2 дәріс тақырыбы: Педагогикалық кәсіп пен іс әрекеттің жалпы сипаттамасы.
Мақсаты: Болашақ мұғалімдерге педагогикалық кәсіп пен іс әрекеттің жалпы сипаттамасын түсіндіру.
Жоспар: 1. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы.
2. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы-мұғалім тұлғасының моделі.
3. Педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандарты педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын талаптар жүйесі.
4.ҚР-ғы педагогикалық білім беруді модернизациялау.
Негізгі ұғымдар:педагогикалық кәсіп,квалификациялық сипаттама, про-фессиограмма, кәсіби стандарт, нормативтік құжаттар.
Мұғалім мамандығын мәңгілік деп атайды. Адам баласы өмір сүріп отырған кезеңдерден бері әр дайым оқып-білуге, өз тәжірибесін жас ұрпаққа таратуға - өмір тәжірибесін саналы, мақсаткерлік тұрғыда меңгертуге талпынады.
Жастар тәлімгері, әдетте, біршама көп білетін, әрі құрметті адамдар болады. Осыдан 300 жыл бұрын өмір сүрген, ғылыми педагогиканың негізін қалаушы, славяндық ұлы педагог Ян Амос Коменский мұғалімдерге “ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғару тұрған ешнәрсе жоқ” деп жазады. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын былайша бағалады: “Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істәң бірі”. В.Г.Белинский былай дейді: “Мұғалімдік мамандықтың тәрбиелік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастырлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр”.
Мұғалім еңбегінің ерекшелігі неде? Бұл ерекшелік сірә, мұғалімнің адам баласымен жұмыс істейтіндігінде болар? Бірақ басқа мамандық иелері де: юристер, дәрігерлер, әртістерде … адамдармен қарым-қатынаста болады. Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі мұғалімдердің қоғамдағы орнына қарай анықталады.
Мұғалім - қоғам мен өскелең ұрпақ арасындағы сарапшы. Адамзат көп ғасырлық тарихында өте мол тәжірибе жинақтады. Жас ұрпақ үшін қоғам олардан және бұқаралық информация құралдары арқылы өздеріне қажетті ақпараттарды алады. Ал негізінен мұғалім арқылы оқушы жастардың санасына жеткізіледіг. А.С.Луначарскийдәң айтуынша, мұғалім балаларға өткен ата-бабамыздың ең таңдаулы тәжірибелерін, жақсы қасиеттерін беруі және ескінің сарқыншағын кемістік пен кеселді бермеуі тиіс. Мұғалім жас ұрпаққа білімді ғана емес, ғылыми-материалистік дүниетанымды,азаматтық позицияны қалыптастырады, рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбиелейді.
Кәсіп - адамның дене және рухани күшінің шектеулі ғана саласы, еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрі.
Мамандық - берілген кәсіптің бір түрі.
Мысалы, кәсіп - мұғалім, мамандық - физика пәнінің мұғалімі.
Қазір ғылыми тілде мұғалім және педагог деген екі ұғым бар. Соңғы кезде педагог кеңірек ұғым деп жүр.
Профессограмма - мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
Жіктеу:
Мұғалімнің атқаратын қызметін жіктеу: