22-билет
1.Ш.Мұртаза өмірбаяны, шығармашылығы
15 билет 3сурак
2. Абайдың қара сөздері
1 билет 1 сурак
3. Б.Мұқай шығармалары
Ол «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдары мен «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Жеті желі», «Алғашқы махаббат», «Ертегідей ертеңім» атты кітаптардың авторы. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, чех, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған. Орыс тілінде 1984 жылы «Водоворот», 1988 жылы «Белая птица» атты кітаптары шыққан. Оннан астам драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі театрларда қойылған. Бірқатар жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Қош бол, менің ертегім» пьесасы мен «Аққу сазы» хикаялар кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы (1982), Қырғызстан Республикасының Т.Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығы (1995), «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілген (2000). «Парасат» орденінің иегері (2006).
23-билет
1.Абайдың табиғат тақырыбына жазған өлеңдері
16 билет 2 сурак
2. «Көшпелі алтын» әңгімесіндегі автор бейнесі, образдар жүйесі
????
3. Қ.Мырзалиев өлеңдерінің тақырыбы, мысал келтіру
Шығармашылығы даналықпен дараланған ақын Қадыр Мырзалиев 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдап, еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балаларға арналған «Балдырған» журналында әдеби қызметкер болып бастаған. 1958-1967 жылдары «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі, «Балауса» баспасының редакторы қызметтерін атқарды.
Қ.Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 жылы «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында жарияланған. Тұңғыш жинағы «Көктем» деген атпен 1959 жылы жарық көрген. Қадыр шығармаларындағы қасиет - өмірдегі ешбір құбылысты туған жерден, елден, табиғаттан тыс қарастырмайды. Қадыр ақын қамтыған тақырыптардың әр алуан екендігін әсерлі өлеңдерін оқи отырып бірден байқаймыз
Қадыр қазақтың барлық ұлы адамдары туралы өлең жазды. Шоқан, Ыбырай, Исатай, Махамбет, Біржан сал, Қажымұқан туралы жеке жырлары бар. Тіпті Әл-Фараби жөнінде де тереңінен толғап жазған. Абайға қайта-қайта оралуының да ар жағында ұлы жандардың рухани байлығын байқау қиын емес. Ол елді-жерді көп аралаған. "Өзбек өңірінде", "Қырғыз құшағында", "Тәжік топырағында", "Түркімен төрінде" атты циклдары жай ғана бір жолаушының көзқарасы, әсері емес, сол елдердің қадір-қасиетін, ешкімге ұқсамайтын ерекшеліктерін халыққа таныту ниетінен туған. Қырғыз, тәжік, түркімен елдеріндегі таңғажайып елестер ақынның қаламы тигенде өзгеше бір көрініс, әсерге бөленеді. Ұлы адамдар арқылы ізгілік, қасиеттілік, адамзат өміріне әкелген жаңалық сияқты үлкен ұғымдар бізге көркем тіл, бейне арқылы жетіп тұр. Оның табиғат, аң-құстар жөнінде жазған өлеңдері де жеке зерттеуге тұрарлықтай дүние. Себебі, ол бәрін біліп жазады. Терең ойлар, телегей теңеулер Қадыр Мырзалиевке төл дүние секілді.
Достарыңызбен бөлісу: |