№2 билет дəрілік заттардың жұмсақ түрінде тұрақтылығын анықтау үшін көрсеткіштерді таңдау. Дəрілік заттардың



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата03.10.2023
өлшемі0,6 Mb.
#183455
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Байланысты:
РК ОИСЛС

Химиялық төзімділік.
Кейбір жағдайларда шынының химиялық төзімділігін сыртқы
түрінен-ақ анықтауға болады. Сақтау кезінде шынының бет жағында силикаттарды
біртіндеп сілтіге айналдыратын ылғалды пленка пайда болады. Ауадағы көмір
қышқылы сілтілерімен əрекеттесіп, сілтілік-жер металдарының карбонаттарын түзеді,
олар кепкен кезде лас қабықтар қалады. Мұндай ластанудың өзі-ақ шынының химиялық
төзімділігінің төмен екенін көрсетеді. Шынының химиялық төзімділігі ГОСТ 10780-64
бойынша анықталады.
2.
Термиялык төзімділікті анықтау.
Ампулалар термиялық төзімді болуы керек, яғни,
стерильдеу кезінде сынып кетпеуі керек. Термиялық төзімділікті төмендегідей
аныктайды: тексерілетін ампулаларды дистилденген сумен толтырып, дəнекерлейді
жəне 120°С температурада 30 минут бойына автоклавта қыздырады. Егер
ампулалардың 98% бутін қалса, онда ампулалар партиясы термиялық төзімді деп
саналады. Екінші тəсіл бойынша да анықтауга болады. 50 ампуланы 18°С
температурада 30 минут ұстап тұрады, кептіргіш шкафта кассетага ГОСТ-та
көрсетілген температурада 15 минуттан кем емес мерзімге салады. Кассеталарды тез 5 с
арасында шкафтан шығарып алады да, температурасы 20 ± 1°С суға толық батырып, 1
минут осы күйде ұстап тұрады. Тексеруге алынған ампулалардың 98% бүтін қалуы
керек. НС-3 шыны маркасынан дайындалган ампулалар бүтін қалуы керек жəне 160°С
температура өзгерісіне, ал НС-1 - 130°С, СНС-1 - І50°С жəне АБ-1 - 110°С температура
өзгерістеріне шыдамды болуы керек.
3.
Шынының жеңіл балқуы.
Ол тəжірибелік жолмен анықталады. Ампулалық шыны
ампуланы шілтер жалынында оңай дəнекерлеу үшін жеңіл балқитын болуы тиіс
4.
Шынының түссіздігі жəне мөлдірлігі.
Шыны түссіз жəне мөлдір болуы керек, себебі,
оның ішіндегі механикалық қоспалар оңай анықталуы тиіс. Қоңыр-кызыл немесе басқа
түсті ампулаларды əрдайым қолдануға болмайды, оның ішіндегі ерітіндіні бақылауға
мүмкіндік болмайды жəне стерильдеу кезінде кейде темір қалдығы бөлінуі мүмкін.
5.
Кернеу қалдығы.
Олар ампулалар дайындау кезінде дроттың əр бөлімдерінің бір


қалыпты қыздырылмауы есебінен пайда болады. Ампуланың түбі мен капилляры шыны
балқығанга дейін қызады, корпусы - шамалы қызады. Осы температуралар
айырмашылығы ерекше болатын жерлерде кернеулер пайда болады. Сонымен қатар,
ампулалар қабырғаларының қатты қызатын бөлімдерінің сыртқы беттері айналадағы
ауамен жанасу арқылы тез 364 салқындайды жəне тез қатады; ал шынының ішкі беттері
баяу салқындайды жəне балқыған күйде ұзақ болады, бұл кезде де ішкі кернеу пайда
болады. Кернеу қалдығын поляризациялы-оптикалық тəсіл көмегімен үлгідегі
сəулелердің өту айырмасы бойынша ПКС125, 250 полярископ-поляриметрінде жəне
ПКС-500 полярископында анықтайды.
6.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет