10 ТӘжірибелік сабағЫ



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі46,85 Kb.
#97757
  1   2
Байланысты:
10. Тұскен Сұлтан ҚОҚ 201


10 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҒЫ
ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДЕГІ ЖАРЫЛЫС ПЕН АВАРИЯЛАР, ӨРТТЕР, ТАБИҒИ АПАТТАР КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ


1-тапсырма.
Табиғи апаттар (Стихийное бедствие) - алапат табиғи құбылыс: дауыл, дауылды қарақүйын, қүйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың кар жауу, цунами, қар кешкіні, құрғақшылық, тағы басқа. Бұл табиғи алапаттар тірі организмдерге, соның ішінде адамға төтенше әсер ететін экологиялық фактор болып саналады.
Жер сілкінісі (араб тілден ескірген сөз зілзала араб.: زلزال‎, ағылш. earthquake) -жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.
Су тасқыны - құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы.
Цунами - мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын.
Дауыл - теңізде күшті толқындар көтеретін, құрлықта бірталай апаттарға себеп болатын өте күшті жел (жылдамдығы >20 м/с).
Құйын - диаметрі ондаған метрден (су айдынында) жүздеген, мыңдаған километрге дейін (құрлықта) жететін қандай да бір ось бойынша жүретін ауаның айналмалы қозғалысы
Тайфун (ағылш. typhoon, қыт. тай фын – үлкен жел) – Тынық мұхиттың Оңтүстік-шығыс Азияға жақын бөлігінде пайда болып, сұрапыл дауыл түрінде әрекет ететін тропиктік циклонның аты.
Көшкін - таудың құлама беткейімен төмен қарай орасан жылдамдықпен сырғитын қар немесе мұз массасы.
Сел (арабша сайль — жойқын тасқын) — таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан, яғни климат өзгеруінен пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.
Қар көшкіні - тау шыңдары мен құлама беткейлеріндегі қозғалысқа түскен және төмен қарай құлаған қар массасы.
Орман өрті - абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын апат.
Жерасты өрті - бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет