Дәріс 2 Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
Жоспары: Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы.
Педагогикалық мамандықтың өзгешілігі, оның гумманистік сипаты.
Мұғалім еңбегінің профессиограммасы –мұғалім тұлғасының моделі ретінде.
Білім беру деңгейлері бойынша педагог қызметінің квалификациялық сипаттамасы.
Педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандарты педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар жүйесі ретінде.
Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарында анықталған қазіргі заман мұғаліміне қойылатын кәсіби талаптар және оның құқықтары мен міндеттері.
Кәсіби-педагогикалық білім берудің үздіксіздідігі – қазіргі заман мұғалімін дайындаудың негізгі талабы ретінде.
Қазақстан Республикасының педагогикалық білім берудің модернизациялау.
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және дамуы Педагогикалық мамандықтың пайда болуының объективті негіздері бар. Жас ұрпақ аға ұрпақтың сан ғасырлар бойы жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін шығармашылықпен игеріп, оны пайдаланбаса, қоғам одан әрі дамымас еді.
Ежелгі дәуірде еңбек бөлінісі болмаған кезде қоғам мен тайпаның барлық мүшелері балалар мен үлкендердің барлығы тамақ табуға, өздерін-өздері қорғауға бірдей қатысуға міндетті болды. Адамзат біртіндеп жинақтаған тәжірибесін жас ұрпаққа еңбек арқылы беріп отырды. Балар ерте жастан бастап әр түрлі еңбек іскерліктері мен дағдыларын игерді. Қоғамда еңбек құралдары жетіле бастағандықтан еңбек бөлінісі пайда болып, тәжірибені беру ісімен қарттар айналыса бастады. Олар балаларға қарап, қарапайым тұрмыстық тәжірибені жеткізіп отырды. Осылайша, алғаш рет адам тәрбиешісі мамандығы пайда болды. Тәрбиеші мамандығы кейін мұғалім мамандығына ауысты. Мұғалім мамандығы қоғамдық дамудың объективті қажеттіліктерін өтеу үшін пайда болған көне мамандықтардың бірі.
а) Ежелгі дәуірдегі педагогикалық мамандық және мектеп ісінің дамуы Адамзат баласы өзінің жинақтаған тәжірибесін келер ұрпаққа жеткізіп отырмаса, даму процесі болмас еді. Сондықтан да қоғам алдында тәрбиеші мамандығына деген қажеттіліктер туындады. Алғашқы мұғалімдер қызметін ақсақалдар, тәрбиелі адамдар атқарды. Мектептің әлеуметтік институт ретінде пайда болуы және дамуына мәдениеттің дамуы (жазу, санаудың пайда болуы) ықпал етті.
Алғашқы мектептер туралы жазбаша деректер б.з.б. 2500 жылы Египет жазбаларында кездеседі.Алғашқы мектептер ежелгі шығыс елдерінде – Вавилон, Ассирия, Египет, Үндістан, Қытай және т.б. елдерде пайда болды. Бұл елдерде арифметика, геометрия, астрономия, медицина ғылымдарының негіздері пайда болды.
Ежелгі Египетте мектеп отбасылық институт ретінде пайда болды. Сондықтан отбасындағы әке беделі жоғары болды. Әке өзінің мамандығына баласын үйретті, баласы кейін оның орнын басты.
Білім алу көп еңбекті талап етті. Мектептегі сабақтар таңертеңнен кешке дейін жүргізілді. Тыңдамағандарды қатаң жазалады. Білім алу тек ауқатты адамдардың балалары үшін ғана мүмкін болды.
Ежелгі Египетте төмендегідей мектеп түрлері болды:
1. Отбасылық мектептер
2. Храм жанындағы мектептер
3. Патша сарайы жанындағы мектептер
4. Жазғыштар, қолөнершілер мектептері
Ежелгі өркениет орталықтарының тал бесігі болған мемлекеттің бірі –Греция. Ежелгі Грецияда білім беру ісі бір жүйеге келтіріліп, баланы оқыту ісімен айналысатын арнайы педагогтар қызмет етті. Педагог сөзінің өзі грек тілінен шыққан. Грек тілінде «Paidos» - бала, «ago» - жетелеу сөзі, яғни баланы жетелеуші, баланы өмірге дайындаушы, тәрбиелеуші деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз алғашында грек қоғамындағы ауқатты құл иеленушілердің баласын қарайтын құлдарға қатысты айтылып, кейін бұл ұғымның мағынасы кеңейіп, қазіргі уақытта барлық мұғалімдерге қатысты қолданылады.
Ежелгі Греция жерінде білім беру жүйесі бірнеше деңгейлерден тұрған.
Бастауыш білім ақылы жеке меншік мектептер, яғни Мусикалық мектептер және Гимнастика (Палестра) мектептерінде берілді. Мусикалық мектептерде оқушылар 7-16 жасынан оқыса, гимнасиялық мектептерде 12-16 жастағы жасөспірімдер оқыды. Мусикалық мектептерде әдеби және музыкалық білім берілді.
Палестра мектептерінде дене тәрбиесі маңызды орында болды. Оқушылар жүгіру, күрес, секіру, диск лақтыру, найза лақтыру, қылыштасу өнерін игеруі тиіс болды. Бастауыш білімді алу барысында оқушылар кифаристер мектебіне де барып жүрген. Кифаристер мектебі – бұл өнер мектебі. Оқушыларды музыка, би, ән айту өнеріне үйреткен.
Мусикалық және палестралық мектептерді бітірген жасөспірім білім берудің келесі баспалдағы қоғамдық мекеме гимназияға өтті. Б.з.б.V- ІV Афиныда мынадай гимнасиялар жұмыс істеді - Академия, Ликей, Киносарг. Бұл мектептерде 16-18 жастағы жеткіншектер оқыды. Гимнасияда атақты саясаткерлер мен философтардан дәріс алуға мімкіндік болды.
Сапалы білім алу мен тәрбиенің келесі кезеңі – эфебия болды. Онда 18-20 жастағы балалар оқыды. Эфебия қоғамдық мекеме ретінде жұмыс істеп, онда мемлекетке қызмет жасайтын оқытушыларды, әскери істі үйретті.
Грецияда қыздардың тәрбиесі отбасында жүргізілді, олар қарапайым жазу, оқу, музыкалық дайындық білімін ғана алды.
Грецияда білім беру және тәрбие ісімен айналысушылардың атауы әр түрлі болды, оларды келесідей атады: