербес тақырыбы жоқ, бірақ библиографиялық теңестіру/ сәйкестендіру мақсатында белгіленген туындының бөлігі кіреді.

  • Егер құрамдас бөлікте бір, екі немесе үш автор болса, онда бас тақырыпта бір авторды, ал бәрін, яғни бірінші, екінші, үшіншіні жауапкершілік туралы мәліметтерде көрсетеді. Егер автор біреу болса,онда жауапкершілік туралы мәліметтерде қайталамауға рұқсат етіледі.



  • Жауаптылық туралы мәліметтерде төрт және бірнеше авторлар және (немесе) ұйымдар туралы ақпараттар болса, әр топтан біреуін ғана көрсетіп, басқаларын төрт бұрышты жақшаның ішінде «және тағы басқалар» [және т. б.]. деп қысқартып көрсетеді.



  • Құжаттың құрамдас бөлігін теңестіру/ сәйкестендіру туралы мәліметтердің библиографиялық сипаттамасы, яғни құрамас бөлігінде орналасқан құжат туралы мәліметтер оның түріне байланысты болады: монография, жинақ, журнал, газет.

  • Басылым туралы мәлімет библиографиялық мекеменің дайындаған құжатында берілген басылым ерекшеліктерін көрсететін мәліметтер.


  • Құжатты теңестіру/ сәйкестендіру туралы мәліметтерді сипаттауда міндетті түрде бірінші жауаптылық туралы мәліметтерді келтіреді. Кейінгі жауаптылық туралы мәліметтерді, егер олар құжатты теңестіру/ сәйкестендіру үшін қажет болғанда ғана келтіреді.

  • Басылым туралы мәліметтер теңестіру/ сәйкестендіру құжатының сипаттамасына қосу үшін қажет. Басылым туралы қатарлас мәліметтер, басылымға қатысты жауаптылық туралы мәліметтер, басылым туралы қосымша мәліметтер түсірілуі мүмкін.




  • Шығу деректері саласында басылымның шыққан жері және жылы көрсетіледі. Егер мерзімді басылымдардағы мақала сипатталса, онда шыққан жері көрсетілмейді. Ерекше жағдайларда, егер әр аймақта шығарылған, мысалы журналдар бірдей атаумен аталса, онда құжатты теңестендіру/ сәйкестендіру мақсатында оның шыққан жері көрсетіледі.

  • Теңестірілген/ сәйкестендірілген құжаттың көлемі туралы мәліметтер талданған сипаттамада келтірілмейді. Құрамдас бөліктің тұрған жері теңестірілген/ сәйкестендірілген құжатта көрсетіледі. Мысалы: 17-18 б.




  • Егер құрамдас бөлік көп томдық құжаттың томында, шығарылымында орналасса, онда құжаттың теңестірілген/ сәйкестендірілген саласы мен элементтері МЕСТ (ГОСТ) 7.1 – 2003. 6 тарау. Көп сатылы библиографиялық сипаттама бойынша келтіріледі.

  • Келесі элементтер үшін ерекше реттілік белгіленген: басылымның шыққан жері; шыққан уақыты; томның, шығарылымның, нөмірдің белгісі (Т., Шығ., №) және оның реттік нөмірі; томның, шығарылымның, нөмірдің жеке тақырыпшасы (факультативтік элемент түсірілуі мүмкін); құрамдас бөлік орналасқан бет.

  • Сипаттамада томның, шығарылымның, нөмірдің жеке тақырыпшасы қос нүктеден кейін көрсетіледі (Шығ. 1 : Көне заман).




  • Егер құрамдас бөлік журнал, газет нөмірілерінде орналасса, онда құжаттың теңестірілген/ сәйкестендірілген саласы мен элементтері МЕСТ (ГОСТ) 7.1 – 2003. 6.3 тарау. Сериалы және басқа да жалғастырушы ресурстардың библиографиялық сипаттамасы бойынша келтіріледі. Келесі элементтер үшін ерекше реттілік белгіленген: басылымның шыққан уақыты; томның, шығарылымның, нөмірдің белгісі және оның реттік нөмірі (журналдар үшін); күні және айы (газет және аптасына бір айдан кем емес шығарылатын басқа да басылымдар үшін); томның, шығарылымның, нөмірдің жеке тақырыпшасы (факультативтік элемент түсірілуі мүмкін); құрамдас бөлік орналасқан бет (көлемі сегіз және одан кем беттен тұратын газеттен басқа).


  • Егер құрамдас бөлік көп томдық немесе сериялы (мерзімді басылымдық) құжаттың екі немесе одан да көп томдарында (шығарылымында, нөмірінде) орналасса, онда оның әр томдағы (шығарылымдағы, нөмірдегі) тұрған жері нүктелі үтірмен бөлінеді.

  • (// Саясат. - 2. 11–45 б. ; 3. 140–150 б.).



  • Аймаутов Ж. О поэзии Магжана Жумабаева : доклад, прочитанный перед студентами Ташкентского университета в 1923 г. / пер. с каз. : О. Жанайдаров // Нива. 2014. 5. С. 108–120.

Библиографиялық жазба үлгілері





  • МЕСТ (ГОСТ) 7.80–2000 Библиографиялық жазба. Тақырыпша. Құрастырудың ережесі мен жалпы талаптары.

  • Общие требования и правила составления.




  • МЕСТ (ГОСТ)7.1–2003 Библиографиялық жазба. Тақырыпша. Құрастырудың ережесі мен жалпы талаптары.




  • МЕСТ (ГОСТ) 7.82–2001 Библиографиялық жазба. Электрондық ресурстардың библиографиялық сипаттамасы. Құрастырудың ережесі мен жалпы талаптары.

  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет