7 дәріс
ТАҚЫРЫБЫ: «Металдар, металл құймалары»
Мақсаты: Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын металдармен және металл құймалармен студенттерді таныстыру.
Металл және металл құймалары бағалы және бағалы емес болып екіге бөлінеді. Оларға мыналар жатады:
Алтын және оның құймалары.
Тот баспайтын болаттар.
Кобальт-хром құймасы.
Титан құймалары.
Алтын және оның құймалары.
Тіс протездерін жасау үшін таза алтын қолданбайды, өйткені ол бұл күйінде өте жұмсақ. Тіс протездеріне қойылатын талапқа байланысты алтынға күміс, мыс, платина, кадмий, палладий сияқты металдар қосып механикалық қасиеттерін жоғарлатады. Қаттылығы тарапынан алтын құймаларын жұмсақ, орташа, қатты және өте қатты деп бөледі. Қатты және өте қатты құймаларды 700С градуста қыздырып, 10 минут ішінде, суытатын болса, олар жұмсарады. Алтын құймаларының мықтылығын арттыру үшін қызыдырып өңдеп, 450С-ден 250С аралығында 30 минут ішінде суыту керек. Алтын құймаларын құйған кездегі көлемінің кішіреюі 1-1,2%.
Тіс протездері үшін мына таңбалы алтын құймалары қолданылады: 900, 750.
900 таңбалы құйма ауыз қуысында коррозияға тұрақты, қатты, түсі қызғылт. Иленгіштігіне байланысты қалыптағанға да ыңғайлы. Бұл құйманың қалыптағындығы және аппаратқа салып жұқартқандағы қатаюын қып-қызыл етіп қыздырып өңдеп жұмсартады.
750 таңбалы құйманың құрамына кадмий мен платина кіреді. Кадмий 5-10% етіп қосатын болса құйманың балқу температурасы төмендейді. Сондықтан бұндай құйманы дәнекер ретінде қолдануға болмайды.
Алтын құймаларының қаттылығына байланысты құрамы
құйма түрі
|
Au%
|
Ag%
|
Cu%
|
Pd%
|
Pt%
|
Zn%
|
жұмсақ
|
79-92,5
|
3-12
|
2-4,5
|
0-0,5
|
0-0,5
|
0,05
|
орташа
|
75-78
|
12-14,5
|
7-10
|
1-4
|
0-1
|
0,5
|
қатты
|
62-78
|
8-26
|
8-11
|
2-4
|
0-3
|
1,0
|
Өте қатты
|
60-71,5
|
4,5-20
|
11-16
|
0-5
|
0-3
|
1-2
|
Достарыңызбен бөлісу: |