2-дәріс Тақырыбы: Тіс техникалық материалдардың негізгі қасиеттері. Мақсаты


Мықтылық деп материалдың сыртқы күш әрекеттеріне қарсы тұру қабілеттілігін айтады. Үлестік мықтылық



бет4/27
Дата12.12.2023
өлшемі301 Kb.
#196489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Лекции МОС каз тезисы

Мықтылық деп материалдың сыртқы күш әрекеттеріне қарсы тұру қабілеттілігін айтады.
Үлестік мықтылық деп мықтылық шегінің тығыздығына қатынасын айтады. Дененің өзіне басқа дененің енеуіне қарсы тұру қасиетін қаттылық дейді.
Серпімділік деп сыртқы күш әрекеттерінен қалыптарының өзгеруінің алғашқы қалыпқа қайтымдылығы айтылады.
Тұтқырлық (жабысқақтық) деп тез артатын сыртқы күштің соққысына материалдың қарсыласу қасиетін айтады (морт сынғыштыққа қарсы құбылыс).
Тіс жасайтын өндірістерде материалдарды механикалық сынақтан (статикалық, динамикалық және қаттылығы) өткізудің маңызы зор. Материалдарды статикалық сынақтан өткізу үшін тұрақты күш немесе күшті өте байыппен жоғарылатады, ал динамикалық сынақ кезінде күшті немесе соққыны өте тез жоғарылатады. Материалдардың қасиеті туралы толық мәлімет алу үшін олардың қажуын, ескеруін, тозуын сынақ арқылы анықтайды.
Металдардың құрамына, құрылысына және өңдеу тәсілеріне байланысты химиялық қасиеттерінің сипаттамасын білу үшін оның жалпы коррозияға, кристаллит арқылы коррозияға және коррозиялық жарылуларына тұрақтылығын анықтайды. Химиялық қасиеттерге тотыққыштық және ерігіштікте жатады. Әртүрлі ортада коррозияға тұрақтылығын анықтау үшін бірнеше тәсілдер қолданылады: сынақтан өтетін затты толығымен сұйыққа батырып қою; бірнеше рет сұйыққа батырып, қайтып алынуы; буда; қайнап тұрған тұздың ерітіндісінде, айналмыздағы атмосферада;лабораторияда. Сұйықты, буды немесе ерітінділерді сынақтан өтетін металдарды еске ала отырып таңдайды. Сынау үшін, қолданылатын заттың үстірт беттері мен сұйықтың көлемінің қатынас шамасы мол болған дұрыс. Алынған нәтижелерді санау арқылы, коорозия жылдамдылығы арқылы коррозияның тереңдігін де анықтауға болады. Коррозияның дамуының тағы бір көрсеткіші ретінде сыналатын заттың механикалық қасиеттерінің өзгеруін айтуға болады. Жалпы коррозия, бұйымның кескінін кішірейтіп, түсірілген салмаққа қарсылығын төмендетеді. Нүктелі коррозия нәтижесінде бұйымның иілімділігі төмендейді. Материалдарды өңдеу кезінде ең маңызды көрсеткіш олардың технологиялық қасиеті. Бұларға құю, созымдылық, штамптау (қалыптау), айналмалы біліктердің арасынан өткізу (прокаттау), созу, дәнекерлеу және өңдеу сынақтары жатады. Технологиялық сынамала өте карапайым. Бұл сынамалардың көрсеткіштері осы материалдарды қолданған кезде жіберілген кемшіліктерді анықтап түзеуге мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары:



  1. Тістехникалық материалтану дегеніміз не?

  2. Негізгі материалдар дегеніміз не?

  3. Қосымша материалдар дегеніміз не?

Негізгі және қосымша әдебиет:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет