Тапсырма. Берілген тақырыптардың бірін таңдаңыз. Бір-біріңізбен тақырып бойынша жұпта диалог құрыңыз (әр оқушыға 2 минут).
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Балл
|
Шағын диалогке қатысады.
Сұраққа жауап береді
|
тақырыпқа таңдау жасайды;
|
1
|
таңдалған тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды;
|
2
|
сұраққа лайықты жауап береді.
|
2
|
Диалог тақырыптары:
Ә. Қастеевтің жастық шағы.
Ә. Қастеевтің «Түрксіб» суреті.
Ә. Қастеевтің Мәскеудегі өмір.
Ә. Қастеевтің отбасы.
2 - бөлім. Мектеп өмірі. Әдепті бала-арлы бала.
Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі (үзінді)
Тақырыбы: «Сүйікті жазушы»
5.3.5.1 қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу;
5.5.1.1 мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау.
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, ақпараттарды кестедегі бағандарға сай іріктеңіз.
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Балл
|
Тақырыпқа байланысты мәліметтерді іріктейді.
Іріктелген ақпараттарды жинақтайды.
|
мәтіндегі бұрыннан білетін ақпараттарды «білемін» бағанына толтырады;
|
1
|
мәтінді оқу арқылы білген ақпараттарын «білдім» бағанына жазады;
|
2
|
мәтіндегі ақпарттардан нені білгісі келетінін «білгім келеді» бағанына жазады.
|
2
|
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда дүниеге келді. Туған өлексі – Алматы облысының Нарынқол ауданының Қостөбе ауылы.
Әкесі қарапайым малшы болған, оқымаған жан болса да ауыз әдебиеті үлгілерін көп білген дейді. Балаларының анасы көз алдында дүние салды. Ол кезде Бердібек небәрі сегіз жаста болған. Бұғанасы қата қоймаған ол бала күнінен ауыр еңбекке жегілді. Бердібек Соқпақбаевтың өмірі қазақ даласындағы ашаршылық кезеңімен тұспа-тұс келді. Жетімдіктің зардабын шекті.
Балалар әдебиетін алып бәйтерек десек, оған нәр беріп, құнарландырып тұратын күретамыр Бердікбек Соқпақбаев деуге негіз бар. "Балалық шаққа саяхат", "Менің атым Қожа", "Өлгендер қайтып келмейді" шығармалары – жазушының шоқтығы биік туындылары. Бұл шығармаларда жазушы өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеді. "Балалық шаққа саяхат" повесінде жазушы анасының ұзақ ауырып қайтыс болғанын, емшектегі інісі Тұрдыбек тоқтаусыз жылап қалғанын жазған. Жұпыны үй ішінде бір үзім нанға зәру күн кешкенін бейнелеген.
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |