Жоғарғы сынып оқушыларының даму ерекшеліктері Жоғарғы сынып оқушыларының дамуында жеткіншектерге қарағанда әлдеқайда бірқалыптылық байқалады. бұл шақта оқушылардың саналы түрде өз болашақтарын анықтаулары байқалады; оқушылар тек өздерін танып қана қоймай, нақты болашақ жоспарларын құра бастайды болашақ мамандығын немесе кәсібін анықтау сияқты маңызды таңдаулары өз шешімдеріне қатысты анықталады; негізгі ерекшеліктері ретінде тұлғалық дамуын және өмірлік бағдарын өзбеттерінше анықтайтын жандар; педагогикалық қарым-қатынаста олар мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттеріне баса назар аударады: әділеттілігі, шыншылдығы, түсіне алу дағдылары, жағымды эмоционалдық кері байланысы, білім деңгейі мен оқыту сапасы. - Педагогтың сөйлеу мәдениеті – кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты Сөйлеу мәдениеті дегеніміз адамның қарым-қатынас жасаудың тілдік құралдарын дұрыс таңдай отырып, әдеби тілдің жазбаша және ауызша нормаларын меңгеру арқылы ойды айқын және әсерлі жеткізе алуы.
- Мұғалімнің сөз сөйлеу әдебі дегеніміз кез келген жағдайларда сөздік, тілдік құралдарды дұрыс пайдалану ережелерінің жиынтығы.
- Тіл мәдениеті - кісінің бойындағы мәдени қасиеттердің бірі, қоғамдық мәдениеттің бір компоненті.
- Педагог мамандар үшін ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасы мен тіл тазалығын сақтай отырып жеткізе білулері олардың коммуникативтік құзыретіліктерінің көрсеткіші болып табылады.
- Осы салада арнайы зерттеу жүргізген мамандардың пайымдауынша педагогтардың сөйлеу мәдениетінің жоғары болуында мынадай негізгі көрсеткіштер әсер етеді:
- Сөйлеген сөздің дұрыстығы
- Сөздің анықтылығы
- Сөздің нақтылығы
- Сөздің түсініктілігі
- Педагогтың тіл байлығы
- Тіл тазалығы
- Айтылған сөздің мазмұндылығы
- Сөздердің қажет еткенде бейнелі, көркем, эмоциялы болуы
- Тыңдай білу және ести алу қабілеті
- Сөйлеу жылдамдығын қадағалау
- Мұғалімдердің сөйлеу әдебінде тек сөйлеу шеберлігі емес, сонымен қатар оқушыны мұқият
Достарыңызбен бөлісу: |