15 тақырып. ШАРТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1. Шарттың ұғымы, мәні және мазмұны 2. Шарттардың жекелеген түрлері 3. Шартты жасасу және шартты өзгерту және бұзу негіздері
1. Шарттың ұғымы, мәні және мазмұны Шарт - бұл екі немесе одан да көп тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі (АК 378-бап). Шарт - бұл екі немесе көп жақты мәміле, сондықтан шартқа АК-4 тарауында көзделген екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады. (378 б. 2- т.). Шарттан туындайтын міндеттемелерге, егер АК 22- тараудың ережелерінде және АК-тің шарттардың кейбір түрлері туралы ережелерде өзгеше көзделмесе, міндеттемелер туралы жалпы ережелер қолданылады(379-б. 2- т.). Көпжақты шарттар, егер бұл осындай шарттардың көпжақтылық сипатына қарсы келмесе, шарт туралы жалпы ережелермен реттеледі.
Шарттың мәні: - шарт – азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болу негізлерінің, яғни заңды фактілердің бірі (АК 7 - бап); -жиі шарт ретінде жай заңды фактіні емес, тараптардың келісімінен туындайтын құқықтық қатынастың өзі түсініледі; - шарттар бір субъектілерден басқаларына азаматтық құқықтық объектілердің қозғалысын туындатады(мүлікті беру,ақша төлеу, жұмыс орындау және т.б.); -шартпен құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің көлемі, міндеттемені орындау тәртібі мен талаптары, міндеттеиені орындалмағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылық анықталады; -шарттар азаматтық айналым қатысушылардың бір тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге шынайы қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Шарттарды жасаудың негізгі принципі – шарт еркіндігі (380-б.) Бұл келесі элементтерден тұрады: 1)Заң актілерінде немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық құқықтың субъектілері шарт жасасуға ерікті; 2)Тараптар заңдарда көзделген, сондай - ақ көзделмеген, бірақ оларға қайшы келмейтін шартты жасауға құқылы; 3)Тараптар заңдарда көзделген түрлі шарттардың элементтерін қамтитын шарт жасауға құқылы (аралас шарт); 4)Тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқа, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді.
Шарттың мазмұны ретінде сол бойынша тараптардың келісімге келген ережелері түсініледі. Шарттың мазмұны елеулі ережелерден, жай ережелерден және кездейсоқ ережелерден тұрады. Шарт жасау үшін қажетті елеулі ережелер(393-бап) өзіне:-шарттың мәні туралы ережелерді; -заңдарда елеулі деп танылған ережелерді; -шарттардың сол түрі үшін қажетті ережелерді; - бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелерді қамтиды. Елеулі ереженің біреуі бойынша тараптар келісімінің болмауы кезінде шарт жасалмаған болып есептеледі.
Жай ережелер – бұл, егер тараптар өздерінің келісімдерімен өзгеше белгілімесе, диспозитивті нормалармен белгіленген ережелер, және олар шарт жасау сәтінде немесе өзге сәтте бірден әрекет етеді.
Кездейсоқ ережелер: -жай ережелерді өзгертеді немесе толықтырады; -заңды күшке оларды шарт мәтініне енгізген жағдайда ғана ие болады.
Егер шарт жасалғаннан кейін шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшін міндетті ережелер заңдармен белгіленген болса да жасалған шарттың ережелері өз күшін сақтайды (бұған күні бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгіленген жағдайлар қосылмайды АК 383-б. 2-т).
Шарттың қолданылуы (АК 386-бап): 1)оны жасасқан кезден бастап күшіне енеді; 2)тараптардың онда белгіленген міндеттемелердің орындауы аяқталып біткен кезге дейін қолданылады; 3)шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы шарттық міндеттемелердің тоқтатылуына соқтырмайды (бұл жөнінде заңда немесе шартта тікелей көрсетілген жағдайлардан басқа).
Шарттың нысаны - мәміле нысаны туралы ережелерге (АК 151-155баптар) сәйкес анықталады.