2 дәріс Педагогтің үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары
Жоспар
«Үздіксіз білім беру» ұғымының мәні
Үздіксіз педагогикалық білім – мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуындағы және өзін-өзі танытуындағы жетістігінің шарты
Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеттестігінің негізі
Педагогтың сөйлеу мәдениеті – кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу – қазіргі мұғалім тұлғасын дамыту факторы, оның ерекшеліктері.
24.11.22
24.11.22
Ғалым Е.Н. Волкова педагог субъектілігінің құрылымының негізгі компоненттерін атап көрсетеді. Олар:
24.11.22
Өзін–өзі жетілдіруге деген ұмтылыс пен тәжірибе өзін–өзі тәрбиелеуге қажетті өзінің тұлғалық кәсіби маңызды сапаларын үш бағытта дамытуда саналы жұмыс жасау алғышартын құрайды. Олар:
24.11.22
Шығыстың әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн сынды ғұлама ойшылдары қарым-қатынас ұғымының біртұтастығына, адамдар арасындағы өзара әрекетке аса зор мән берген. Жүсіп Баласағұнның тәлім-тәрбиелік ойларға толы «Құтты білік» атты дастанында адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, сөз өнері, сөйлеу шеберлігі туралы өте әсерлі баяндалады. Мысалы, осы дастанында жазылған: «Сөзіңді ізгі сөйле, өлсең де өлгісіз», «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз», «Қадірлісі – тіліне ұят сіңгендер, жүрек сөзін жүрегімен білгендер!» т.б. даналық сөздерінің тәрбиелік мәні қандай адамның болмасын жүрегіне жағымды, санасына сіңімді екені анық.
Ғылым аралық ұғым ретінде қарым-қатынас - өзара іс-әрекеттер қажеттіліктерінен туындайтын және ақпараттармен алмасуды, өзара түсінісуді, қабылдауды қамтитын адамдар арасындағы байланыстарды орнатудың және дамытудың күрделі үрдісі ретінде қарастырылады.
Педагогикалық ғылымдар саласында қарым-қатынас мәселелері А.А. Леонтьевтің, А.А. Бодалевтің, А.В. Мудриктің, В.А. Кан-Каликтің, Н.Е. Щуркованың, А.И.Щербакованың, Ш.А.Амонашвилидің, И.А.Зимняяның, Я.Л. Коломинскийдің, А.А. Реанның т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Ғалымдар қарым-қатынас феноменін іс-әрекет түрі ретінде анықтап, оны басқа іс-әрекет формаларын қамтасыз ету негізі деп бағалайды. Педагогикалық іс-әрекетте де қарым-қатынастың алатын орны өте жоғары, себебі педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып табылатын тәрбиелеу, оқыту, білім беру, дамыту, қалыптастыру үрдістерін қарым-қатынассыз көз алдына елестету мүмкін емес. Сондықтан педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық үрдіс субъектілерінің өзара әрекеттестік негізі болып табылады.
А.С.Макаренко: «Біз көп жағдайларда дұрыс сөйлей алмаймыз. Мұғалім сөйлегенде оның сөзінен оның мәдениеті, еркі, саналылығы байқалып тұруы керек. Бұған әдейі үйрену қажет».
В.А.Сухомлинскийдің: «Тәрбиеші өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен, адам жүрегін баурап алу өнерімен көрінеді.