2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны



бет47/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

2. Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны
Меншік бұл мүлік те емес, зат та емес, бұл белгілі бір экономикалық қатынас. Экономикалық мағынада меншік қатынастары – бұл белгілі бір материалдық игіліктердің бір тұлғаларға тиісті және басқа тұлғалардан бөлек болуы жөнінде адамдар арасындағы қатынастар. Меншік қатынастары меншік құқығымен және өзге де заттық құқықтармен рәсімделеді.
Объективті мағынада меншік құқығы – бұл материалдық игіліктердің нақты тұлғаларға тиістілік жағдайын реттейтін және қорғайтын азаматтық-құқықтық нормалардың жиынтығы (меншік құқығы институты).
Субъективті мағынада меншік құқығы дегеніміз заң актілерімен танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы (АК 188-б. 1-т.). Меншік құқығының мазмұнын иелену пайдалану және билік ету құқықтары құрайды.
Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамсыз ету (АК 188-б. 2-т.). Иелену заңды және заңсыз болады. Заңсыз иелену адал және адал емес болып бөлінеді. Затты заңды иелену титулды деп аталады.
Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарда болуы мүмкін.
Билік ету құқығы дегеніміз мүлікке қатысты заңды актілер жасау жолымен мүліктің заң жүзінде тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі (АК 188-б. 2-т.). Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету өз өкілеттіктерін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше билік етуге құқылы (АК 188-б. 2-т.).
Мұнымен қоса меншік иесі, жалпы ереже бойынша, мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығын (АК 189-бап) және мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупін көтереді (АК 190-бап).
Меншік құқығы мерзімсіз және тікелей заңға сүйенеді. Меншік құқығы кез келген үшінші тұлғалардың тарапынан бұзылудан қорғалған (абсолютті қорғау).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет