10 ТӘжірибелік сабағЫ


Құрғақшылық немесес қуаңшылық -



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі46,85 Kb.
#97757
1   2
Байланысты:
10. Тұскен Сұлтан ҚОҚ 201

Құрғақшылық немесес қуаңшылық - ыстық күнде, ауаның ылғалдылығы төмен болған кезде жауын-шашынның ұзақ уақыт және елеулі түрде жетіспеушілігі.

2-тапсырма. «Табиғи апаттар классификациясы» кестесін толтырыңыз

Табиғи апаттар

4. Табиғи өрттер

1. Геологиялық

2. Метеорологиялық

3. Гидрологиялық

1. жер сілкінісі, вулкан атқылауы

2. опырмалар, сел

1. су тасқыны

2. цунами

3. тайфун


3-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға толық шолу жасап, ашыңыз (толық жауабын беріңіз)

  1. Табиғи апаттарды болжау мен олардың салдарын бағалау.

Қазiргі уақытта төтенше жағдайлардың қандай да бiр аспектiлерiне қатысты ғылыми зерттеулер сейсмология, сел және сырғыма қаупi саласындағы бiрнеше жекелеген тақырыптар бойынша ғана жүргiзiледi.


Солай бола тұрса да, республикада жалпы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою проблемаларын кешендi зерттеу бойынша бiрыңғай ғылыми орталық жоқ.
Геосаяси жағдайлардың өзгеруiне және Қазақстанның тәуелсiздiк алуына байланысты елдiң азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргiзу саласында терең стратегиялық және арнайы ғылыми зерттеулер қажет.
Қазақстанның барлық сейсмикалық белсендi аумақтарының толықтай қамтылмауы жер сiлкiнiсi мониторингi жүйесiнiң iрi кемшiлiгі болып табылады. Iс жүзiнде Алматы болжау полигоны ғана жеткiлiктi мөлшерде бақылау пункттерiмен жарақталған. Қазақстанның батыс өңiрлерiнiң ықтимал техногендiк сейсмикалылығы мүлдем зерттелмеген.
Елiмiзде дауылдарға қатысты алдын-ала ескертулердiң жеткiлiктi расталмауы, қауiптi гидрометеорологиялық құбылыстардың назардан тыс қалуы, сондай-ақ су тасқыны ахуалының сенiмдi ұзақ мерзiмдi болжауларының болмауы осы төтенше жағдайларға ден қоюдың тиiмдiлiгiн төмендетедi. Бұған көбiнесе метеостансалар желiсi мен гидрологиялық бекеттердiң жеткiлiксiздiгі, қар өлшеу маршруттары санының аздығы себеп болуда.
Сел қаупі көздерiнiң әуе мониторингi Алматы қаласы мен Алматы облысына тиiп тұрған Iле Алатауы таулы аймақтарында ғана жүргізiледi. Сел жүру қаупi бар көздерi мониторингiнiң автоматтандыру процесi әлi де тәжiрибелiк-экспериментальдық жұмыстар аясынан шыққан жоқ.
Сырғыма қаупiне жүйелi мониторинг жолға қойылмаған.
Ғарыштық мониторингi деректерiн iс жүзiнде пайдалану процесi жедел ден қою қызметтерiнде жолға қойылмаған. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мақсатында республика аумағын қашықтықтан ғарыштық бақылау өзiнiң алғашқы даму сатысында.
Төтенше жағдайларды дәл мониторингiлеуге және тиiмдi автоматтандырылған ден қою жоспарларын әзiрлеуге аса қажет осы заманғы геоақпараттық жүйелер баяу енгiзiлуде.
Iс жүзiнде республикада техногендiк қатерлердiң жүйелi мониторингi мүлдем жоқ. Осыған байланысты өнеркәсiптiк авариялар мен апаттарға болжау жасалынбайды, олардың алдын алу және оларға әзiрлiктi қамтамасыз ету бойынша кешендi iс-шаралар толық деңгейде жүргiзiлмейдi.

Қазақстан Республикасы халықты авариялардан, апаттардан және дүлей зiлзалалардан қорғау саласында жан-жақты халықаралық байланыстарды жүзеге асырады. Олардың бастылары Бiрiккен Ұлттар Ұйымының, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекетаралық кеңесiнiң, Шанхай ынтымақтастық ұйымының, НАТО-ның "Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк" бағдарламасының, Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының, Апаттарды азайту жөнiндегі азиялық орталықтың, Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттігінiң аясында жүзеге асырылатын іc-шаралар болып табылады.


Солай бола тұрса да, iлуде болмаса, халықаралық байланыстардың тұрақты iстеп тұратын, қалыптасқан және бiр iзге түскен бағдарламалар мен өзара iс-қимыл құрылымдары болатын деңгейiне жете алмай отырмыз. Қазақстан халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз eту, төтенше жағдайлар мен дүлей зiлзалалар кезiнде өзара көмек көрсету халықаралық жүйелерiне жеткiлiкті кiрiкпеген.
2. Табиғи апаттар кезінде өзін ұстау мен әрекет ету бойынша халыққа ұсыныстар.
Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады. Оған, адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолдануы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында қауіп төнген аймақтардағы жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.
Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы мүмкін аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталады. Сонымен қатар, соғыс уақытына шекаралас аудандар мен қауіп төнген жерлердегі халықты көшіру тәртібі белгіленді.
Уақытша көшіру шаралары:

  • ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін - өндірістік принцип бойынша;

  • халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;

  • көшіруді ұйымдастыру және меншік көлік иелерінің көліктерін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.

Көшіру шараларын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарында, ұйымдарда көшіру комиссиясы құрылады.
Көшіру шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу тиісті басқару органдарының және ұйымдарының бірінші басшыларына жүктелген.
Ұйымның эвакомиссиясының міндеттері:

  • ұйымның АҚ штабымен бірлесіп, объектінің жұмысшылары мен қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін орналастыру үшін олардың тізімдерін жасайды;

  • азаматтық қорғанысының басшысына эвакуациялық жинау пунктінің әкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобил колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірленеді.

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету және қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.


Төтенше жағдайдың зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байланысты төуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет- адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді.
Адамдарды құтқару төтенше жағдайды әсерін жоюдың бір бөлігін құрайды, сонымен қатар, төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары арнаулы үш топқа жіктеледі:

  • құтқару;

  • арнаулы (жедел);

  • қосалқы.

Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

  • басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

  • зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);

  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

  • зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды;

  • өрт сөндіру ;

  • коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;

  • тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;

  • осал құрылыстарды күшейту.

Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстарының орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жағдай туындайды.
Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орындарын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:

  • аландарды тазалау;

  • техника орнату;

  • қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;

  • жұмыс орындарын жарықтандыру т.с.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі шараларында зандылыққа сәйкес азаматтық қорғаныс күштері қатысады.
Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:

  • халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;

  • барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;

  • тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;

  • құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;

  • төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;

  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;

  • құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;

  • төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.

3. Табиғи өрттер.


Ормандағы өрттердің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде болады.
Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, сондықтан оны кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауы керек, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200 м өрт қанаттарының алдында кемінде 50 м болуға тиіс.
Өрттен адамдарды құтқару кезінде өте жылдам әрі тиімді қимылдау қажет, себебі түтін, улы газ, жоғары температурадағы ыстық, ғимараттың құлауы, тез жанатын және улы газ бөлетін заттардың болуы сияқты қауіптер кез-келген жерден шығуы мүмкін. Жанған ғимарат арқылы үсті-басқа ылғал мата (киім) жауып, түтіннен жоғарылай немесе тізерлей қозғалу керек.
Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер – орман, орманды дала және дала (егіс) өрттері болып бөлінеді.
Ормандағы өртті сөндірудің негізгі жолы суды пайдалану, ал мүмкін болмағанда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш салады. Мысалы, отты топырақпен көму, оттың шоғын бұтамен жанып кетен жерге қарай сыпыру, қарсы от қою, тулақты немесе киізді пайдалану т.с.с.
Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кішігірім өрттің өзінде адамдарды жаппай үрей билеуі адам шығынына әкелуі мүмкін. Өзін-өзі ұстап үйреген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай, басқа адамдарды, материалдық құндылықтарды да құтқара алады.
Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Оттан қорғайтын киім киіп, керекті жарақтарды (адамдағы мүмкіндігішне арнайы киім, противогаз, каска, түтіннен қорғайтын маска) пайдалану керек, әр топта сол аймақты жақсы білетін жол серік болғаны дұрыс. Егер түтіндеу аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, ода оған кіруге болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет