2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Міндеттемені орындау мерзімі және орны



бет64/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

7. Міндеттемені орындау мерзімі және орны
Міндеттеме белгіленген мерзімде орындалуы қажет. Орындау мерзімі нақты анықталған міндеттемелер және орындалу мерзімі талап ету сәтімен анықталатын міндеттемелер ажыратылады. Орындалу мерзімі нақты анықталған міндеттемелер міндеттемені орындау күнін немесе уақыт кезеңін белгілейді немесе анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай міндеттемелер сол күні немесе тиісті уақыт кезеңі ішінде кез келген сәтте орындалуы қажет (АК 277-бап).
Міндеттемеде ол орындалатын мерзім көзделмесе және бұл мерзімді анықтауға мүмкіндік беретін шарттар болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан ақылға қонымды мерзімде орындалуы тиіс. Ақылға қонымды мерзім ретінде міндеттемемен көзделген әрекеттерді жасау үшін қажетті уақыт кезеңі түсініледі. Ақылға қонымды мерзімде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзімі талап ету кезімен белгіленетін міндеттемені, егер заңдардан, міндеттеме шарттарынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеме басқа мерзімде орындау міндетті туындамаса, борышқор несие беруші оның орындалуы талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімде орындауға міндетті(АК 277-б.2-т.).
Егер заңдарда немесе міндеттеме шартарында өзгеше көзделмесе, және оның мәнінен туындамаса, борышқор міндеттемені мерзіміне дейін орындауға құқылы. Кәсіпкерлік қызметке байланысты міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға міндеттемені мерзіміне дейін орындау мүмкіндігі заңдарда немесе міндеттеме шарттарында көзделген, не іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеме мәнінен туындаған реттерде ғана жол беріледі(АК 279-бап).
Міндеттемені белгіленген мерзімде орындамау мерзімді өткізіп алу деп аталады, міндеттемені бұзушылық пайда болады. Мерзімді өткізіп алуға несие беруші де борышқор да жол беруі мүмкін. Борышқордың мерзімді өткізіп алуы, оған осы арқылы несие берушіге келтірілген залалдарды өтеу міндетін жүктейді. Егер борышқордың мерзімді өткізіп алу салдарынан міндеттемені орындау несие берушіге керексіз болып қалса, ол міндеттемені орындауды қабылдаудан бас тартып, залалды өтеуді талап ете алады (АК 365-б. 2-т.). Егер міндеттеме несие берушінің мерзімді өткізіп алу салдарынан орындала алмаса, онда борышқор мерзімді өткізіп алды деп есептелмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет