2. ДӘріс тезистері


Дәріс 5-6. Бастауыш мектепте оқыту теориялары Мазмұны



бет6/28
Дата18.11.2022
өлшемі136,83 Kb.
#158806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Лекция тезистері
Курстық жұмыс 403 Рахымберді Аяулым, Курстық жұмыс 403 Рахымберді Аяулым, Әбдіхамит А практиа ж 9, Презентация1, Силлабус Саясаттану 1 курс каз. чётная 2022-2023, 1 лекция ПШ каз, Анализы для экз. 4 ОМ
Дәріс 5-6. Бастауыш мектепте оқыту теориялары
Мазмұны: 1.Оқыту теориялары.
2. Танымдық даму теориялары.
2. Теорияның пәнді оқытуда қолданылуы

Теория дегеніміз – қандай да бір құбылысты түсіндіруге арналған, ғылыми


тұрғыдан қабылданған қағидалар жинағы. Теориялар қоршаған ортада
болып жатқан жағдайларды түсіндіріп, зерттеу мен білім арасын
жалғастырушы көпір қызметін атқарады. Теориялар қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды білдірумен қатар, эмпирикалық тұрғыдан сынап көруге болатын болжамдар немесе тұжырымдар арқылы жаңа зерттеулерге жол ашады. Болжамдарды (гипотеза) қарым-қатынас тұжырымы деп атауға болады.
Конструктивистік оқыту ортасы
Конструктивистік оқыту ортасының негізгі принциптері мыналар:
• Оқытудың маңызын оқушыларға түсіндіре білу;
• Оқытуды негізгі концептілер төңірегінде іске асыру;
• Оқушылардың пікір айтуына мүмкіндік беру және оны құрметтеу;
• Оқу жоспарын оқушыларды болжалына сай бейімдеу;
• Бағалаудың білім берудің контексіне сай келуі.
оқу жоспарын оқушылардың болжалына сай бейімдей білуіміз керек. Бұл дегеніміз оқу жоспарының мақсаты оқушылардың оқуға қатысты сенімдерімен үйлесіп жатуы керек дегенді білдіреді. Оқу жоспары мен оқушылардың сенімі сәйкес келмеген жағдайда сабақ балалар үшін мәнін жоғалтады. Алайда сәйкестік 100% болуы міндетті емес. Оқушылардың қазіргі білімінен сәл жоғары қабілетті (яғни таяу даму аймағы аясында) талап ету оқушылар үшін қиындық туғызса да, білімді тереңдетуге көмектеседі. Ең дұрысы – оқушылардың болжамдары дұрыс болмаған жағдайда, оларға оны ашық айту. Ал конструктивистік білім беру оқушылардың ақпаратты өздері тауып, пайдалана білуін талап етеді.
Танымдық теория ынта мен оқытуды өзара бір-бірімен байланысты
болса да, екі бөлек нәрсе деп қабылдайды. Біреуде мотивация бар, бірақ
оқығысы келмейді, ал басқа адам мотивациясыз-ақ оқи береді. Бұл теория
бойынша мотивация зейінге тікелей әсер етеді және білімнің пайда
болуына көмектеседі. Қозғаушы күш оқушыларды ынталандырғанымен,
оның мінез-құлыққа әсері өздігінен іске аспайды, керісінше, оқушылардың
оны қалай қабылдауына байланысты болады.
Танымдық теория ынта мен оқытуды өзара бір-бірімен байланысты болса да, екі бөлек нәрсе деп қабылдайды. Біреуде мотивация бар, бірақ оқығысы келмейді, ал басқа адам мотивациясыз-ақ оқи береді. Бұл теория бойынша мотивация зейінге тікелей әсер етеді және білімнің пайда болуына көмектеседі. Қозғаушы күш оқушыларды ынталандырғанымен, оның мінез-құлыққа әсері өздігінен іске аспайды, керісінше, оқушылардың оны қалай қабылдауына байланысты болады.

Мәселеге бағыттап оқыту. Мәселеге бағыттап оқыту дегеніміз – оқытудың тиімді әдістерінің бірі (8-тарау); оқушыларды оқыту процесіне жұмылдыра отырып, ынталандыруға жәрдем етеді. Оқушылар топтық жұмыс жасаған кезде кооперативті оқу дағдыларын да нығайта алады. Бұл әдіс оқушылардан шығармашылық тұрғыдан ойлап, білімдерін қажетті деңгейде қолдануды талап етеді. Әсіресе еш дұрыс шешімі болмайтын жобалық жұмыстар үшін бұл әдістің пайдасы көп. Мәселеге бағыттап оқыту әдісінің тиімділігін миға жасалған түрлі зерттеулер дәлелдеп отыр. Мидың көптеген жүйелері мен байланыстары мәселелерді шешуге арналған (Jensen, 2005). Тапсырманы бірге отырып орындайтын оқушылар білімдерін басқалармен бірлесе қолданудың жаңа жолдарын үйренеді, ал бұл, өз кезегінде, синапстық байланыстардың туындауына себеп болады. Атап өтетін жайт – мәселеге бағыттап оқыту оқушылардың ынтасын оятып, олардың көңіл күйін көтереді, соның нәтижесінде жан-жақты нейрондық тораптардың пайда болуына мүмкіндік жасайды






7-8



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет