2. ДӘріс тезистері


Дүниетануды оқыту әдістемесінің даму тарихы. Қазақстандық әдіскерлердің қосқан үлесі



бет4/28
Дата18.11.2022
өлшемі136,83 Kb.
#158806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Лекция тезистері
Курстық жұмыс 403 Рахымберді Аяулым, Курстық жұмыс 403 Рахымберді Аяулым, Әбдіхамит А практиа ж 9, Презентация1, Силлабус Саясаттану 1 курс каз. чётная 2022-2023, 1 лекция ПШ каз, Анализы для экз. 4 ОМ
2. Дүниетануды оқыту әдістемесінің даму тарихы. Қазақстандық әдіскерлердің қосқан үлесі
Бастауыш сынып оқушыларына азды-көпті ғылыми дерекке сүйенген білім беру орыстың атақты әдіскер ғалымдарының еңбектері негізінде жалпы мектеп өмірінде жаратылыстануды оқытудың әдістемесі мен оқулықтарының шыға бастауымен байланысты болды.
1900- жылдары «Дүниетану» гимназияның 1 - 2 сыныптарында ғана оқытылды. Бұл тұста В. В. Половцев, А. П. Павлов, И. И. Полянский, Б. Е. Райковтардың әдістемелік құралдары шығып, олардың бәрі дерлік жаратылыстануды оқытуда практикалық сабақтар мен топсаяхаттың тиімділігін уағыздады. 18-ші ғасырдың бастапқы кезеңдерінде табиғат туралы пән жарық көрген жоқ. Осы ғасырдың екінші жартысында арнайы мектептерде жаратылыстану пәні оқыту процесіне енгізіле бастады. 1786 жылы В.Ф.Зуев өз тегін көрсетпей 2 бөлімнен тұратын оқулық жазды. Оқулық “Орыс империясының халық училищелеріне арналған табиғат тарихының нұсқасы”-деген атпен жарық көрді. Оқулықта В.Ф.Зуев жаратылысты, табиғатты оқытудың жүйесі мен оқыту тәртібін былай көрсетті:
Қазба байлықтар (Өлі табиғат );
Тоңатын әлем (Өсімдіктер әлемі);
Жануарлар әлемі ( Зоология)
Революциға дейінгі кезеңде бастауыш сыныптардағы жаратылыстануды оқытудың жүйесі А. Я. Гердтің еңбегі негізінде жүзеге асты. Яғни, бастауыш сыныпта тірі және өлі табиғат туралы білім бере отырып, олардың арасындағы байланысты, дүниенің біртұтастығын ұғындыруға баса көңіл бөлінді. Іс-тэжірибеде сөздік әдістен басқа бақылау, тәжірибе әдістері енгізілді. Сөйтіп, бастауышта дүниетануды оқытудың әдістемесі бойынша азды-көпті тәжірибе жинақтала бастады. Бұл бастауыш сыныпта табиғаттану пәнін оқытуды теориялық та, әдістемелік те жақтарынан байыта түсті. Бірак ескі діни пікір мен материалистік көзқарастың туындауы бұл екеуінің арасындағы қарама қайшылықтың туындауына әкелді.
Дегенмен, қоғамның дамуы, мәдениеттің өрлеуі және күнделікті ашылып отырған түрліше ғылыми жаңалықтар оқушыларға өздерін қоршаған ортадан материалистік түсінік беруді талап етті. 1900-жылы «Дүниетану» мұғалімдерінің Бүкіл Россиялык І-съезі болды. Онда» Дүниетану» пәндерін оқытуды мұнан былай мектеп қабырғасынан тыс қалдыруға болмайтындығын атап көрсетті. Міне осыған байланысты революцияға дейінгі кездің өзінде-ақ, бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту жөнге қойыла бастады.
Революциядан кейін бүкіл халыктың сауатын ашу, әсіресе артта қалған халықтардың сана-сезімін көтеру еліміздің негізгі мақсаттарының бірі болды.
1918 жылы 28-тамызда халық ағарту қызметкерлерінің Бүкіл ресейлік І-съезі болды. Мұнда жалпыға бірдей білім беру мәселесі қойылды. Халық ағарту комиссариатына білім жүйесін жөндеу, өз ана тілінде оқыту, мектептерде оқытылатын пәндердің ара салмағын анықтау мәселелері тапсырылды. Міне осы тұста мектептерде берілетін білімді жаңа қоғам жетістіктерімен, табиғатпен байланысты жүргізу керектігі айтылды.
Қазақ мектептері алғашқы күннен бастап Ресей халық ағарту орғандарының шығарған оқу бағдарламалары мен оқулықтарын пайдаланды. 1921 жылы РСФСР Оқу халық комиссариатының бекіткен бағдарламасы Ленинградтық және Москвалык әдіскерлердің дайындауымен жарык көрді. Бүл бағдарлама бойынша оқушыларға табиғаттан, қоршаған ортадан білім берудің керектігі көзделді. Бағдарламаны қазақ мектептері пайдаланған кезде өз жерлерінің ерекшелігіне қарай икемдеуге мүмкіндік берілді.
1922 жылдан бастап жеті жылдық білім беруге арналған оқу бағдарламасы жарық көрді. Бастауыш сыныптарда Отантану, жаратылыстану, Дүниетану пәндері оқылатын болды.
1924 жылы Қазақстан ғылыми қызметкерлерінің І-съезі болды. Мұнда Мемлекеттік ғылыми совет (ГУС) жасаған жаңа бағдарлама жобасы талқыланды. Бұл бағдарламалар әрбір пәнге жеке-жеке берілді. Соның бірі -табиғаттану болды. Бұл бағдарламаның негізгі бағыты - адамның еңбек әрекеті, оның табиғатқа тигізетін әсері, қоғам мүддесі үшін табиғат күшін бағындыру мәселелерін оқып үйрету болды. Табиғат жайында берілетін материал үш бөлімнен (табиғат-еңбек-қоғам) тұрды. Мұнда көзделген мақсат: адамның кайта құрушылық әрекетін аша көрсетіп, оның коршаған дуниені өзгертудегі ақыл-ойының рөлін таныту.
Қазақстан Республикасы мектептерінің алға басып өркендеуінде орыс мектептерінің рөлі күшті болғанмен өмір талабы біртіндеп, әр елдің өз ана тілінде жазылған төл оқулықтарының жарық көруін және онда әр республика өз табиғатын оқытудың керектігін керек етті. 1968 оқу жылына дейін табиғаттану тек 4-сыныптарда ғана оқытылып, онда М. Н. Скаткиннің ғана оқулығы пайдаланылып келді. Ал, табиғаттан білім беруге арналған жеке тақырыптар 1-3 сыныптарда ана тілі пәнінің мазмұнымен бірге қамтылды.
1968 жылға дейін табиғаттану тек 4-сыныпта ғана оқытылып, 1-3 сыныптарда Дүниетану туралы материалдар әр пәннің әсіресе, ана тілінің құрамына еніп, мәтін мазмұндарының табиғи және ғылыми жағынан гөрі әдеби көркемдік жағы басым болғандықтан, оларды оқыту барысында көбіне табиғат ерекшеліктеріне катысты ғылыми жағы ашылмай қалып отырды. Сондықтан да ол кездерде табиғаттануды оқытуда басым орын алуға тиістіДүниетанупәндеріне лайыкты әдістерді (бақылау, тәжірибе, практикалық әдістер) сабақ барысында қолдану жағы әлі де болса, жаксартып жаңартуды керек ететіндей жағдайда қалып келді.
Мұндай жағдай табиғат заңдылықтарын, оның жеке заттарын оқушыларға ғылыми тұрғыдан түсіндіруге кедергі жасап келді. Бастауыш сынып оқушыларының табиғат жайында ғылыми түсініктерінің төмен дәрежеде болуы жоғары сыныптарда оқытылатын химия, биология, физика пәндерін оқуда әсерін тигізбей қоймады. Міне, осы жағдайлардың бәрі ескеріліп бастауыш буынның 2-сыныбынан бастап, табиғаттану пәнін оқыту көзделіп, сол мәселе алдың ала эксперименттен өтіп, 1968 жылы Қазақстанда бірінші рет өз өлкесінің материалдарына негіздеп білім беруге бағытталған.
Ол ерекшеліктер:
- оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты тақырыптар мазмұнын ашатын материалдар көлемінің шағын, ықшам болуы;
- тақырып мазмұнының ғылымилығы, этиқалық, эстетиқалық жақтарының ұстамдылығы;
- оқулық тілінің тұжырымдылығы, нақтылығы, айқындығы, түсініктілігі, әсерлілігі, бейнелілігі;
- берілген мазмұн оқушылардың ойын, тілін дамытуға, олардың сабақ барысында өздігінен жұмыс орындауына, іс-әрекетіне түрткі туғызуға сай болуы;
- берілген білім оқушылардың материалистік көзқарасын қалыптастыратындай деректі, нақты материалдарға негізделуге тиіс;
- берілетін білімнің оқушылардың өмір тәжірибесімен және қоршаған ортамен байланыстылығын қамтамасыз етуге қолайлылығы;
- қоршаған ортадан берілетін білімнің нақтылығы мен ғылымилығы;
- білім мазмұнының басқа пәндермен байланысы;
- берілетін білім көлемінің дүниенің біртұтастығын түсінуге жағдай жасайтындай болуы.
Оқулықтар мазмұны оқу – ағарту саласына байланысты қабылданған құжаттар негізінен туындайды.
Оқулық мазмұны оқушыларды дамытудағы бірден-бір құрал екендігі ескеріліп, осыған сәйкес оқушыларды дамыта оқытуға жағдай жасау бағыттары күшейіп отыр. Бұл мәселеге байланысты казіргі таңда Ресей мектептерінде ауқымды эксперименттер қойылуда. Солардың нэтижесінде бастауыш сыныптардағы оқулықтар мазмұнын өзгертіп қана қоймай, пән мазмұнын бірнеше бағытта түрлендіру тиімді деп есептеліп, оқушыларға жаратылыстанудан білім беруге байланысты бірнеше оқулықтар ұсынылған. Бірақ, оқулықтардың мазмұны әртүрлі бағытты қолдаудан туғандықтан, олардың оқыту мақсаты да өзгеріп, білім берудің мазмұн тұтастығы бұзылып отыр. Мысалы, Ресейде бір ғана 2-сынып үшін жаратылыстанудан білім беруте арналған үш түрлі оқулық жарық көрді. Олар: А. Казаковтың «География для 2-класса» (1996) оқулығы, Н. Ф. Виноградованың «Окружающий мир» (1995), А. А. Плещаковтың «Природоведение» оқулықтары. Енді осылардың мазмұнына қарасақ, әр автордың оқулық жазу барысында көздеген мақсатының әр түрлі екені байқалады.
Сөйтіп, Ресейде бір ғана екінші сынып оқушыларына арналған бірнеше мазмұндағы оқулықғар жарық көріп, қоршаған ортадан білім беру әр бағытта жүруде. Автордың бірі бастауышта географияны оқытып, сол арқылы қоршаған ортамен таныстыру тиімді десе, енді бірі қоршаған орта дегеніміз - адам, табиғат, өсімдік, жануарлар сондықтан білім көзін осылардан бастау керек деп ұсынады. Оқулықтарға арналған әдістемелік нұсқауда да бұл материалдардың оқушыларды дамытудағы маңызын автор өз тұрғысынан дәлелдейді.
1997 жылдан бастап жаңа талап, жаңа міндетке орай 1-4 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар жарық көре бастады. Оқулықтарды Республикада бұрыннан оқу-әдістемелік проблемалармен шұғылданып келген ғалым -әдіскерлер К. Жүнісова, Қ. Аймағамбетова, Н. Нұрахметов, З. Ф. Олейник т. б. жазды.
Оқулықтағы ғылыми материалдар оқытылатын курстың мазмұнын аша алатындай, оның жалпы және жеке заңдылықтарын түсіндіретін мағлұматтарды қамтитындай болуға тиіс. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда және олардың меңгерген білімге сенімінің артуында оқулық мазмұнының алатын орны жоғары.



2

№ 2
дәріс

№ 3
дәріс



Дәріс 3 Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің тарихы
Мазмұны:
1. Дүниетану пәнін оқытудың кезеңдері
2. Дүниетану әдістемесінің революцияға дейінгі кезеңдегі дамуы.
3. Кеңестік дәуірдегі әдістеменің дамуы

Мектепте дүниетану пәнін оқыту тарихына тоқталсақ, біз бұл пәннің «Жаратылыстану» болып енгізілуі және оның дамуын 3 кезеңге бөлінгенін айтамыз. Айталық; 1-революцияға дейінгі кезең болып саналады. Жаратылыстану оқу пәні ретінде орыстың жалпы білім беретін мектебіне алғаш рет 1786 ж. енгізілді. Мектептегі білім беруді реформалау кезінде үкімет халық училищелерінің жарғысын жариялады. Ашылған училищелер шағын және негізгі болып бөлінді. Жаратылыстану пәндерінің курсы тек негізгі училищелердің бағдарламасына енгізіліп, олар география, физика, жаратылыстану тарихынан тұрды. Жаратылыстану тарихы 4-сыныпта оқытылды. Сол кездегі Халық училищесіне арналып жазылған жаратылыстанудан алғашқы оқулық, оның авторы натуралист, саяхатшы, академик Василий Федорович Зуев болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет