2-дәріс. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі. Салықтардың нарықтық тепе–теңдікке тигізетін әсері



бет3/8
Дата03.02.2022
өлшемі74,45 Kb.
#130576
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2-дәріс

3. Мүлде икемсіз сұраныс – бұл жағдайда икемділік коэффициенті нөлге тең, өйткені бағаның ешқандай өзгерісі сұраныстың өзгерісіне әкелмейді (сұраныс бағадан тәуелсіз). Бұндай сұраныс өмірлік тұрмыста ең қажетті тауарларға жиі байқалады, оларды кейбір тұтынушылар бағасының өсуіне қарамастан сатып алады, мысалы, дәрі-дәрмектер. Сұраныс қисық сызығы баға қисық сызығының түрін алады (10 сурет).

8 сурет. Икемді сұраныс 9 сурет. Икемсіз сұраныс

4. Мүлде икемді сұраныс – бағаның аз ғана өзгеруінде де сұраныс айтарлықтай өзгереді (сатып алу мүмкіндіктердің шегіне дейін). Бұндай сұраныс бәсекелестік нарығында немесе инфляция жағдайында мүмкін (ол сатып алу күтулермен байланысты). Икемділік коэффициенті шексіздікке ұмтылады, ал сұраныстың қисық сызығы абцисс осіне жарыспалы түзу сызығына ұқсайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет