Ғылыми жобаның тақырыбы:«Әлеуметтік желідегі сауатсыздықтың алдын алу»
Мақсаты:
Әлеуметтік желі -жастар мәдениетін дамытатын құралға айналуына байланысты сауатты жазуға бағыттап, соның ішінде орфографиялық және пунктуациялық қателердің алдын алуда жұмыстану;
Жобаны зерттеу барысындағы ғылыми болжам:
-Әлеуметтік желіде сауатсыздық орын алып, үйреншікті дағдыға айналып бара жатқандығы;
-Ересектерге түгелей отбасы мүшелеріне сауатты жазуды насихаттау қажеттілігі;
-Жастардың қатесіз бұралқы сөздерсіз сауатты жазуға қызығушылықтарын ояту;
-Арнайы коммуникациялық және қауіпсіздік органдардан тексеруден өткізіп отыру қажеттілігі;
Күтілетін нәтиже:
-Өзімнің мектебімдегі оқушылар мен ұстаздардан сұхбат алып, сауалнама жүргізу арқылы мәселенің қаншалықты тереңде екенін анықтау;
Әлеуметтік желідегі сауатсыздықты зерттей отырып,ғалымдарымыздың ғылыми зерттеу, мақалаларын негізге ала отырып, қоғам назарын аудару;
-Зерттеу қортындысы бойынша БАҚ бетіне мақала жариялап,жас ұрпақты сауаттылыққа баулу;
Зерттеу әдістері :
-Эксперимент жүргізу
-байқау өткізу;
-Сауалнама;
-Әңгімелесу;
-Сұхбат алу
-Әлеуметтік желідегі тіл білімі саласындағы тілші ғалымдардың ғылыми жұмыстарымен танысу;
«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»
А.Байтұрсынов
І. Кіріспе
1.1. Әлеуметтік желілердегі сауатсыздық мәселесі
Мен өзімнің ғылыми жұмысымды «Әлеуметтік желілердегі сауатсыздықтың алдын алу» тақырыбында таңдап алдым. Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім, ұстаздар мен оқушылар арасында да көп айтылуда. Мені де осы сұрақ қатты толғандырды. Өйткені, сауатсыздық – қоғамдағы ең өзекті, ерекше назар аударар түйткілді мәселе. Ғаламтордағы тіл бұзарлықтың алдын алу үшін не істеу керек?- деген секілді сұрақтарға жауап іздеп, өз жұмысымды бастап кеттім. Енді сол зерттеулеріме тоқталайын.
«Вконтакте», «WhatsАpp» әлеуметтік желілерінде жастар белсенді әрі көп отыратыны анық. Өйткені, қазір әрі арзан, әрі сапалы өнімге ұмтылған тұста әлеуметтік желі сұранысты қанағаттандырып отыр. Желілердің белсенділігі артқанымен, жазу және сөйлесу тілі өте төмен деңгейде. Алғаш смартфондар пайда болып, қолданысқа енген кезде «қазақ әріптері» болмаған соң, кириллицианың икемін келтіріп немесе латын әріптерімен қазақша мағынасында жазып жүрдік. Бұл амалдың жоқтығынан орын алды. Алайда, уақыт өте келе өз тіліміз, өз әріптеріміз сөйлесуге енгеннен кейін, ойымызды толыққанды жеткізуге және дұрыс жазуға қол жеткіздік. Дегенмен қазақ тіліндегі жастардың сөйлесу тілі мәз емес.
– Слм!
– Каксын?
– нестеп
– Жай жатқан
-Өз?
Диалогтан байқап отырғаныңыздай, бұл – тілге деген құрметсіздік. Қазақ тілінің грамматикасында орфография және орфоэпия деген өзіндік заңдылығы бар. Орфография – сөздерді дұрыс жазу заңдылығы болса, орфоэпия – дұрыс оқу деген сөз. Әлеуметтік желіде екі теория бойынша да дұрыс жұмыс жасай алмаймыз. Тіпті бір-бірімен алмастырып жатамыз. Одан бөлек пунктуация да бар. Ол – емле дұрыстығы. Қай жерде үтір, қай жерде нүкте болу керек деген мәселелерді қарастырады. Әлеуметтік желіде отыратын көзі ашық, көкірегі ояу, сауатты жастар. Дей тұрғанмен дәл сөйлесуге, жазуға келген кезде олардың 5-сыныптан басталатын қазақ тілі білімі жетпей қалатын секілді. Жоғарыдағы диалогтың дұрысы:
– Сәлем!
– Қалайсың?
– Не істеп жатырсың немесе не істеп?
– Жай жатқан (жатырмын). Өзің?
Қарапайым диалог болса да, дұрыс жазылғаны сауаттылығымыздан хабар береді. Бір құмалақ бір қарын майды шірітерін ескерсек, қарапайым хат алмасудан беделіміз түсуі әбден мүмкін. Тілдің мерейін көтеру үшін атой салып, ерлік жасап немесе дау шығарудың қажеті жоқ. Өзімізден бастау керекпіз. Қарсы беттегі адамның қателігін бетіне басудың да қажеті жоқ. Өзіміз дұрыс және толық жауап жазып үйренуіміз керек. Сонда екінші жақтағы сөйлесуші адам бір күні өзі-ақ дұрыс жазуға үйренеді. Бұл қазақ тілін көркейтуге қосқан зор үлесіміз деп түсінуіміз керек. Кез келген нәрсе қарапайым әрекеттен басталады. Кейде мән бермейтін жағдайлар үлкен мәселенің тууына себеп болады. Жастар дәл осы қалпында қалыптасса, ертең қоғамға арнап жазуға тура келгенде сауатсыздық белең алады.
.
ІІ. Теориялық бөлім
2.1. Әлеуметтік желі - бұл тек адамдарды бір-бірімен байланыстыратын веб-сайт қана емес, сонымен қатар жастар мәдениетін дамытатын құрал.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандық жастарды әлеуметтік желілерде көп отырмауға шақырды. Президенттің айтуынша, нағыз досты ғаламтордан іздеп, әуре болудың қажеті жоқ. «Твиттерде» немесе басқа да әлеуметтік желілерде отырып, уақыттарыңды босқа ысырап етпеңдер. Ең дұрысы өз араларыңда көп әңгіме-дүкен құрыңдар. Өйткені, нағыз дос ғаламторда емес, жаныңда жүргенін ұмытпа. Бүгінгі қоғамда адамдарды кітап оқитындар мен компьютерде отырып, уақыт өткізетіндер деп екі топқа бөлуге болады. Компьютерде отыратындар өмір бойы кітап оқитындарға қызмет етіп өтеді», - деді Н.Назарбаев. [2. Б. 6]
Әлеуметтік желі - бұл тек адамдарды бір-бірімен байланыстыратын веб-сайт қана емес, сонымен қатар жастар мәдениетін дамытатын құрал. Әлеуметтік желіде байланыс жасау үшін әрине бізге ең алдымен интернет керек. Ал интернетке қосылу дегеніміз — басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз.
Ұлыбританияның зерттеу компаниясының мәлімдеуінше, бүкіл әлемде әлеуметтік желі қолданатын азаматтардың 47 пайызы оған ұялы телефон арқылы кіреді. Қазір кез келген ұялы телефонда әлеуметтік желілерге қосылу үшін қосымша бағдарламалар орнатылатын болды. Ал интернеттегі әлеуметтік желілердің қолданушыларының орта жасы 7-ден 48-ге дейін болып отыр.
Әлеуметтік желі тақырыбы түрлі ғылым салаларын ойландырып отыр десек қателеспейміз. Әлеуметтік желі және ондағы қауіпсіздік мәселелері дәрігер мамандарын да алаңдатады. Миға, көзге әсері жайында талқыланады. Психологтар психология тұрғысынан, дінтанушылар дін тұрғысынан, әлеуметтанушылар отбасыға әсерін өз көзқарас тұрғысынан қарастырады. Әр зерттеуші олардың пайдасы мен зиян жақтарын саралап, мәселенің шешу механизмдерін ұсынады. Мен де өз шама шарқымша болашақ тіл маманы ретінде осы мәселені қарастырып, шешімін табуға тырыстым.
Оқушылар қазіргі таңда көркем шығарманы аз оқиды деген тұжырымдар ұстаздар қауымын алаңдататын проблемалар. «Көбі ауызекі тілде қолданылатын сөздермен сөйлейді. Әдеби тілді білмейді, сөздердің айтылу ережесін сақтамайды. Мектеп оқушыларының тілі шұбар, сөздік қоры жұтаң, – деп дабыл қағады ұстаздар. [6] Ал филолог мамандардың негізгі міндеті – тілдегі жаргонды жою және тіл мәдениетін сақтауға ат салысу.
Қазір жасөспірімдер жаргон сөздерді көп қолданады әрі бір тілде таза сөйлей алмайды. Орыс тілінде сөйлесе қазақ сөздерін, ал қазақ тілінде сөйлесе керісінше орыс сөздерін араластырады.
Қарапайым ғана мысал ретінде төмендегі диалогты келтіріп көрейік.
I-түрі
- Сәлем досым, хал қалай?
- Шүкір жақсы, өзің қалайсың?
- Бүгінгі кешке дайындығың қалай?
- Ата-анам жұмыстан келгесін баратын болдым.
-Жарайды, ендеше кешікпе, күтеміз!
- Кездескенше!
II- түрі
- Салам кент каксын
- тема озин
-тема гой че там кешке неистейсин келесинба
- проблема кеш барам
- дывай кешикпе ждем
Зейін салып саралап қарасақ, диалог жасаушы екі адамның сауаттылығы мен мәдениет деңгейін байқай аламыз. Сіздің ойыңызша қай сөйлесушілердің қарым қатынасқа түсуі көңіл толтырады? Әрине, бірінші. Неге дейсіздер ғой, себебі, көзге тартымды, ықыласпен жауап бергің келіп тұрады. Тыныс белгісі қойылған, түсінікті.
Сонымен әлеуметтік желі пайдаланушылардың мәдениеті арқылы біз жалпы қазақ жастарының мәдениетін көре аламыз. Әсіресе mail.ru, контакт сайтында көп отыратын жастар интернеттің неге керек, мәні неде екенін саналы түрде ұғынуы тиіс. Ал ғаламторды дұрыс пайдалана білу, ол - үлкен білім көзі.
Жастардың сөздік қорында әдеби тілмен сөйлейтін адамға түсініксіз сөздер мен сөйлемдер көп. Олар сленг сөздерін ауызекі тілде ғана қолданбай, әлеуметтік желілерге де енгізіп жатыр. Жастардың жазбаша «жаңа тілі» мен әлеуметтік желілердегі постарында қаптап жүрген қателерге тіл маманы ретінде алаңдаймын.
Мектеп оқушылары жиі қолданатын орысша жаргон сөздер: кореш (дос), кент (сәнқой жігіт), мареха (қыз бала), нарик (наркоман), кладовка (сөз тасушы), тыркаться (сенделіп бос жүру), ботать (сәнді жаргон тілінде сөйлеу), чайники (әке-шеше). Тілдің көркемдік стилі жоғалып барады. Ал кейбіреулер тіл тазалығына қатысты «әлеуметтік желілердегі сленг сөздердің тілімізге енуі заңдылық, тіл пайда болған әлеуметтік құбылыстарға үнемі бейімделіп отырады, бірақ жаңа сөздердің бәрі бірдей қолданысқа ене бермейді» деген уәж айтады.
«Балалар көбінесе интернет пен телефон арқылы сөйлеседі. Әлем классиктерінің шығармаларын білмейді. Соның кесірінен балалар орфография мен жалпы грамматиканы нашар меңгереді» деген пікір кәсіби қазақ тілі жойылып кету қауіпін тудырады. Өйткені әлеуметтік желілер адамды мәдениетті сөйлеу ғана емес, мәдениетті ойлау мүмкіндігінен де айырады. Бұл әсіресе оқушылардың шығарма, диктант жазған сәтінде байқалады.
Жазушы Ә. Әбішев бұл туралы былай дейді: «Жастар ізденбейді, ағаларын оқымайды, олар қазақ әдебиетін оқымайды... Жастар сөйлемді әдейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің белгісі түсініксіз жазу деп ойлайды... Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-техникалық прогрестің де әсері бар", - дейді. [10. Б.1 ]
Иә, расымен қазіргі заманның сәні мен әніне айналған әлеуметтік желі біз үшін қаншалықты қажет, сауаттылық, тіл тазалығы мәселелері қаншалықты шешімін тауып жүр?
Кезінде ең бай, оралымды тіл деп бағаланған қазақ тілі замана ағымымен бірге жүріп, байырғы белгі-таңбаларынан нені сақтап, нені жоғалтты деген сауалдарға жауап іздеп, дәстүрлік пен даралықтың ара қатынасын, өткен мен бүгінгі арасындағы жанды байланысты зерделеу бұл қазақ деп соққан жүрегі бар әрбір азамат үшін міндет деп ойлаймын. Заманауи деп танылған интернет торабының қазақ тілінің тазалығын сақтаудағы әсері мен ықпалы қандай деген мәселелер толғандыруы тиіс.
Түрлі әлеуметтік желілер жасөспірімдердің психологиясына кері әсер етеді. Бір-бірімізбен ауызша сөйлесуді ұмыттық. Twitter, Facebook, «Агент», «ВКонтакте», «WhatsApp» сияқты әлеуметтік желілерінде сағаттап отырамыз. Бұрындары адамдар әңгімелесу үшін бір-бірімен кездесетін. Ер жігіт қызбен танысқысы келсе, көшеде танысып, серуендеуге шақыратын, киноға, театрға апаратын. Ал бүгінгі күні жастар қалай танысады? Таныс емес адамдарды, әлеуметтік желідегі парақшасына қосып танысады.
Интернеттің пайда болуымен және таралуымен барлығы өзгере бастады. Достарыңмен тілдесу виртуалды әлемге көше бастады. Бұл дұрыс па, бұрыс па, әркім өзі шешеді. Соңғы кездері адамдар бетпе-бет кездесуден гөрі әлеуметтік желілерде тілдесуді қалайды.
Осы жөнінде қазақстандық блоггер, журналист Өркен Кенжебектің: — «Әлеуметтік желілер адами қарым-қатынастардың жаңа мәдениетін қалыптастырды. Сезіміңді білдіргің келсе, смайлик жіберу, өмірі көрмеген, өзіңнен 10 мың шақырым қашықтағы адамды дос санау, виртуалды махаббат құру, — бәрі-бәрі қазір болып жатыр. Адамдар арасындағы интимді шекараның сызығы өшіріліп, құпия жария болды, жариясы бүкіл жаһанға таралатын болды, мұны тіпті әлеуметтік желінің артықшылығы дегім келсе де, кемшілігі секілді көрінеді де тұрады. Сондай-ақ, «Facebook»-те 2000 досы бар саналғанмен, өмірде шын бір досы жоқ адам-аккаунттар пайда болды. Бұл да әлеуметтік желі әкелген қасірет» деген пікірі өте орынды.
Әлеуметтік желі проблемасы жұмыскерлерге де кесірін тигізеді. Жұмыскерлер жұмыс уақытында сол сайттарды жұмыс үшін емес, адамдармен араласу үшін қолданады. Бұл сол мекеменің тағдырына балта шабуы мүмкін.
Әлеуметтік желідегі қарым қатынаста сөздердің әріптерін тастап кету немесе ретсіз қысқарту, төл «ң, ө, ү, ұ, і, ә» дыбыстарымызды қолданбау, мағынасыз хмммм, мммм деген сияқтыларды жиі жазып, тірі сөздердің орнына смайликтерді жіберу әдетке айналғандай. Мұндай олқылықтардың ана тіліміздің дамуына, тіпті ана тіліміздің өз бойындағы табиғатын сақтап қалуына да зияны орасан зор болмақ. Демек, тіл мәселесі ғылым мен техника қарыштап дамыған мына заманда бірінші кезекте тұруы тиіс.
Әлеуметтанушылардың пікірі бойынша «Әлеуметтік желінің» өмірімізге кері әсерлері төмендегідей сараланыпты.
1. Уақытты жоғалту. Өмірдегі ең құнды дүние - уақыт. Ол ешқашан кері оралмайды. Ал «әлеуметтік желі гүлдері» сол баға жетпес сәттерді бос әңгімеге жұмсауда;
2. Шын өмірден алшақтау;
3. Шындыққа жанаспайтын ақпараттардың тез тарауы, т.б.
Бұл тек бізге көрінетіндері ғана. Шын мәнінде, әлеуметтік желілердің «сырлы зияндары» анағұрлым тереңірек екені белгілі.
Сол сияқты қазіргі кездегі компьютерлік, интернет клубтар жастар үшін спорт секцияларын, басқа да денсаулыққа пайдалы шараларды, тіпті таза ауадағы жай қыдыруды да ауыстыра алмайды. Ал компьютерлік ойындарға, интернетке деген аса қызығушылық, одан туындайтын тәуелділік материалдық шығындарды айтпағанның өзінде, басқа да орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.
Әр дәуір мен заманның адам баласының алдына қояр талаптары айырықша екені белгілі. Ал ХХІ ғасыр ағымының қайсы бағыттары мен салаларын алсақ та, даму мен жаңғыруда келе жатқанын анық аңғара аламыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады»,- деп алдағы жолымызды айқын болжап берген еді. Соның бірі ақпараттық технологияның, оның ішінде интернеттің атап айтқанда әлеуметтік желілер дамудың даңғыл жолына түсіп отырғаны ешқандай да дәлелдеуді қажет етпейді. Бүгінгі күні әлеуметтік желілер интернет тұтынушыларының ажырамас сенімді серігіне айналғандай. Әсіресе, мектеп оқушылары мен одан кейінгі бозбалалар мен бойжеткендер желіден бас алмайтын жағдайға жеткені жасырын емес. «Таяқтың екі ұшы бар» бар дегендей әлеуметтік желінің пайдалы және зиянды жақтары бар екенін көп жағдайда қаперімізге ала бермейміз.
Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу және жазу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту және қатесіз жазу нормасы. Техниканың өркендеген заманында әлеуметтік желілердің тіл мәдениетін дамытудағы әсері қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттелуі тиіс. [2. Б. 6]
«Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Егер әр бір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт» - деп тұжырымдайды М.Балақаев. [9. Б. 1] Бұл әрине ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа түсушілерге тікелей қатысты.
Әлеуметтік желілердегі тіл мәдениетін сақтау үшін елімізде ең алдымен:
1. Ақпараттық мәдениет жайында кеңінен мәліметтер, жұмыстар жүргізіліп, кеңінен насихатталса;
2.Тілдің маңызы, оның қолданылуы жөнінде әлеуметтік желілерде талқыланып, тіл тазалығы, сауатты жазуға үндеген жарнамалар, патриоттық сезімдерін арттыратын суреттер жиі берілсе;
3.Адамдар бір-біріне қарап түзеледі, міне сондықтан жастарға әсер ететін қоғам қайраткері тек пиар жасауға берілмей, игі істерді атқаруға ат салысса;
4. Әрбір әлеуметтік желіні пайдаланушы тұлға тіл мәселесіне бей-жай қарамай, сауатты жазуға талпынса, ықылас танытса.
Жоғарыда аталған ұсыныстар нақты дәрежеде іске асқан жағдайда, әлеуметтік желіде сауаттылық, жауапкершілік, төл дыбыстарды қолданып, тыныс белгіні дұрыс қойып жүрсе, айтылатын ой нақты болады және қазақ тілі шұбарланбас еді деп сенемін! Ал мектеп қабырғасында оқып жатқан оқушылар да диктантты жазуда еріксіз қате жазбас еді, шығарма жазғанда сөздік қоры артар еді деп ойлаймын! Ол үшін әрине әлеуметтік желіде ақпараттарды саралау үшін белгілі бір дәрежеде білім және мәдениет керек!
Сонымен қорыта айтқанда, әрине әлеуметтік желі арқылы ақпарат алуға, ұнағаныңа лайк басуға, қосымша қызығушылықтарды арттыруға болады, десек те Байтұрсынов айтқан тіл тазалығын сақтау, бейпіл, жаргон сөздерді пайдаланбау біздің патриоттығымыз бен сауаттылығымызды арттырады. Бұл қазақ деп соққан жүрегі бар әрбір азаматты толғандыруы керек деп ойлаймын. Егер дер кезінде алдын алмасақ кейін еріксіз түрде қолданып, ғасырлық дертке айналуы мүмкін! [3. Б. 8]
2.2. Әлеуметтік желілердегі жаргондар мен сленгтер
Бүгінде ғаламторды, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдаланбайтын жан тым сирек. Әрине, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын ғаламтордың игілігі жетерлік. Бірақ оның қоғамға тигізер кері әсерлері де жоқ емес. Әсіресе, қазақ тілінің тілдік нормаларын бұзып бара жатқаны жанға батады. Әлеуметтік желілердегі қате сөздер мен орашолақ сөйлемдердің тасқынын ауыздықтау қолдан келмей отырған тәрізді.
Бүгінгі күннің сәніне айналған әлеуметтік желі біз үшін қаншалықты қажет? Сауаттылық, тіл тазалығы мәселелері қаншалықты шешімін тауып жүр? Ең бай, оралымды тіл деп бағаланған қазақ тілі заман ағымымен бірге лайланып бара жатқан жоқ па? Жасыратыны жоқ, заманауи деп танылған интернет торабының қазақ тілінің тазалығын сақтаудағы кері әсері көбейді. Жастардың ғаламтордағы жазбаларында немесе бір-бірімен хат алмасқанда пайдаланатын түрлі жаргон сөздер, оған қоса бір сөйлемде қолданылатын бірнеше тілдегі сөздер сәнге айналып барады. Мәселен, «базар жоқ», «құлақтан тепті», «қораға кірді», «лақтырып кетті», «сындырды» деген сарындағы сәнге айналған сөздерге жастар қауымы тым құмартып алған. Бұл көшенің сөздерін бүгін ғаламторда пайдаланған жас буын ертең сөйлегенде де қолданады. Ал түрлі чаттардағы хаттар, ғаламтордағы сайттар, теледидардағы мәнсіз бағдарламалар, әлеуметтік желілердегі жеңіл әңгімелер арқылы жастардың сөздік қорына енген мұндай сөздер қазақтың тілін, сөйлеу мәдениетін жоғалтпасына кім кепіл?! Ғабит Мүсіреповтің «Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады» деген аталы сөзі бар. Бұған қарап, «бүгінгі қазақ жастарының бәрі өз тілімізге өгей болғаны ма?» деген сауал пайда болады. Сұрақтың туындауы да заңды. Өйткені жастардың бүгінгі сөйлеу тілімен біз жақсы таныспыз. [11. Б. 1]
Қазақ тілінің бай сөздік қорындағы сөздерді аздық ететін жас буын өкілдері тілді шұбарландырып, орысша сөздер мен жаргондарды қосып сөйлеуді әдетке айналдырғалы қашан. Белгілі бір ортада ғана қолданылатын жаргондар қазақ лексиконына еніп бара жатқан тәрізді. Таңның атысы, күннің батысы әлеуметтік желіде отыратын жастар ұзақ жазуға еріне ме, әлде мұның өзге себебі бар ма, әйтеуір, жаргондармен қысқа ғана жазуға құмар. Жастардың күн сайын қолданатын жаргондарының қатарында мынадай сөздер кездеседі. Мәселен, «тормозы ұстап қалды», «зависать етіп қалды» – бір жағдайдан шешім таба алмай қалды, «блатной болу» – менменсу, «маяк тастау» – қысқа ғана қоңырау шалу, «вызов тастау» – кездесуге (разборка) шақыру, «құлаққа лапша ілу» – өтірік алдау, «базар жоқ» – сөз жоқ, «маған сынып қалды» – мені ұнатып қалды, «қораға кірді» – басы бәлеге қалды, «лақтырды» – сөзінде тұрмады, «қоянның суретін салып кетті» – қашып кетті деген мағынаны білдіреді. Мұндай жаргондар қатарын жалғастыра берсең, ұзынсонар тізім болары анық.
Ғаламтордағы түрлі сайттар, шетелдік телеарналар мен ондағы бағдарламалар, компьютерлік ойындар осы тектес паразит сөздердің туындауына себепші болып отыр. Жаһандану дәуіріндегі жан-жақтан ретсіз келіп жатқан ақпараттар тасқыны жастардың санасын осындай сөздермен улап жатқаны айқын. Бірақ бұл мәселеге бас ауыртып жүргендер шамалы. Соған қарағанда, әлі де болса еліміздің ертеңі ана тілінің болашағына байланысты екенін жиі жадымыздан шығарып алып жүрміз-ау. Ана тіліміздің құндылығын дәріптеп, қазақ тілі үшін аянбай күрескен Алаш арыстары бүгінгі ұрпаққа тіліміздің тағдырын да сеніп тапсырды емес пе? Ал бүгінгі тіл тағдырына жауапты жастардың сөйлеу мәнері жоғарыдағыдай болса, тіл тазалығын кімнен талап етеміз?
Жаргондардан бөлек жастардың әрбір сөзінен орыс тілінің компоненттерін де байқауға болады. Мысалы, копировать ету – көшіру, сохранить ете сал – сақтап қой, удалить ет – өшір, комнатамдамын – бөлмемдемін. Өз туған тілін егжей-тегжейлі білмей жатып, өзгенің тіліне жармасқан жастарды тәртіпке шақыратын жандар да сирек. Өйткені қазіргі уақытта ешкім де өзге біреу үшін бас ауыртқысы келмейді. Қазақ тілін осындай сөздермен ластап, шұбарландырып жүргендердің санасында намыс пен ұлттық рухты ояту әзірге қолдан келмей тұр.
Бүгінгі жастар сленгтер (белгілі бір аптада қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылды сөздер) мен жаргондарды әртүрлі себептерге байланысты қолдануы мүмкін: әсер қалдыру, елден ерекше болу, өзгелер түсінбеу үшін, белгілі бір әлеуметтік топқа жататынын көрсету үшін, кейде әзіл ретінде де айтып жататындары бар. Соңғы уақытта жасөспірімдер компьютер ойындарына қатты әуестеніп кетті. Бұл да бір компьютерлік сленгтердің пайда болуына әкеліп соқтырды. Мысалы, ойындағы «ең басты жау» деген ұғымды білдіретін «бродилка», «аркада», «босс» сленгтері пайда болған. Мұны жастар күнделікті тіршілікті де қолдануды әдетке айналдырды.
Осындай түсініксіз сөздердің нәтижесінде қазақ тілінің көркемдік стилі жоғалып барады. «Әлеуметтік желілердегі сленг сөздердің тілімізге енуі заңдылық, тіл пайда болған әлеуметтік құбылыстарға үнемі бейімделіп отырады, бірақ жаңа сөздердің бәрі бірдей қолданысқа ене бермейді». Бүгінгі тіл тазалығына қатысты қоғамда мұндай да пікір бар. Алайда дана Абайдың «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол – ақынның білімсіз бишарасы» деген сөзін жадымыздан шығармағанымыз жөн. [8. Б. 1]
Әлеуметтік желілер адамды мәдениетті сөйлеу ғана емес, мәдениетті ойлау мүмкіндігінен де айыруда. «Жастар ізденбейді, ағаларын оқымайды, олар қазақ әдебиетін оқымайды... Жастар сөйлемді әдейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің белгісі түсініксіз жазу деп ойлайды... Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-техникалық прогрестің де әсері бар», – деген жазушы Әлжаппар Әбішевтің пікірі де бекерге айтылмаған.
Қазақ тілінің дамуы ақсап келе жатқанын ұрандап айтуда алдына жан салмайтындар кінәні өзгеден іздейтіні белгілі. «Қазақ тілі мәселесінің кері кетуіне үкімет кінәлі, бәрі өз тілін білмейтін қазақтардың кінәсі» деп басқаларға айып тағатындар көп-ақ. Әлбетте, өзгеге кінә арту – ең оңай жұмыс. Абзалы, барлығын әр адам өзінен бастауы қажет.
Бүгінде интернет қолданушы жастардың өз «тілі» қалыптасқан. Ең бірінші мәселе – қазақ тілінің қ, ғ, ң, ә, і, ү, ұ, ө тәрізді төл әріптерінің қолданылмауы. Әлеуметтік желілерді пайдаланатын жастардың басым көпшілігі жоғарыда аталған әріптерді алмастырып, қазақ тіліндегі сөздерді жетімсіретіп қолданатыны жасырын емес. Желіні қолданушылар көп жағдайда қазақ әріптерін орыс графикасында бар таңбалармен алмастырып қолдануды және латын графикасындағы таңбалармен жазуды үрдіске айналдырып келеді (әсіресе, агент тілінде), яғни оқушы жастар кейбір сөздердің графикалық формасын қалауына қарай өзгерте береді. Жоғарыдағы әріптерді қолданып жазатындардың қатары бірен-саран. Мұны жастардың өзі де мойындайды. «Әлеуметтік желілерде хат жазғанда, қазақ әріптерін қолданбайтындығымды жасырмаймын. Маған орыс тілінен қазақ тіліне ауыстырып, барлық сөзді орфографияға сай жазу қиындау. Сондықтан, өзіме ыңғайлы жолмен жаза беремін. Ол үшін әлеуметтік желіде мені ешкім сынға алмайды. «Салем», «калайсын?», «жаксы», «бари дурыс» деген сөздерде қазақ әріптері алмастырылғанымен, қазір бізге бұл сөздердің дұрыс жазылуы осындай секілді болып көрінеді. Өйткені біздің көзіміз осыған үйреніп кеткен.
2.3. Әлеуметтік желілердегі орфографиялық және пунктуациялық қателер.
Келесі үлкен мәселе: орфографиялық және пунктуациялық қателер, ауызекі тіл элементтері, сөйлемдердің қысқаруы, сөздердің орын алмасуы. Мұндай қателіктер интернет қолданушыларының арасында бұрыннан қалыптасқан жағдай болғандықтан, оны өзгерту де қиын. Бірақ бұған көз жұмып қарауға мүлдем болмайды. Өйткені ғаламтор пайдаланушылар қазақ тілінің тілдік нормаларын сақтамауы жастардың сауатсыздыққа бой үйретуіне әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Ғаламторда әдеби тілдің нормаларын сақтап отырып сөйлесу мүмкін еместігі түсінікті. Кей мамандардың айтуынша, ғаламтордағы қарым-қатынас тіліндегі біз атап өткен қателіктердің орын алуы заңдылық көрінеді. Ғаламтор тілі тез әрі жылдам қарым-қатынасқа қолайлы тіл. Оның басты ерекшелігі де осында. Сондықтан, әдеби тіл нормаларын интернетте сақтау міндетті деген қате пікір дегенді қолдайтындардың қатары көп. [9. Б. 1]
Әлеуметтік желілердегі хаттар мен жазбалардың кейбірінен дауысты дыбыстарды таба алмайсың. Жылдам хат жазу үшін сөздердің ішіндегі дауысты дыбыстарды тастап кету – нағыз грамматикалық қателік. Осыған бой үйретіп алған жастардың ертеңгі күні орфографиялық ережелерге бағынбай кетпесіне кім кепіл?! Сөздерді бөлек, бірге, жартылай бөлек жазу (дефис арқылы) ережелері де назардан тыс қалып жататынын көріп жүрміз. Бұл олардың қол және көз дағдыларына әсер етіп, сауатты жазу дағдысын жояды. Әлеуметтік желі коммуникациясында сөйлеу тіліне жақын құрылымдар көп қолданылады, яғни сөздің тұлғасын өзгертіп кең жазу да етек алып келеді. Біріншіден, жіктік жалғауды түсіріп жазу: отырм – отырмын, ұйктайм – ұйықтаймын, билмейм – білмеймін, егер сөз жалпыға түсінікті болса, дауысты дыбыстарды түсіріп жазу: кдрп – қыдырып, мсқ – мысық, сөзді жөнсіз қысқартып қолдану: раха – рахмет, см – сәлем, сб – сау бол, шетелдік сөздерге қазақ тілі жалғауларын қосып қолдану: каксын?, плизбен (please) сойлессейши, сөзді орфоэпиялық норма бойынша таңбалау: не істеватсын (не істеп жатырсың?), дийұана (диуана), барат, келет, бошы (болшы). Сонымен қатар, ғаламтордағы кейбір жазбалардан тыныс белгілерді мүлдем таба алмайсың. Ал енді бірі сөйлемнің басын, адамның атын үлкен әріппен жазу деген ережені мүлдем ұмытқан. [7. Б. 43713]
Бүгінгі күні қазақтілді сайттардың саны артты. Бірақ бұл интернет қолданушы жастардың сауаттылық деңгейін көтеруге толыққанды көмектесе алған жоқ. Жалпы, ғаламтордағы сауаттылық мәселелеріне бейжай қарау қазақ тілінің болашағына орасан зор қауіп төндіретіні анық. Уақыт өте келе интернет арқылы өзгеріске ұшыраған тіл мәдениетінің нормалары бұзылып, жаппай сленг, жаргон тәрізді дисфемизмдермен ластануы мүмкін. Интернетте тілдік норманы бұзып қарым-қатынас жасау тілдесушілердің тілдік санасында «бұрыс графикалық портреттің» қалыптасуына әсер етеді.
2.4. Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны:
Іздеу жылдамдығы. Әлеуметтік желілердің көмегімен іздеген адамыңды жылдам тауып алуға болады (егер тіркелген болса).
Сөйлесу және ақпарат алмасу жеңілдігі. Әрине, барлығымызда дерлік ұялы телефон бар. Оның көмегімен бір-бірімізбен смс немесе ммс хабарлама жазу арқылы ақпарат алмасамыз. Бірақ оған кететін ақша да аз емес. Әлеуметтік желілер арқылы сөйлесіп, мәлімет жіберу әлдеқайда тиімді әрі ыңғайлы.
Қызығушылықтар тізімін құруға болады. Яғни, өзіңіздің қызығушылықтарыңызға байланысты топтарға жазыла аласыз. Оған қоса, тауар сатып алып, жұмысқа орналасуға да болады.
Мейрамдар, туған күндер жайлы еске салады. Әлеуметтік желілер арқыыл дер кезінде достарыңыздың туған күнін, айтулы мерекелерді біле аласыз. Біліп қана қоймай, арнайы құттықтау қағаздары, стикерлер арқылы құттықтауыңызға болады.
Енді әлеуметтік желілердің зиянына келер болсақ:
Конец формы
Начало формы
Көп уақытын шығындау. Әлеуметтік желілерде сағаттап отырамынымыз өтірік емес. Алайда бұл уақытыт пайдалы әрі тиімді өткізуімізге де болар еді. Бос әңгіме, жеңіл әзіл-қалжыңдармен уақыт өлтіргеннен гөрі, білім алу, тіл меңгеру - әлдеқайда пайдалы.
Шынайы өмірден алыстау. Әлеуметтік желілерде біздің мінез-құлқымыз, өзімізді ұстауымыз шынайы өмірге қарағанда өзгерек. Нәтижесінде шынайы өмірден алшақтап, қиялыңыздағы виртуалды кейіпкеріңізге әбден беріліп кетуіңіз мүмкін.
Жеке тұлғаның азуы. Егер әлеуметтік желілерге көп уақытын жұмсайтын адамдардың сөзіне, пікіріне назар салсақ, олардан мағынасыздықтың лебі еседі. Тіпті, бірқатарының сөздері көпшілікке түсініксіз.
Әлеуметтік желілер - алаяқтар мен арам пиғылды адамдардың алаңы. Өкінішке орай, көпшілігіміз әлеуметтік желіге өзіміз жайлы басы артық мәлімет берудің артынан болар зардабын біле бермейміз. Көбіне онда толық аты-жөнімізді, мекен-жайымызды, телефон нөміріміз бен жұмыс орнымызды жазып жатамыз. Мысалы, бүгін әлеуметтік желіде достарыңызбен ноутбук немесе қымбат тон сатып алғаныңыз жайлы мәліметпен бөлістіңіз делік. Біраз уақыттан соң өзге қалаға не мемлекетке саяхаттап бара жатқаныңыз жайлы жаздыңыз. Дәл осы уақытта сіздің жоқтығыңызды пайдаланған алаяқтар тоныңыз бен ноутбугыңызбен қатар, одан бөлек құнды дүниелеріңізді тонап кетуі мүмкін екен. [4. Б. 7]
Әрине, егер шегін біліп қолдансаң., әлеуметтік желінің зияны жоқ деуге болады. Әлеуметтік желіге күніне 1 сағат уақытыңызды ғана бөлгеніңіз жөн дейді мамандар.
Конец формы
2.5. Әлеуметтік желілерге тәуелділік танытатын жасөспірім шақтағы балалардың кейбір психологиялық ерекшеліктері
Әлеуметтік желілерге тәуелділік білдіретін жасөспірім шақтағы балалардың қиындықтары – қоғамымызда білім беру және тәрбие ісінің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Десекте, әлеуметтік желілердегі жасөспірім әрекеті қызметтің жаңа түрі болып табылады, ол психологияда дәстүрлі түрде ажыратылатын қызмет түрлерінің түрлі қасиеттерін біріктіреді. Кез-келген қызмет тәрізді өзінің мотивациялық негізі болады. Тұтынушы мотивациясы мәселесі бойынша А.Е.Войскунский мен О.Н.Арестованың зерттеулері әлеуметтік желілердегі қызмет адамның жеке тұлғасының дамуы мен өзіндік бағалау деңгейіне және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы үшін кері әсерін тудырады. Тұлғалық даму және тұлғааралық коммуникация облысындағы әлеуметтік желілердегі жұмыстың психологиялық салдарды бағалауға қатысты болып табылады. Бұл бағалаулар – адамның мүмкіндіктерін дамытады, жаңа дағды орнатады немесе керісінше өзіндік даму мен жүзеге асырылуға мүмкіндік бермейді.Әлеуметтік желілерге тәуелділік жасөспірімнің өз-өзіне ғашық болу дағдысын күшейтеді. Әрбір жасөспірім бренд, тұлға, танымал адамға айналғысы келеді және соған талпынады. Онлайндағы осы статусы оны өзіне ғашық қылып, көп уақытын әлеуметтік желіде жұмсауға мәжбүрлейді. «Әлеуметтік желілердегі» жасөспірімдердің көпшілігі пайдалы ақпарат бөлісуден гөрі өз-өздерін жарнамалаумен әуре болады да, нарцистік, яғни, өзін-өзі жақсы көру дағдысының қауіпті тұсы – жасөспірім өздері туралы ойларымен әуре болады.Сонымен қатар, жасөспірімдер басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы жалпы адамзат тәжірибесі, әлеуметтік нормалар, құндылықтар, білім мен қызмет тәсілдері игеріледі және тұлға қалыптасады. Ал жасөспірім аддикт өзін бұл процесстерден бөліп, өзінің өмірлік тәжірибесін байытуды тоқтатып сонымен, бірге қарым-қатынас жасаудың маңызды функцияларын бұзады. Аддикттің басқа адамдармен бірге қызмет ету процессінде өзара қиындықтар туындайды. Аддиктивті ерекшеліктері бар жасөспірім өзін-өзі тану, өзіне деген сенімділігін нығайту мен дәлелдеу қажеттілігін адамдармен қарым-қатынас жасауда емес ең алдымен аддиктивті агенттермен контактіде жүзеге асырады. Аддиктер туралы, олар өзінің тіршілігінде және өзінің құнды екендігін нық орнықтыруға тырысып басқа адамдардан сүйеніш іздейді деп айтуға болмайды. Сүйеніш іздеу аддиктивті жүзеге асудың шегінен аспайды. Қарым-қатынас жасаудағы дисфункционалды процесстермен қатар, тұлға аралық перцепцияның идентификация, эмпатия, рефлексия сияқты маңызды механизмдері бұзылады, өзгертіледі және құндылығын жоғалтады. Сондықтан да, өзін әріптесінің орнына қойып, бірге уайымдап, сені айналаңдағылар қалай қабылдайды деп ойлау қабілетін жоғалтады.Жалпы және жас ерекшелік психология ғылымындағы зерттеу тақырыбына «Әлеуметтік желілерге тәуелділік танытатын жасөспірім шақтағы балалардың кейбір психологиялық ерекшеліктеріне» байланысты зертттеулер мен ғылыми әдебиеттердің теориялық талдаулары мен жүргізген дербес эмпирикалық зерттеулер болжамдарын дәлелдеу нәтижесінде келесі тұжырымдарды шығаруға болады:
– Жасөспірім шақтағы балалардың осы кезеңге тән ерекшеліктері болады;
– Жасөспірім шақтағы балалардың әлеуметтік желілерге тәуелділік деңгейі өзіндік бағалауы мен қарым-қатынас құзырлығына белгілі бір деңгейде әсері болады;
– Жасөспірім шақтағы балалардың өзіндік бағалауы қалыпты болмауына әлеуметтік желілерге тәуелділік себеп бола алады;
– Жасөспірім шақтағы балалардың қарым-қатынас құзырлығының төмен болмауына әлеуметтік желілерге тәуелділік алғышарт бола алады.
Зерттеу нәтижелері бізге бірқатар маңызды қортынды жасауға мүмкіндік береді:
– Әлеуметтік желілерге тәуелділік жасөспірім шақтағы балалардың өзіндік бағалауын шынайы «Мен» бейнесін жоғалтып идеалдық «Мен» бейнесінің қалыптасуына әкеп соқтырады;
– Әлеуметтік желілерге тәуелділік жасөспірім шақтағы балалардың қарым-қатынас құзырлығың төмендеуіне және шынайы өмірде қарым-қатынас жасауына кері әсерін тигізіп, жасөспірімдердегі қарым-қатынас жасаудың маңызды функцияларын бұзып, тұлға болып қалыптасуына кері әсерін тигізеді.Кейбір авторлардың пайымдауынша (С.В.Березин, К.С.Лисецкий, Е.А.Назаров) жасөспірімдерге тән бірқатар ортақ ерекшеліктер болады: өзін-өзі басқарудағы әлсіздік, сыртқы және ішкі факторларға төмен төзімділік, әрекет салдарынан болжай алмау және қиындықтарға төзе алмау. [5. Б. 1] Жасөспірімдік шақтағы есеюдегі ең алдымен қарама-қайшылықты даму ерекшелігі ересектермен жеке тұлғалық бұзылыс ретінде қабылданады. Бұндай жағдайда жасөспірімдік шақтағы оқушылар «қауіп тобындағы балалар» тобына жататыны түсінікті нәрсе.Анна Фрейд «Жасөспірімдік шақта қалыпты болудың өзі қалыпсыз нәрсе» дейді. Сондықтанда, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу – күрделі әрі жауапты міндет. Әр ересек бұл міндетті неғұрлым дұрыс орындауға тырысады.Интернет тәуелділігінің профилактикасына бағытталған шараларға келесілерді жатқызуға болады:– Әрине, қазіргі кездегі жағдайда жасөспірімді әлеуметтік желілерді пайдаланудан мүлдем бөліп тастау мүмкін емес және де дұрыс емес. Алайда компьютерлік жүйелердің негативті ақпараттық әсерін нейтрализациялау жолдары ойластырылу керек. Бұл процесстер тәуелділікке ұшыраған адамның ең жақын адамдары ерекше орын алады.
– Тәуелділікті босатып, емдеудің негізгі принципі – орнын басу. Сондықтанда тәуелділікті жеңу адамның өзіндік санасының жаңа жүйесін құру арқылы жүзеге асырылады. Мұнда адам жақындардың көмегі маңызды болып табылатын қоршаған орта әлемімен жаңадан өзара әрекеттестік жасауды үйренеді.
– Ата-ана жасөспірімге Интернет арқылы қарым-қатынас жасаудың қауіпсіздік ережелерін үйрету керек: әсіресе чаттар мен хабарландыруларда жеке бас туралы ақпарат бермеу, интернет арқылы сенімсіз танысулар жасамау және т.б.
– Компьютермен қарым-қатынас жасаудың мәдениетін қалыптастыру керек. Ал бұл үшін үйде мұндай техника пайда болған бірінші күннен бастап кәмелетке толмағанға «жаңа достың» барлық мүмкіндіктерін көрсету керек: оның көмегімен интеллектуалды даму қажетті және айдалы ақпаратты алу, оқумен айналысу және т.б. қызықты болып табылады.
Тәжірибе бөлімі
3.1. Сауалнама және оның қорытындысы.
Мен осы жобамды жүргізу барысында өзім оқитын Ғ.Молдашев атындағы орта ЖББ мектебі ұстаздары мен жоғарғы сынып оқушылары арасында «Әлеуметтік желідегі сауатсыздықтың алдын алу» тақырыбындағы ойларын білу мақсатында сауалнама жүргіздім. Сауалнама қорытындысы төмендегідей болды:
Негізі әлеуметтік желі адамның өзіне байланысты әртүрлі әсер етеді. Адамға орташа есеппен 50% әсер етеді. Бәрі, яғни 100% әлеуметтік медианы пайдалану –жаңалық оқу, достармен сөйлесу, үй жұмысын қарау үшін пайдаланамыз -деп жауап берген. Сонымен бірге, әлеуметтік желілердің пайдасы аз. Жастар жағы қорлау секілді жаман видеоларды қарайды, олар жастардың психикасына әсер етеді. «Ақша сал, Ұтып ал!-деген алаяқ сайттар кездеседі-деп те айтады.
Жастардың жазба тіліне жағымсыз әсер етеді деп-86% жауап берсе, әлеуметтік желі –жастардың сауатсыз болуына ең басты әсері етуші фактор дегенде әртүрлі жауаптар болған, 60% келісемін деп жауап беріпті.
Тұжырым: Осы сауалнама қорытындысына қарап, жүргізілген сауалнама менің мектебімнің жастарына ой тастады, болашақта жастар арасында әлеуметтік желідегі сауатсыздық біртіндеп жойылады деген ойдамын.
3.2. Дөңгелек үстел “Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны”
Жоғары сынып оқушылары атынан сөз алған Асылхан Біржанов: «Интернет жазбалары мен SMS-хабарламалар тілді өрескел шұбарлайды. Оның айтуынша, қазір жасөспірімдер жаргон сөздерді көп қолданады әрі бір тілде таза сөйлей алмайды. Орыс тілінде сөйлесе қазақ сөздерін, ал қазақ тілінде сөйлесе керісінше орыс сөздерін араластырады.
– Қазір кез келген адам әлеуметтік желі мен ұялы телефонға тәуелді болып қалған заман. Олар жасөспірімдердің психологиясына кері әсер етеді. Бір-бірімізбен ауызша сөйлесуді ұмыттық. Twitter, Facebook, «Агент», «ВКонтакте» желілерінде сағаттап отырамыз. «Тірі» сөздердің орнына смайлик арқылы сөйлесуді әдетке айналдырып алдық, – деп жауап берді
3.3. «Әлеуметтік желіде сауатты жазайық!» байқауының қорытындысы.
Осы жұмыстың аясында мен өз сыныптастарымның арасында «Әлеуметтік желіде сауатты жазайық!» атты байқау өткіздім. Ол байқауда сыныптастарым осы ғылыми жұмыс жазылып болғанша топқа 15 адам кірсе, байқау соңына таман 8 адам ғана қалды.Байқауға қатысушылар «Вконтакте», «WhatsАpp» әлеуметтік желілерінде бір-бірімен хат алысуды жалғастырды. Олардың келісімен тексеріліп жеңімпаз анықталатын болды. Өкінішке орай, 4 адам қазақша әріп жоқ екендігін айтып, топтан сол кезде шығып кетсе, 3 адам мүлдем кірген жоқ. Сыныптастарым біраз қиналды, бірақ оларға ұнады. Байқау соңында жеңімпаз болып-Қалиева Арайлым танылды..
3.4 . «Әлеуметтік желідегі сауатсыздық туралы не айта аласыз?»
1. Бейнероликтен үзінді.
«Тіл тазалығын қалай сақтауға болады?» деген сұраққа ұстаздарымыздың айтуы бойынша , мектепте әдебиет пәніне сағат аз бөлінеді, оқушылар көркем әдебиетті аз оқиды.Өйткені, әлеуметтік желілер адамды мәдениетті сөйлеу ғана емес, мәдениетті ойлау мүмкіндігінен де айырады»-деп жауап берді. Ұстаздарымыздың айтуынша шығарма, диктант жазып, жастардың тілін шұбаландырып бара жатқан сленг сөздермен күреседі екен. Тілдің көркемдік стилі де жоғалып барады. Үкіметте отырғандар мұнымен жұмыс істеуі тиіс. Тілді сақтау қалу үшін қазақ тілінде көптеген телевизиялық хабарлар, жастарға арналған көркем әдебиет шығару керек
Ал кейбіреулер тіл тазалығына қатысты «әлеуметтік желілердегі сленг сөздердің тілімізге енуі заңдылық, тіл пайда болған әлеуметтік құбылыстарға үнемі бейімделіп отырады, бірақ жаңа сөздердің бәрі бірдей қолданысқа ене бермейді» деген уәж айтады.
Қорытынды
Осы жұмысымды жүргізу барысында мен өзімді мазалаған сұрақтарға жауап таптым деп ойлаймын.
Сауатсыздық – қоғамдағы ең өзекті, ерекше назар аударар түйткілді мәселе. Ғаламтордағы тілбұзарлықтың алдын алып, әлеуметтік желілердегі сөз мәдениетін сақтау үшін елімізде ең алдымен:
1. Тілдің қолданылуы, оның маңызы жөнінде әлеуметтік желілерде талқыланып, тіл тазалығы, сауатты жазуға үндеген жарнамалар, жастардың патриоттық сезімдерін арттыратын ақпараттар мен суреттер жиі берілсе;
2. Адамдар бір-біріне қарап түзеледі, сондықтан жастарға үлгі болатын қоғам белсенділері жарнамадан бөлек, сөз мәдениетіне қатысты игі істерді атқаруға атсалысса, сөз қателеріне қатысты түрлі танымдық мақалалар жарияланса;
3. Ақпараттық мәдениет жайында қажетті мәліметтер, жұмыстар жүргізіліп, кеңінен насихатталуы керек;
4. Кез келген әлеуметтік желіні пайдаланушы тұлға тіл мәселесіне бей-жай қарамай, сауатты жазуға талпынса, ықылас танытса виртуалды әлемдегі сөз мәдениеті түзелері анық.
Қорыта айтқанда, жаңа заман жастарын әлеуметтік желісіз елестету қиын-ақ, десек те Ахмет Байтұрсынов айтқандай «Тіл тазалығын сақтау – бейпіл, жаргон сөздерді пайдаланбау – біздің патриоттығымыз бен сауаттылығымызды арттырады». Бұл жүрегі қазақ деп соққан әрбір азаматты толғандыруы керек деп ойлаймын.
Ұсыныс:
Мектептегі оқушыларға «Әлеуметтік желідегі сауатсыздықтың алдын алуды» насихаттайтын еріктілер тобын құру.
Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында ата-аналармен , ұстаздармен түрлі іс-шаралар, байқаулар ұйымдастыру.
Мемлекетіміздің саясатына орай латын тіліне көшу арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 9 қаңтардағы Жолдауы .Ақпарат ҚР Президентінің ресми сайтынан алынған
2. «Егемен Қазақстан»2018ж. 14 ақпан 6 бет. «Тілді сақтау-ұлтты сақтаудың кепілі» мақала авторы: Орынкүл Асанқызы
3.«Егемен Қазақстан»2018ж. 26 ақпан 8 бет.Мақала: «Тілді түлетудің тұғырнамасы», авторы: Ербол Шаяхметов –Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры
4.«Егемен Қазақстан»2018ж. 13 ақпан 7 бет.Мақала: «Қалтафондағы қауіпті қосымша»Мақала авторы: Дархан Өмірбек
5. Жайық пресс. Медиахолдингі Тегтер: Надежда Есқалиқызы Әлеуметтік желі тіліңді бұзбасын 23.11.2015
6.https://www.facebook.com/azattyq
7.https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/dep/43713/Нұрбек Бекбау
8.kerekinfo.kz
9. BAQ.KZ Н.Нұрдәулетұлы
10. OQU-ZAMAN.KZ. Ұстаздар мен оқушыларға арналған қосымша сайт.20.11.2017. Мақала тақырыбы: «Тіл мәдениеті және оның проблемасы»
11. anatili.kazgazeta.kz. «Әлеуметтік желідегі сауатсыздық». Мақала авторы: А.Жұмашев
Қосымша 1
Сауалнама №1
№
|
Сұрақтар
|
Жауабыңыз
|
Иә
|
Жоқ
|
1
|
Әлеуметтік желілердегі сауатсыздық туралы өз ойыңыз?
|
|
|
|
2
|
Әлеуметтік желілердегі сауатсыздықтың алдын алу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
|
|
|
|
3
|
Сіз «Әлеуметтік желідегі сауатсыздықтың алдын алуды өзіңізден бастаңыз!» деген оймен келісесіз бе ?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сауалнама №2
«Әлеуметтік желілер Қазақстандық жастардың сауаттылығына қаншалықты әсер етеді?»
Начало формы
Жасыңыз нешеде?
15 16 17 18
Әлеуметтік желілерін қаншалықты жиі пайдаланасыз?
Күніне 2 сағаттан аз
Күніне 2-4 сағат
Күніне 4-6 сағат
Күніне 6 сағаттан көп
Әлеуметтік медиаларды пайдаланудағы мақсатыңыз қандай?
Үй жұмысын орындау
Достармен сөйлесу
Жаңалықтар оқу
Өлең тындау
Видео қарау
Басқа
Сіздің ойыңызша, әлеуметтік желілерді пайдалану жастардың жазба тіліне және сөйлеу мәдениетіне тигізер әсері қандай?
Жағымды
Жағымсыз
Желілердің Қазақстандық жастарының сауаттылық деңгейінің нашарлау қаупіне әсерін 5 баллдық шкала бойынша берер бағаңыз.
«Әлеуметтік желілер жастар сауаттылығының төмен болуының ең басты әсер етуші факторларының бірі» - деген ойға қаншалықты келісесіз?
Толықтай келісемін
Келісемін
Екіжақты ойдамын
Келіспеймін
Толықтай келіспеймін
Қазіргі Қазақстандық жастардың сөйлеу мәдениеті мен жазу қабілеттеріне қандай баға берер едіңіз?
Жоғары
Жоғары – орташа
Орташа
Орташа – төмен
Төмен
Әлеуметтік желілердің жастардың сауаттылық деңгейін көтеруге тигізетін оң әсерлері қандай?
Сіздің әлеуметтік желілерде жиі пайдаланатын қысқартпа немесе өзіндік стильдегі сөздеріңіз? (Мысалы: Нестеп жатырсын – чд?)
Әлеуметтік желілері, яғни ғаламтор әлемінен басқа жастар сауаттылығына кері әсер ететін заттар бар ма? Болса қандай?
Қосымша 2
CD-R 52X –дискісге жазылған «Сұхбат». Сұхбат төмендегі адамдардан алынған.
1.8 «А» сынып оқушысы –Шынболатов Нұрсәт
2.Ата-аналар атынан –Жетписова Райхан
3.Мектеп ұстазы, тарих пәні мұғалімі, І санатты ұстаз-Сулейменова А.Қ
Ескерту: Кәмелеттік жасқа толмаған Шынболатов Нұрсәттен сұхбат алу кезінде сынып жетекшісі- Н.М.Ахметова бірге болып, қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |