2 Дәрiс. Тақырып: Ашыту өндiрiсінің негiзгi шикiзаты. Құрамында крахмалы бар шикізат



бет5/10
Дата07.02.2022
өлшемі111,15 Kb.
#97039
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ba0f43ba-3250-11e3-9d7d-f6d299da70eeлекции брод 3 курс каз

Қышқылдылық. Жетілген арпада органикалық қышқылдардың (сүт, құмырсқа қышқылы) және фосфор қышқылы тұздарының қатысуымен болатын аздаған қышқыл реакциясы болады. Дән тыныштық күйден шыққан кезде гидролитикалық ферменттер әсер етеді, қышқыл сипатты өнiмдер жинақталады және қышқылдылығы жоғарлайды. Бұл дәнді-дақылдардың бұзылу белгiлерінің бiреуі болып саналады. Сау арпаның қышқылдылығы 1,8-2,50 құрайды, бұзылған арпаның 7-80 дейiн.
Экстрактивтiлiк - ерiтiндiге ауысуға қабiлеттi құрғақ заттардың максимал мөлшері; крахмал, ақуыз және минералды заттар құрамына байланысты. Сапасы жақсы арпаның экстрактивтiлiгi 72-82%. Экстрактивтiлiк пен крахмал құрамының аралығындағы айырмашылық 14-16% аралығында болады. Экстрактивтiлiктің ақуыз құрамына байланысты қатынасы (Е:Б) бойынша арпаның уыттануға қабiлеттiлiгiн болжауға болар едi. Егер бұл қатынас көп болғанда 8,2:1 - уыттануға қабiлеттiлiгі өте жақсы, (7,8-8,1):1 қатынасында – жақсы, (7,2-7,7):1 – қанағаттанарлық, 7,1:1 төмен болғанда – нашар болады.
Арпаның дәнi стерильді емес. Оның бетiнде микроорганизмдердің көп түрлері: бактериялар, вирустар, дрожжылар, дәннің бұзылуына алып келетін микроскоптық саңырауқұлақтар болады. Олардың сандық мөлшері ылғалдылыққа және температураға байланысты. Беткі микрофлораның 99%-ке дейін Pseudomonas herbicola бактерияларының спора тасымайтын таяқшалары құрайды. Олар дәннің тканьдерін бұзбайды, бірақ өз тіршілік әрекетінде көп жылу бөлгендіктен өздігінен қызып кетуі мүмкін. Саңырауқұлақтар беткі микрофлораның 1% құраса да, дәнді-дақылдарға біршама зиянын тигізеді. Дәнді-дақылдарда кездесетін микроскоптық саңырауқұлақтарды дала саңырауқұлақтары және сақтау саңырауқұлақтары (зең саңырауқұлақтары) деп бөледі.


Таблица 1.2 Дәнді-дақылдар культурасының химиялық құрамы



Культура

Азотсыз экстрактивті заттар,%

Азотты
заттар,%

Май,%

Клетчатка,%

Минералды заттар, %

Крахмалды-лығы,%

Су,%

Арпа

65,7

11,8

2,3

4,4

2,8

46,0

12,0

Жүгерi

69,2

10,6

4,3

2,0

1,4

51,3

13,5

Сұлы

58,5

10,9

4,7

9,5

3,4

36,9

13,0

Тары

59,0

11,3

4,2

8,9

3,6

45,9

13

Қара бидай

68,3

12,5

2,1

2,2

1,9

47,9

13





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет