№2 бжб. «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. Экспо-2017. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаты



бет1/2
Дата25.11.2022
өлшемі19,3 Kb.
#159806
  1   2
Байланысты:
№2 бжб 9-сынып 2-тоқсан қазақ т. ША


қазақ тілі 9 ___ сынып, аты-жөні ____________________________________
2-тоқсан. № 2 бжб. «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу;
9.4.4.1 құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін білу
«ЭКСПО – 2017» көрмесі және Қазақстан
Біздің планетамыз және ондағы адамзат өмірі үнемі өзгеріп отырады. Әр дәуірдің өз қиындықтары бар, әр ғасырдың өз құндылықтары және әр қоғамның өзіне тән өзекті мәселелері бар. ХХІ ғасырда табиғат ресурстарының кең көлемде игеріліп, адамдардың мұқтажына жұмсалуда. Сондай-ақ отын энергетика саласындағы антропогендік әрекеттер бұрын-соңды болмаған экологиялық мәселелер мен табиғат апаттарын туғызуда. Дүниежүзілік жиында шикізатты қарқынды өндірудің, өңдеудің нәтижесінде отын қорының азайып бара жатқаны туралы айтып, баламалы қуат көздерін тұтыну үрдісіне өту жайлы бірегей идея мен тың ой салған бірден-бір мемлекет – біздің еліміз, яғни Қазақстан. «Жасыл планетаны» құру мақсатында «ЭКСПО-2017: болашақтың қуаты» деген жаңа жобаны ұсынды. Ғасырға жуық тарихы бар ауқымды көрме Қазақстан үшін қандай мүмкіндіктерге жол ашады? Әлемдік маңызы бар іс-шараға дайындық барысында ұйымдастырушы мемлекеттің алдында үлкен мақсат, жауапкершілік және міндеттер тұрады. Көрменің ойдағыдай өтуі үшін елімізде барлық жағдай жасалды, аса жауапкершілікпен ұйымдастырылды. Жалпы, тарихи сараптамаға сенсек, ЭКСПО көрмесі дүниежүзіндегі туристік тартылымы жоғары іс-шаралардың біріне кіреді екен. Астанамызда бірнеше жыл ішінде модерн стиліндегі ғимараттар мен павильондар бой түзеді және туристердің көңілінен шықты. Индустриализацияның негізгі символы болып табылатын халықаралық көрменің елімізге берері зор. Табиғи кеніштердің сарқылып, экологияның ластануы дабыл қағатын деңгейге жеткен сәтте тек адамдар ғана бұл процесті тоқтата алады. Мұндай ғаламат бастамалар келешекте табиғатқа зиян келтірмейтін қуат көздерін тұтынуға жол ашады және экологиялық мәселелердің шешімін тауып, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бастамасы болады.
1-тапсырма. [2]

  1. Мәтіннің стиль түрін жазыңыз.

_________________________________________________________



  1. Аудиториясын анықтаңыз.

______________________________________________________________


2-тапсырма. және сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып жазыңыз. [4]

Салалас құрмалас сөйлемдер

Сабақтас құрмалас сөйлемдер

1.
2.



1.
2.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет