Тақырып 2. Шаруашылық объектілерінде Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу
1.Азаматтық қорғаныс. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптері мен тәртібі
2. Азаматтық қорғаныстың күштері
3. Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен қызметтері. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау
Дәріс мақсаты:
- Азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану жайлы мағлұматтар бере отырып білімдерін кеңейту, атқаратын қызметтері туралы мәліметтер беру.
- білім алушылардың жоғары моральдық және психологиялық қасиеттерін дамыту, алған ақпарат негізінде төтенше жағдай қалыптасқанда сауатты әрекет етуге дайындығын қамтамасыз ету
- Азаматтық қорғаныс құрамаларының ел тыныштығын сақтаудағы маңызын сабақ барысында берілген ақпарат негізінде талқылау
1.Азаматтық қорғаныс. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптері мен тәртібі
Азаматтық қорғаныс - Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнінде бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу – мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі болып табылады. Азаматтық қорғаныс Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуіріндегі № 188-V ҚРЗ Заңында көрсетілген
Осы Заң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс істеуінің ұйымдық принциптерін, ұйымдардың азаматтық қорғаныс саласындағы құзыретін, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін, азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді, азаматтық қорғанысқа басшылық және оның іс-шаралары белгілейді.
Азаматтық қорғаныстың мақсаттары:
әр қоғамдағы ең басты және бағалысы–адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту–негізгі мақсат. Адамды қорғай білу–мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.
халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.
Азаматтық қорғаныс міндеттері:
халықты жаппай қыру құралдарының(ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;
төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;
апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;
зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;
төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;
өндірістік орындардағы апаттық көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіру;
адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;
территорияны, техниканы, киімді, тамақты, улы радиактивті заттардан, бактериялардан қорғау.
Азаматтық қорғаныс территориялық - өндірістік принцип бойынша ұйымдастырылады.
Территориялық принцип бойынша азаматтық қорғаныс республика, қала, аудан, ауылдық территорияларда ұйымдастырылады. Бұл территорияларда азаматтық қорғанысты ұйымдастыру әкімшілікке жүктеледі.
Азаматтық қорғаныс объектілерде адамдарды қорғау үшін, өнеркәсіптің зақымдалуға төзімділігін арттыру үшін, құтқару және кезек күттірмейтін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін ұйымдастырады.
Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштері және азаматтары жүзеге асырады.
Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада, немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайларды ескере отырып, алдын ала жүргізіледі.
Азаматтық қорғаныс шараларын кешенді түрде және саралап жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесіне қарай жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергілікті атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.
Орталық және жергілікті атқарушы мекемелер, ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы туралы жыл сайын есеп беріп отырады.
Халық шаруашылығы объектісінде азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принципті схемасы:
Объектілерде құрылатын құрылымдар (құрамалар) екі түрге бөлінеді:
жалпы түрдегі құрылымдар
арнаулы қызмет құрылымдары
Жалпы түрде құрылған құрылымдар өз бетімен (самостоятельно) құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.
Арнаулы қызмет құрылымдары- белгілі бір арнаулы тапсырма бойынша жұмыс жүргізеді.
Жалпы түрдегі құрылымдарға құрама отрядтар (команда, группа) жұмыстары механикаландыру отрядтары, құтқару отряды, жалпы барлау жүргізу отряды, жалпы барлау жүргізу отряды жатады.
Азаматтық қорғаныстың арнаулы қызмет атқаратын құрылымдарына барлау, байланыс, өртке қарсы, медициналық, инжинерлік, авариялы - техникалық және т.б. құрылымдар жатады.
Объектідегі құрылымдардың санын және адамдар санын объектідегі азаматтық қорғаныстың штабы анықталды. Және бұл жерде аудандық, қалалық, АҚ штабымен келісімге келеді.
Құрылымдарды құру, соғыс уақытындағы жағдайларға сәкес, сменаларды ескере отырып өндірістік принцип бойынша, цехтарда, жұмыс сменаларында, өнеркәсіп учаскілерде, бригадаларда ұйымдастырылады.
Объектілердегі негізгі құрылымдар құрама және құтқару отрядтары (команда, группа) –
Объектіде арнаулы қызмет атқаратын құрамалар құрылады. Химиялық және радиациялық постар, байланыс звеносы, санитарлық постар т.б.
Штаб - азаматтық қорғаныс бастығының басқару органы.
Халық шаруашылығы объектілері қалалық жерлер үшін: өндіріс орындары, ұйымдар, оқу орындары жатады.
Азаматтық қорғаныстың бірыңғай дабылы «Баршаңыздың назарыңызға» сигналы арқылы құлақтандырады.
Тұрғындардың «Өмір тұрақтылығының қауіпсіздігін сақтау» - авария, катастрофа, төтенше жағдайлар кезінде қажетті ғылыми білімдер системасы мен мемлекетін практикалық шаралар.
Достарыңызбен бөлісу: |