2. Азаматтық қорғаныстың күштері Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен қызметтері. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау



бет2/3
Дата14.10.2022
өлшемі135,9 Kb.
#153157
1   2   3
Байланысты:
лекция 3

2 Азаматтық қорғаныстың күштері



Сурет 1. Азаматтық қорғаныстың күштері

Азаматтық қорғаныс күштеріне - азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері, азаматтық қорғау құралымдары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авиациясы, жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтері жатады. Халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау Азаматтық қорғаныстың бірінші кезектегі міндеті және осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде нұқсанды азайту мүдделері үшін халықтың іс-қимыл жасауының оңтайлы тәсілдерін ғылыми тұрғыдан анықтау және аумақтар мен шаруашылық жүргізу объектілерін дер кезінде дайындау негізіңде жүргізіледі.


Азаматтық қорғаныс күштерінің негізгі міндеттері:
1) басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерін ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзірлікте ұстау;
2) Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасауға ұдайы әзірлікте ұстау;
3) орталық жэне жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшілерін даярлау және халықты оқыту;
4) радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды қадағалау және оған зертханалық бақылау жасау;
5) Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларын жұмылдыруға әзірлікті қамтамасыз ету;
6) шаруашылық жүргізу салалары мен объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;
7) қорғану құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкінің қорларын жинау және әзірлікте ұстау;
8) халыққа, орталық жэне жергілікті атқарушы органдарға адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда іс-қимыл жасау тәртібі туралы хабарлау;
9) іздеу-құтқару жүмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілігін және оларды қауіпті аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;
10) азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикізаттарын, жемшөпті, мал және өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсімдік індеттерінен қорғау.
Азаматтық қорғаныс жасағы бейбіт уақытта табиғат апатынан, сондай-ақ өндірістік апаттардан құтқарудан қатысады. АҚ жасақтары атқаратын қызметіне (по предназначению) байланысты бөлінеді:
Негізгі жасақтар:
-барлау
-құтқару
-дәрігерлік
-инженерлік
-өртке қарсы
-аварийялық-техникалық
-радиациялық-химиялық қорғау
- т. б.
Қамтамасыз ету жасақтары:

  • байланыс

  • материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

  • көліктік;

  • қоғамдық тәртіпті сақтау;

  • жануарларды және өсімдіктерді қорғау;

  • т.б

Бейбіт жағдайда ТЖ зардаптарын жою үшін бұрыннан құрылған АҚ жасақтарынан және штаттағы арнаулы жасақтардан шұғыл әрекет ету отряды құрылады.
Шұғыл әрекет ету отрядының құрамы:
-облыста 150 адамнан аз емес;
-қалада 100 адамнан аз емес;
-ауданда 50 адамнан аз емес.
Жасақтардың максималды дайындыққа келу уақыттары:
-шұғыл әрекет ету отрядтары үшін – 2 сағаттан көп емес
-негізгі құтқару жасақтары үшін – 4 сағаттан көп емес
-басқа жасақтар үшін – 6 сағаттан көп емес.
АҚ жасақтарын жасақтауда жасақтар құрамына кірмейтін категориядағы адамдар:
-1,2,3 топтағы мүгедектер:
-аяғы ауыр әйелдер;
-8 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет