2. денсаулық сақтау



Дата27.05.2018
өлшемі119,61 Kb.
#40986
Аудан әкімінің 2006 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2007 жылға арналған міндеттер туралы eceбi 

1. БЮДЖЕТ
Аудан бюджеті 2007 жылы жалпы кірістер бойынша 102,1 пайызға немесе болжалынған 1336642,0 мың теңгенің орнына 1364400,0 мың теңгеге орындалды.
Аудан бюджеті 2006 жылы меншік кірістер бойынша 107,0 пайызға орындалды, немесе, 411612,0 мың теңге болжамды бағалауда 440485,0 мың теңге сомасында түсім қамтамасыз етіліп 28873,0 мың теңгеге асыра орындалды.
2007 жылы аудан бюджетінің шығыс бөлігі 99,5 пайызға орындалды, жоспардағы 1336642,0 мың теңге 1364400,0 мың теңгеге орындалды.
34301,0 мың теңге көлеміндегі қолданылмай қалған қаржы, меншіктік кіріс бойынша болжамды 28873,0 мың теңге сомаға асыра орындағаны есебінен және әкімшілік бағдарламалардың бюджеттік қаржыларын 5428,0 мың теңгеге үнемдеген есебінен құрылды.
2007 жыл көлемінде жеке кіріс болжамының асыра орындалуына байланысты бюджеттік кірістер мен шығыстар 20986,0 мың теңгеге нақтыланды. Ол мұғалімдердің жалақысын төлеуге, елді мекендерді көркейту мен жарықтандыруға, дене шынықтыру және спортты дамытуға, автомобиль жолдарын жөндеуге, кітапханалар мен мәдениет үйлерін жабдықтауға, білім беру мекемелерін күрделі және ағымды жөндеуден өткізуге жұмысалды.

2. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ         
Ауданның емдеу-профилактикалық мекемелер желісін   жалпы қоры 100 төсек- орыннан  тұратын  Таврия ауылындағы орталық аудандық аурухана, Асубулақ кенті мен Бозанбай ауылындағы учаскелік ауруханалар,  8 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 19 фельдшерлік пункт пен 9 үйден қызмет көрсетілетін медициналық қызметкерлер  құрайды.
Денсаулық сақтауды қайта құру мен дамыту аймақтық бағдарламасын іске асыру үшін 2007 жылы республикалық және облысиық бюджеттерден 297,2 мың теңге бөлінді, оның ішінде 9 денсаулық сақтау объетілерін күрделі жөндеуге  35500,0 мың теңге, материалдық-техникалық жабдықтауға 17990,0 мың теңге.
Емдеу-профилактикалық мекемелерінде  стационарлық орналастыру көмегін дамыту жалғастырылуда, отбасылық-дәрігерлік амбулаториялардық қасынан қосымша 28, стационарлардың жанынан қосымша аурулар күндіз жатып емделетін 7 төсек-орын ұйымдастырылған.
Есеп жылында ауданда 15-тен 49- жасқа дейінгі  11596 әйел адамдар,18 жасқа дейінгі 10671 балалар  профилактикалық тексеруден және 12147 адам флюрографиялық тексеруден өтті.
Бүгінгі күні жалпы аудан бойынша медициналық кадрлардың тапшылығы негізгі проблема болып отыр. 2007 жылы ауданға 3 дәрігер келді, оларға 3 пәтер сатып алынды және әр қайсына 120 мың теңге көлемінде көтермелеу ақы төленді.
2008 жылы денсаулық сақтау саласын материалдық-техникалық  жетілдіру, объектілерді күрделі және ағымды жөндеу, көрсетілетін медициналық көмектердің сапасы мен көлемін көтеру бойынша, әлеуметтік-маңызды аурулармен күрес шараларын күшейту бойынша жұмыстар жалғастырылады.

3. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ
Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысатын адам саны 2007 жылы 7051 адамды құрайды, дене тәрбиесінің  штаттық қызметкерлері 73 адамға көбейді.Сонымен қатар 20 қоғамдық бапкер, 30 спорт төрешілері дайындалды.
Спорт саласының материалдық-техникалық базасы үнемі жетілдіріліп отыр. Привольный ауылында спорт кешені аяқталуға жақын, Пролетарка ауылының спортзалы қайта жаңартылды. Манат ауылында шағын спортзал салынды.
Ауданда 6351 адамды қамтыған 57 дене шынықтыру және спорт ұжымдары жұмыс істейді. Республикалық және облыстық деңгейдегі құрама командаға аудан спортшылары 9 спорт түрлері бойынша кіреді, соның ішінде «самбо» күресі, «қазақша күрес», «тоғыз құмалақ», армрестлинг, гирьді спорт, көкпар, аударыспақ, 25 км бәйге.
Аудан бойынша 40 спорт зал, 36 баскетбол, волейбол алаңы, 7 хоккей алаңы, 25 аяқ доп алаңы, 24 дене шынықтыру және спортпен айналысатын орындары бар.
Аудандағы халықтық ойындары қатысушылардың санына қарағанда ең көпшілік ойын болып табылады. Халықтық ойындарының барлық кезеңдеріне стартқа 3000 ұландықтар шығып олардың 1000  астам адамы  жыл сайын финаға қатысады.
Ауданның  құрама командасы ХІ халықтық ойындарында ІI орынды иеленді.
Ауданда «Денсаулық күні», «Спорт күні», «Көңілді старт», «Есірткіге қарсы спорт» атты жаппай дәстүрлі іс-шаралар, маңызды даталарға арналған спорт түрлерінен турнирдер өткізілді.
Елді-мекендерде балалармен жұмыс істеуге көп көңіл бөлінеді. 10 жасөспірім клубтарда 300 бала спортпен айналысады, сонымен қатар ересек тұрғындар үшін 4 клуб жұмыс істейді.
Дене шынықтыру және спортты дамытуға тек қана ауданның жергілікті бюджетінен  2007 жылы 4190,0 мың тенге  , ал  2008 жылға 4310,0 мың. теңге қаражат бөлінді.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ 
Ауданның агроөнеркәсіп комплексі 1054 ауылшаруашылық құрылымдарынан тұрады, оның ішінде 1030 шаруа қожалықтары, 5 коммандиттік серіктестік, 16 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2 өндіруші кооператив, 1 акционерлік қоғамы бар.
Ауданының аумағы 962481 гектар жерді құрайды, ауыл шаруашылығына арналған жерлер 436685 гектар, оның ішінде: жайылымдар-249488, шабындықтар-26768, егістік-125600 және 34829 гектар тынайған жерлер.
100,0 мың гектар айналымындағы егістіктің ішінде дәнді дақылдары 47,2 мың гектарға , күнбағыс-18,8 мың гектар, жүгері-1,8 мың гектар, көпжылдық шөп-14,0 мың гектар, картоп-0,9 мың гектар және көкөністер-0,1 мың гектар жерге егілді, тың жер 17,0 мың гектар.
Ауданда 2007 жылғы 1 желтоқсанға  47430 бас- ірі қара, 95877 бас- қой мен ешкі, 10529 бас- жылқы, 8638 бас- шошқа және 1131,4 мың бас кұс, 71 бас-түйе, 395 бас-марал саналды.
2007 жылғы 1 желтоқсанға мал шаруашылығынан өндірілген өнімідер: 19964,2 тонна – ет, 47264,2 тонна – сүт, 18,5 мың дана – жұмыртқа.
«2007-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы туралы» бағдарламаны орындалуына 2007 жылы техниканы жанартуға бағдарламада 192,0 млн. тенге болінді және игерілді.
2007 жылы «КазАгро Финанс» АҚ  65 дана техника алынды, 1  неміс фирмасынын «Класс» комбайны, 1 «Нива» және 7 «Вектор» комбайны, 13 трактор,  12 сеялка және 31 басқа ауыл шаруашылық техникасы.
Республика бюджетінен жанар жағар майға 65047,4 мың.теңге субсидия бөлініп 64205,0 мың.теңгесі игерілді.
Ауданда өсімдік шаруашылығынның жағдайын жақсарту үшін белгіленген жұмыстар жүргізілуде. Ауданда жоғары сапалы, аудандырылған астық тұқымдарын және 1,2,3 репродукциялы күнбағыс тұқымдарының өндірушісі болып табылатын 4 өсімдік шаруашылығы жұмыс істейді. 2007 жылы қосымша «Дружба» ШҚ  өсімдік шаруашылығы құрылды. «Багратион ВВГ» ЖШС элиталы астық тұқымы мен күнбағыстың өндірушісі мәртебесін алды.
47200 гектардан  52000 тонна дәнді дақылдар, 18818,1 гектардан 11102,7 тонна күнбағыс, 955 гектардан 12463 тонна  картоп, әр гектардан 130,5 центнерден жиналды. Көкөніс дақылдарының жалпы өнімі 126,1 гектардан 1759 тоннаны құрады. Орташа өнімділігі гектарынан 126,1 центнер.
Ауданда мал шаруашылығы өнімін көбейтуде және асыл тұқымды шаруашылықтарды құруда белгілі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағытта «Багратион ВВГ» ЖШС 2004 жылдан жұмыс істейді және ірі қара малдың Қазақтың ақ бас ет  тұқымын өсіретін асыл тұқымды зауыты мәртебесін және Симменталь тұқымын өсіретін асыл тұқымды шаруашылығы мәртебесін алды.
Ауданда сүт тұқымды-Симменталь, жақсартылған Симменталь Голштинофризами, Алатау , ет тұқымды- Қазақтың ақ бас сияқты мал тұқымын, «Байыс», «Еділбай» -жартылай қылшық жүнді, құйрықты және ет-майлы қой түрлерін   өсіреді.
2007 жылы үш шаруа қожалықтарына («Сағынқұмаров», Ақбастау, Айтказина) «Байыс» тұқымды қойларын, «Жәбе» тұқымды жылқы өсіргені үшін, «ШҚ-Бекон» ЖШС «Ірі ақ» тұқымды шошқаларын өсіргені үшін асыл тұқымды мал шаруашылығы мәртебесі берілді.
2007 жылы көлемінде ауданда 10 бордақылау алаңдары, 21 сиырларды жасанды ұрықтандыру пунктері, 4 орталықтандырылған сүт жинау, 5 малдардың терілерін жинау және 1 жүн жинау пунктері ұйымдарстырылды.
Ауданда ауылдық несие серіктестігінің несие желісі жұмыс iстейтді.Оның  кредиттік портфелі 72,8 миллион тенгені құрайды, оның  ішінде 2007 жылда 46,2 миллион тенгесі игерілді, жарғылық қор 5000,0 мың теңгеден 18200,0 мың теңгеге дейін өсті.
2008 жылы 4 шаруа қожалықтарында (Украинка, Айтказина, Дархан, Елдос) бордақылау алаңы, 3 сүт жинау пункті (Бозанбай, Тарғын, Ленинка ауылдарында), 6 асыл тұқымды шаруашылық(Дархан, Украинка, Корпебай, Кунжура, Солтанбек ШҚ), 2 су колданушылар кооперативі (Азово, Төлеген-Тоқтаров а/о),  «Таң» ШҚ –да картоп шаруашылығы бригадасын құру жоспарланды.

5. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламасының басты мақсаты болып жұмыссыздықтың деңгейін төмендету, сонымен бірге тұрғындарды нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болып табылады.
2007 жылы Ұлан ауданы жұмыспен қамту бөлімі және әлеуметтік бағдарлама бөліміне 880 адам өтініш білдірді, оның 537 әйел адамдар, 198 адам 24 жасқа дейінгі  жастар, оның ішінде 54 адам оралмандар.
Жұмыссыздар деңгейі Ұлан ауданы бойынша 2007 жылдың 1 қаңтарына 1,6 пайызды  құрады.
Есепте тұрған жалпы  жұмыссыздар саны 2007 жылдың 1 қаңтарына  383 адам.
Жұмыстылық бағдарлама бойынша 433 адамды жұмысқа орналастыруға доспарланған. 2007 жылғы 1 қаңтарға 818 адам жұмыспен қамтылды, яғни 181 пайызды құрайды.
Бағдарлама бойынша 505 жұмыс орнын ашу көзделген болса, нақты 527 жаңа жұмыс орын ашылды, ол 104,3 пайызды құрайды, соның ішінде шағын және орта бизнес саласында – 125, ауыл шаруашылық саласында-164, өнеркәсіп саласында-50, саудада-44, көлік саласында – 4, білім беру саласында-18, құрылыста-50, ауқытша-мерзімді жұмыстарда-170, басқа – 27 жұмыс орны ашылды.
Ұлан ауданында оралмандар саны 526 жанұя-2538 адам тұрады. Оның 277 жанұясы – 1454 адам Монғолия Халық Республикасынан, 236 жанұясы-896 адам Қытай Халық Республикасынан, 13 жанұясы-68 адам ТМД келген.
Қазақстан Республикасының «Көші-қон» Заңына сәйкес аудан көлемінде 8100 шаршы метр болатын қоныс аударушылардың жер қоры белгіленген. 278 адам аулалық учаскесімен қамтылған, 6736,8 шаршы метр болатын 57 жанұяның шаруа қожалығы бар.
2007 жылы 22 оралманға 710,4 мың теңге көлемінде шағын несие, 6 отбасы 102,0 мың теңге көлемінде материалдық көмек алды, 202 көпбалалы отбасыларға берілетін 6958,3 мың теңге мемлекеттік жәрдемақы, 371 адамға 3777,0 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік ақылы көмек көрсетілді.
Сондай-ақ осы жылы «Жастар іс тәжірибесін өткізу» жөніндегі арнаулы оқу орындарын бітірген жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген түлектермендің практикалық тәжрибе және білім алып алу үшін жұмыстар ұйымдастырылды. 2007 жылы осы бағдарламаға 14 адам қатысып, оның ішіндегі практикадан өткен 12 адамның үшеуі сол жерге  жұмысқа орналасты, ал 5 адам басқа мекемелер мен кәсіпорындарға жұмысқа орналасты. Осы мақсатқа бөлінген 560,0 мың теіге толығымен игерілді.
Жұмыссыз тұрғындардың кәсіптік даярлығы бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді, оған ағымды жылы бюджеттен 1930,0 мың теңге бөлініп 70 адамды оқытуға толығымен жұмсалды.
2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 632 адам қатысты,олардың ішінен 444 әйел, 96 адам 24 жасқа дейнгі жастар, оған бюджеттен 21024,0 мың теңге бөлініп, барлығы толық игерілді.
Сонымен бірге 2007 жылғы 1 қаңтарға жұмыспен қамту бөлімінің мәліметі бойынша ауданда 64 бос жұмыс орны бар, мысалы «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-на электрик, огнеупорщик, инженер-механик, инженер-құрылысшы, медбике, бу қазандықтарының инженері, бас механик қажет, барлығы 10 бос орын. «Білім беру бөліміне» - ағылшын, орыс тілдері, физика, математика, информатика, химия, биология, еңбек, сызу, дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері қажет, барлығы 28 бірлік. Ауданның медициналық мекемелеріне 14 медициналық қызметкер қажет.
Ауданда жұмыссыздарды жұмықа алу үшін бос орындар жәрмеңкесінің өткізілуі көзделген. Тек өткен жылы ғана өткізілген 4 жәрмеңкенің нәтижесі бойынша 24 адам, оның ішінде 12- жастар, 15-әйел жұмысқа орналастырылды.
Ауданда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  алу бойынша белгіленген жұмыстар өткізіледі.  Өткен жылдың 12 айында 1770 адамға 20135,0 мың  теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Сондай-ақ 2007 жылы «Балалы отбасыларына төленетін жәрдемақы» 18 жасқа дейінгі 2343 балаларға 32700,0 мың теңге  төленді.
19  үйде тәрбиеленіп оқу оқитын мүгедек балаларға  1720,0 мың теңге, 513 жанұяға тұрғын үй жәрдемақысы  4400,0 мың теңге көлемінде тағайындалып төленді..
Ауданда мүгедектер жөнінде аудандық кеңес жұмыс істейді. 2007 жылы мүгедектерге 13 арбашалар бөлінді «Уба» санаториясына 14 мүгедек санаториялық-курорттық  емделуге жіберілді.    
Ауданда 25 әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. Олар жаңғыз басты 113 зейнеткерлерге және 40 мүгедектерге көмек көрсетеді. Сондай-ақ Таврия ауылында жаңғыз басты және панасыз адамдар уақытша тұратын пана жұмыс істеп тұр.

6. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Ауданда автомобиль жолдарының ұзындығы 555 шақырым және елді мекендердің көшелері – 149 шақырым.     2007 жылы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын ағымды жөндеу және ұстауға 29100,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде қысқы мерзімде ұстауға -12000 мың теңге, ағымды жөндеуге – 17000,0 мың теңге.
Былтырғы есеп беру кезеңінде автомобиль жолдарының шұңқырларын жабу көлемі 3289,8 шаршы метр бағасы 8204,0 мың теңгеге орындалды, 4950 шаршы метр жол асфальттандырылып, оған 5244,2 мың теңге жұмысалды.
Сонымен қатар, ауданның 39 елді мекендерінде бағасы 880,0 мың теңгеге жол белгілері ауыстырылып орнатылды.
Ұлан ауданы бойынша орталықтандырылған сумен қамту 14 елді мекендерде бар, оларда 12988 адам тұрады немесе аудандағы тұрғындар санының 31 пайызын құрайды. Су құбырларының жалпы ұзындығы 61 шақырым, тозу орташа 80 пайызды құрайды.
«2003-2010 жылдарға арналған Ауыз су» Аймақтық бағдарламасына сәйкес 2007 жылы 14 елді мекендердің су құбырлар жүйесін және Молодежный кентінің канализация желілерін жөндеуге 9640,0 мың теңге бөлініп толығымен игерілді.
2008 жылға «Сумен қамту және су қайтарғы жүйелерінің жұмыс істеуі» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 4795,0 мың теңге қаражат ауданның 6 елді мекендері бойынша және жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын ұстау мен ағымды жөндеу жүргізу үшін 97000,0 мың теңге бөлінді.

7. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ
2007 жылы ауданда 4959 ғимарат  жалпы көлемі 369085 шаршы метр қолданысқа енгізілді, оның ішінде 689 тұрғын емес және 4270 тұруға арналған ғимарат, оның ішінде 4909 ғимарат рақымшылық жасалғаннан кейін.
Сонымен қатар қолданысқа нан, күнбағыс майын, полиэтилен пакеттерін өндіру, тас үгіту  және метал илеу цехтары, 18 орындық дәмхана, ТҚКС, ЖҚС, медициналық пункт және жалпы көлемі 6756 шаршы метр қойма енгізілді.
Бүгінгі күні Молодежный кентінде 80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оған 2007 жылы бюджеттен 42,0 млн.теңге, ал 2008 жылы 190,0 млн.теңге бөлінді. Тек өткен жылы жеке құрылысшылардың өтініші бойынша 491 жер учаскелері берілді, жеке еңбек қызметін ұйымдастыру үшін жайларды қайта жөндеуден өткізуге 43 жоба және 13 жеке тұрғын үйдің жобалары келісілді.
2007 жылы елді мекендерді көріктендіруге, санитарлық тазалауға және көшелерді жарықтандыруға бюджеттен 6871,0 мың теңге бөлінді, ал 2008 жылы   осы мақсаттарға аудандық бюджеттен 16658,0 мың теңге қарастыру көзделген.

8. КӘСІПКЕРЛІК
2008 жылғы 1 қаңтарда ауданда 2662 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, соның ішінде 93 заңды тұлғалар, 1181 шаруа қожалықтары, 1388 жеке кәсіпкерлер.
Кәсіпкерлікте жұмыс істейтін адамдардың саны 4828 құрайды, ол 2007 жылмен салыстырғанда 113 адамға арттық, немесе 2,4 пайызға өсті..
Есеп кезеңінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінен жалпы сомасы 103603,0 мың теңге салық және басқа міндетті төлемдері түсті . шағын кәсіпкерлік бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке түскен салықтардың жалпы салмағы түсімдердің жалпы көлемінен 19 пайыз, жергілікті бюджетке 22,6 пайызды құрайды.
2007 жыл көлемінде аудан орталығында және 5 елді мекендерде ауданның ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші қожалықтары мен кәсіпорындардың қатысуымен 61 жәрмеңке өткізілді. Сонымен қатар, ауданның ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілері облыстық жәрмеңкеге үнемі қатысып отырады.
Ауданда 8 номинация бойынша «Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлері» сайысы өткізіліп, аудан әкімі жеңімпаздарға дипломдар мен естелік кубоктарын табыс етті. Сонымен қатар кәсіпкерлер облыстық «Шығыс Қазақстан облысындағы шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлері» конкурсына қатысып,  «Таңдаулы фермер-кәсіпкер» номинациясы бойынша «Изумруд» ШҚ басшысы В.В.Зейнок, «Ең көп жұмыс орынын ашқан кәсіпкер» номинациясында «Калантаевский» ШҚ басшысы женімпаздар болып атанды.
2007 жылы ауданда 28 жаңа шаруашылық субъектілері іске қосылды, олар 12 дүкен, 1 дүңгершек, 2 қоғамдық тамақтану нысаны, 1 ЖҚС, 1 ателье, 1 шаштараз, полиэтилен пакеттерін шығаратын цех, 2 наубайхана, 1 ТҚКС,
1 шиномонтаждау цехы, 1-тұшпара жасайтын цех, 2 сүт қабылдау орындары болып табылады.
2008 жылы  жылына 10 мың дана шығаратын кірпіш зауыты және Герасимовка ауылында арматура шығаратын зауыт, керамзит , биоэтанол және асфальбетон шығаратын зауыттарды ашу жоспарланған.
Ағымды жылы ауданда шағын және орта бизнесті дамыту бойынша, жаңа шаруашылық нысандарын ұйымдастыру, қосымша жер учаскелері мен қаржы-несие мекемелер арқылы несиелік қор бөлу жұмыстары жалғасады.

9. БІЛІМ БЕРУ
Ауданда 37 мектеп бар, оның ішінде 26 орта , 9 негізгі, 2 бастауыш. 37 мектептің 32-сі  аз қамтылған. 2006 – 2007 оқу жылына 5170 бала оқумен қамтылған. 12 елді мекеннің алты мектебінен оқушыларды көлікпен тасымалдау жүзеге асырылып, қажетті жағдайлар жасалған. 2007 жылы 10 орта мектепке жергілікті бюджеттен 18188,0 мың тенге бөлініп, күрделі жөндеу жасалды. Аудан мектептерінде ағымды жөндеу өткізу мақсатына жергілікті бюджеттен 2678,0 мың тенге бөлініп толығымен игерілді.
Аудан мектептерінің материалдық техникалық базасының нығайту мақсатында жергілікті бюджеттен 23464,0 мың тенге, республикалық бюджеттен 18239,0 теңге бөлінді.
Ауданда 2 бала бақша, 1 музыкалық мектеп жұмыс істейді. Привольный ауылыднағы бала бақшасы күрделі жөндеуден өтті, «Аленушка» бала бақшасының жылу жүйесіне күрделі жөндеу жүргізілді, өндірістік электрплита сатып алынды. Осының бәріне аудандық бюджеттен 4713,0 теңге бөлінді.
2007 жылғы 1 қыркүйекте ауданда 9 шағын орталық ашылды, ал 2008 жылы тағы 5 шағын орталық ашу жоспарланды.
2008 жылы білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жасауға аудандық бюджеттен 30500,0 мың теңге  бөлу көзделді, ол 2007 жылғы қарағанда 12252,0 мың теңгеге артық.
Физика, шеберхана және лингофондық кабинеттер алуға, Ломоносов атындағы  және Асубұлақ кенті мектептеріне балаларды әкелуге 2 автобус алуға аудандық бюджеттен 2008 жылы 32209,0 мың теңге бөлінді, ол 2007 жылға қарағанда 8745,0 мың теңгеге артық.
Жергілікті бюджеттен жалпыға бірдей міндетті білім беру қорына 4056,.0 мың тенге бөлініп  ыстық тамаққа және нашар қамтылған жанұя балаларына киім кешек әперуге жұмсалды.
Оқулықтармен қамтамасыз ету және қорын сақтау циклі бойынша жаңа оқулықтар сатып алуға және тасымалдауға 15100,0 мың тенге бөлінді.
2008 жылы аудан бюджетінде әр қайсысы 75 орындық Таврия ауылындағы бала бақшасына және Привольный ауылының «Колосок» бала бақшасының 2 қабатын күрделі жөндеу жасау үшін жалпы сомасы 26000,0 мың теңге бөлу көзделді.
Компьютерлік сауаттылықты арттыру үшін тұрғындарды оқыту өткізілді, онда 1714 адам оқыды және оған бюджеттен 4568,0 мың теңге бөлінді.

10. МӘДЕНИЕТ
Ауданда 17 клуб және 9 кітапхана жұмыс істейді.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2007 жылғы бюджеті 50,0 млн.теңгені құрады, оның 39848,0 мың теңгесі ауданның клуб мекемелеріне, 6655,0 мың теңгесі кітапханаларды ұстауға жұмсалады.
Жергілікті бюджеттен бөлінген  ақшаға Герасимовка ауылдық клубы мен Молодежный кентінің Мәдениет Ү йіне күрделі  жөндеу жасалды.
Бозанбай, Герасимовка ауылдық клубтарына және аудандық Мәдениет Үйіне музыкалық аппаратура, Бозанбай ауылының жастар ансамбіліне музыкалық аспаптар сатып алынды.
2008 жылы аудандық мәдениет мекемелеріне жергілікті бюджеттен 42000,0 мың теңге бөлініп, сол қаражаттан Гагарино және Жаңа Қанай ауылдырының клубтарына күрделі жұмыс жасауға ақша бөлу көзделді.

11. ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ
Ауданда аймақтың серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуына, партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-әрекет жасауға ықпал етіп отырған тұрақты қоғамдық-саяси ахуал қалыптасқан.
Ауданда «Ұлан жастары», ақсақалдар, ардагерлер, әйелдер кеңестері, «Орламандар» кеңесі - қоғамдық ұйымдары жұмыс істейді.
Облыстық «Дидар» газетінде «Түлеген өңір тынысы» атты бет басылып шықты, «Ұлан ауданының агроөнеркәсіп кешенің дамуы» атты қысқа метражды  деректі фильм түсірілді.
2007 жылғы 6 наурызда мемлекет басшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауының басымдықтарының негізгі бағыттарын жүзеге асыруды анықтау үшін идеологиялық актив өтті.
Аудандағы атқарушы билік органдары мен азаматтық қоғам институттарының өзара қарым-қатынасын нығайтуға, даму-барысына оңды баға беруге, қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтануына ықпал ететін  бірқатар қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық шаралар өткізілді.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет