5.5.1.1 мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау. Тапсырма. Жұбыңызға «Менің атым Қожа» шығармасы туралы, сүйікті кейіпкері, одан алған әсеріне бағытталған 5 сұрақ дайындаңыз. Сұрақтарыңызды жұбыңызға ретімен қойыңыз, оның жауаптарын қысқаша жазып алыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына жауап беріңіз.
Сұрақ қою немесе жауап беру барысында төменде ұсынылған диалогке қатысты сөз тіркестерін қолданыңыз: сіздің пікіріңізше, менің ойымша, оның мынадай себептері бар, себебін былай түсіндіремін, ерекше әсер қалдыру.
Бағалау критерийі
Дескриптор
Балл
Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді
жұбына «Менің атым Қожа» шығармасы туралы, оның авторы жайлы сұрақ дайындайды;
1
шығармадағы сүйікті кейіпкері, оны неліктен ұнататыны жайлы сұрақ дайындайды;
1
кейіпкердің бойында кездесетін жақсы қасиеттері туралы сұрақ дайындайды;
1
кейіпкердің ерекше әсер қалдырған әрекеті туралы сұрақ дайындайды;