4-билет
1. Абай шығармаларының жанры
Абайдың поэзия жанрлары. Абай поэзияның өмір шындығын жан-жақты, мол қамтитын идеялық, мазмұндық байлығы, тереңдігі, лирика туындылардың жанрлық өзгешелігі, құрылыс бітіміне қарай әр алуан болуын талап етеді. Лирика басты сипатын, оған тән ойшылдық, сезімталдықты белгілейтін ақынның өз бейне-тұлғасы десек, лирика шығармалардың жанрлық сипатының алуан түрлі болып келуі ақынның өмір құбылыстарын, әлеуметтік мәселелерді қаншалық кең қамтып, әр қырынан көре білуіне, әр алуан көркемдік шешім табу қабілетіне байланысты. Абай қазақ поэзиясында қалыптасқан жанрлық түрлерді молынан пайдалана отырып, жазба әдебиетке тән жаңа жанрлық үлгілерді де қалыптастырды. Абайдың лирикасы жанрлық ерекшеліктері жағынан алғанда көп салалы, көп қырлы, алуан түрлі болып келеді. Олар тақырыбы, идеялық мазмұны жағынан да аса бай, әр қилы өмір құбылыстарын қамтиды. Халықтың тағдырын, заман жайын толғайтын сан алуан қоғамдық-саяси, философия лирика түрлері, адамның ішкі жан дүниесін бейнелейтін жырлары, махаббат лирикасы, сатиралық өлеңдері, табиғат суреттері, оларға қоса жеке адамдарға арналған жырлары т. б. өлең түрлерін Абай поэзиясынан молынан табамыз. Оларда қуаныш сезімі де, ерімге деген зор сенім де, мұң мен наз да, зәрлі ащы сын да - бәрі де бар. Абайдың көңіл-күй лирикасы бізді нәзік сыршылдығымен, езі туралы айта отырып, қоғам, заман жайын танытатын ой-сезім тереңдігімен баурап алады.
2. «Тұманды альбион елінде», «Ел құрметінде»
3. О.Бөкей. «Атау кере» повесі
Ұлттық сөз өнері зергерлеріміздің бірі, қай шығармасы болсын оқырманды бейжай қалдырмайтын қарымды қаламгер Оралхан Бөкейдің соңғы туындысы «Атау кере» романының атының өзі бірден елең еткізеді. Өйткені «атау кере» сөзі ел ішінде адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек жағдайда, шанда бір ашынған ахуалда, болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты, зілді, ауыр ұғым. Шығармашылығында жеңіл мазмұн кездеспейтін Оралханның дәл осы күрделі тақырыпқа барып, әрі оны өзінің дәстүрлі шеберлігіне тән деңгейде ширатып, ширықтыра отырып жазғаны заңдылықтай қабылданады.
«Атау-кере» повесі бүкіл адамзаттық мәселелерді қозғайды. Повесть оқиғасының басында Еріктің реалистік сипаты басым болса, шешімінде мифтік сипаты байқалады. Қаламгер адамдар өмірін аралар дүниесіне ұқсатады. Еріктің көк басты сонаға айналып кетуі және Қатын суының арғы бетіндегі жұмбақ қыз – символ. Ерікті мифтік бейне ретінде қараудың өзі оның құбылуына байланысты. Бір түрден екінші түрге ауыса алатын – тек миф кейіпкерлері. Повесть соңында Еріктің құбылуына мән бере отырып, бұл повесті «Повесть-миф» деп атауға болады. Повестегі Шал образында романтизм сарыны байқалады. Шығармадағы Шал да, Таған да қоғамда бет алған адамның рухани әлсіреуінен шығудың шығар жолын, амалын табуға тырысады. Бірақ табиғат аясында қалудан басқа жолды көре алмайды. Сондай-ақ шығармадағы Тағанның табиғат туралы ойлары былайша беріледі: «... Табиғат жаратқан алқам-салқам болмайды, ол - әмісе әдемі, әмісе сүйкімді, әрі шыншыл, әрі ақылды, сондықтан да адамдар секілді қателеспейді. Табиғат – мәңгілік тірі, өтірік айтпауды, алдап – арбамауды табиғатан үйрену керек, өйткені ОНЫҢ (табиғаттың) жүрегі таза».
Шығармада жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес, өткен тарих пен бүгінгі нақтылықтың ажырамас аясындағы ұлт тағдыры мен келешегі таразыға тартылған романның кесек-кесек идеяларының түйіні кульминациялық сәтіне жетіп, ширақ та шымыр тарқатылады. Шеберлік құдыреті дегеніміздің құпиясы да осы болса керек!
О.Бөкей шығармаларында уақыт пен кеңістік композициясы үлкен орын алады. Жазушы шығармаларындағы жыл мезгілдері: қыс, көктем, жаз, күз өз кезеңдеріне сай айшықты бедерленіп отыруымен қатар уақыттың да өлшемі болып суреттеледі. Шығармаларда суреттелетін оқиғалардың уақтысы, мезгілі нақтылы көрініс табады.
Романды уақыт тұрғысынан бағамдасақ мұнда жазушы XX ғасыр дертін, кеңестік жүйедегі сананалы адамдарды сан мәрте сансыратқан қасаңдықтар тұсын көрсетеді. Жазушы кейіпкер баяндауы арқылы 1930 жылдардағы ашаршылық тұсындағы қым-қуат тірлікке уақыт тұрғысынан тоқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |