Педагогика ғылым мен пән ретінде Педагогиканың ғылым ретінде өз пәні, яғни ғылыми таным-білімнің белгілі бір саласы бар. Бұл қоғамның жас ұрпақты өмірге даярлау жөніндегі ерекше міндетті қызмет тәрбие беру саласы болып табылады. Педагогика бала жайындағы ілім, олай болса, ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім.Менің ойымша,қазіргі кезде педагогиканы тек осы мұғалімдер ғана емес, барлығы оқу керек.Себебі,бұл психологияның да бір түрі.Мамандық мұғалім болмаса да,болашақта ұл мен қызды өмірге үйрететін тәлімгерміз.Баланы өмірге әкелу қиын болса да,оны тәрбиелеу одан да қиынырақ. Ол да адам баласы,ол да ойлай алады,түсіне алады. Оған әрдайым дұрыс жолды көрсетіп жүру керек сонда ғана нағыз саналы адам бола алады. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірбиесін мегеру деген сөз. Адамзат есейген сайын , мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі.Өзін өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу, қайта тәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, педагогикалық методология, методологиялық негіздер, зерттеу әдістері, тәсілдері. Осының барлығы педагогиканың жағымды жақтары.