Бақылау сұрақтары: 1. Физикалық даму туралы түсінік
2. Физикалық дамудың көрсеткіштері.
3. Физикалық дамуға әсер ететін факторлар.
4. Өсу және даму заңдылықтары
№ 3 Практикалық сабақ Тақырыбы: Орталық нерв жүйесінің жеке бөлімдерінің функционалдық маңызы
Мақсаты: Балалардың орталық нерв жүйесінің дамуындағы сандық және сапалық өзгерістермен танысу.
Құралдар: Кестелер, схемалар, альбом, карандаштар.
Тапсырмалар: 1. Мидың құрылысына, оның дамуына жасына қарай баға беру, суретін салу.
2. Жұлынның құрылысы, оның дамуы және қызметі. Жұлын мөлшері мен салмағының адамның жасына байланыстылығын қарастыру.
3. Вегетативтік нерв жүйесінің маңызы мен құрылысын зерттеу.
Нерв жүйесі организмінде көптеген қызмет атқарады. Орталық нерв жүйесі ми мен жұлыннан, ал шеткі нерв жүйесі- соматикалық (бас сүйек пен жұлыннан тарайтын) және вегетативтік (симпатикалық және парасимпатикалық) нервтерден тұрады.
Нерв жүйесінің қызметінің арқасында организмінің қоршаған ортамен қызметі жүзеге асады. Сырттан әсер еткен кез – келген тітіркендіруге организм рефлекторлық реакция арқылы жауап қайтарады. Сонымен қатар нерв жүйесі организімдегі барлық мүшелер мен мүшелер жүйелерінің қызметін реттейді.
Нерв ұлпасы нейрондардан түзілген.