Үлестік ортақ меншік – ол қатысушыларының үлестері алдын-ала белгіленген мүлікке деген құқық.
Бірлескен ортақ меншік – ол қатысушыларының үлестері алдын-ала белгіленбеген мүлікке деген меншік құқығы.
Реквизиция –ол дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, індеттер және төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте мүлік қоғам мүддесі үшін мемлекеттік органдар шешімі бойынша заң құжаттарында белгіленген тәртіп пен жағдайларда меншік иесінен оған мүліктің құны төлей отырып алу.
Тәркілеу – ол заң құжаттарында көзделген реттерде мүлік меншік иесінен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алу.