Сабақ жоспары Күні: Пәні: Әдебиеттік оқу 2-сынып



Дата21.07.2017
өлшемі47,52 Kb.
#21665
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:--------------- Пәні: Әдебиеттік оқу 2-сынып

Тақырыбы

Бөлімді қайталау

Мақсаты

а)Қыс айлары және қыс мезгілінің ерекшеліктерін білу

б)Бөлімде өтілген шығармалардағы негізгі ойды анықтай алу

с)Қыс тақырыбында мәтін немесе өлең құрастыра білу


Күтілетін нәтиже

а)Қыс айларын атай алады,қыс мезгілінің ерекшеліктерін біледі.

б)Шығармалардағы негізгі ойды анықтай алады

с)Қыс тақырыбында өлең құрастырып шығармалар жаза алады


Оқыту әдісі

«Қос шеңбер», «Сауалнама», «Уақыт шеңбері»



уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

3мин
2мин

5мин


10мин



I.Ұйымдастыру бөлімі :

Психологиялық сәт :«Қар лақтыру» Оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында «қар ұлпасын» қысқа байланысты сөздер айта отырып кезекпен бір-біріне лақтыруды сұрайды



2.Топқа бөлу:

а)Оқушылардың алдына төрт түрлі стикерлер тастап,оқушыларға таңдап алуды сұрайды

ә)топқа ат қойып,топ ережесін құрастыруды сұрайды



II.Өткенді пысықтау:

1.«Қос шеңбер» әдісі

Оқушыларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызады.(Ішкі шеңбердегі оқушы сыртқы шеңбердегі оқушыға қарама-қарсы қарап тұруы қажет)



2 «Шаналар сайысы».

Төрт топқа 4 түрлі тапсырма береді



Оқушылар қазақ,орыс,ағылшын тілінде қыс мезгіліне байланысты сөздер айта отырып «қар ұлпаларын» лақтырады

2. Таңдап алған стикер түсіне қарай 4 топқа бөлініп отырады
ә)топ мүшелері ақылдаса отырып топқа ат қойып,топ ережесін құрастырады.


1.

Оқушылар осы бөлімдегі өткен шығармаларына байланысты сұрақтарға жауап алады (Сыртқы шеңбердегі оқушыға ішкі шеңбердегі оқушылар,ішкі шеңбердегі оқушыға сыртқы шеңбердегі оқушылар және ішкі шеңбердегі оқушылар мұғалімнің берген белгісімен қозғалады)



2.

1-топ:қыс тақырыбында өлең құрастырады

2-топ:қыс тақырыбында шығарма жазады

3-топ:қысқы мерекелерге байланысты сурет салады

4-топ: «қысқы ойындар» тақырыбында сурет салады



уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

7мин

3мин

8мин

3мин
2мин


2мин


3.Сауалнама сұрақтарына жауап алу. (Оқулықтың 112,113,114-бетіндегі сауалнама сұрақтарын оқып,дәптерге жауаптарын белгілеуді сұрайды)

4.Сергіту сәті: «Кім тез?»
Жұмбақ

1.Есіктен кіреді еңкейіп,

Төрге шығады қампайып.
2.Аузымен сурет салады,

Демімен ағаш жарады.


3.Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге



Жаңылтпаш

Бұл қар –

Сүр қар,

Сұр қар –

Кір қар.

Үстіне аунама,

Үстіңді былғар.

III.Сабақты бекіту:

6. «Уақыт шеңбері» әдісі

Оқушыларды ортаға дөңгелентіп отырғызады да,бөлімде өтілген шығармалардың ішінен өзіне ұнаған шығарманың негізгі ойы,тәрбиелік мәні туралы әңгімелеп бастап,келесі қасындағы оқушыға кезек береді.


IV.Бағалау.
Әр тапсырма орындалған сайын смайликтер арқылы бағалап отырады.

V.Үйге тапсырма:

Қайталау,шығарма жазуға дайындалуды тапсырады


VI.Рефлексия:

Тақтаға смайликтер іліп, бүгінгі сабақтан алған әсерін көрсетуді сұрайды





3.

а)Оқулықпен жұмыс


ә) Сауалнама сұрақтарына берген жауаптарын Интербелсенді тақтаға қарай отырып,4-топ дәптерлерін алмастырып тексереді
4. Оқушылар жұмбақтар жауабын шешіп,жаңылтпаш айтып жарысады,өздері білетін жұмбақ,жаңылтпаштар айтады.

Оқушылар өзіне берілген уақыт ішінде бөлім бойынша өз ойын толық жеткізуге тырысады.


Топ басшысы өз тобындағы оқушыларды әр тапсырма орындалған сайын бағалап,соңында қорытынды бағасын айтады.


Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
Өзінің көңіл-күйіне сай смайликке стикер жапсырады,келесі сабақтан не күтетінін де жазуына болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет