2. Негізгі бөлім а. Интеграциялаудың әдістемелік негіздері



бет1/11
Дата14.05.2020
өлшемі0,78 Mb.
#68090
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
0003e8b9-a577dda0

Жоспар


1.Кіріспе

2. Негізгі бөлім

а. Интеграциялаудың әдістемелік негіздері.

ә. Пәндердің интеграциялауына ғылыми көзқарастар

б. «Өзін-өзі тану» пәні мен басқа пәндермен интиграциясының мәні.

3.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

«Қазіргі балалар оқығысы келмейді» деп мұғалімдер жиі наразылық білдіреді. Алайда бізге балалардың әуел бастан білімге құмарлығы, жаңа нәрсені білуге ұмтылатыны, қоршаған ортаны зерттегісі келетіні де белгілі.

Білімге қызыққан бала неліктен мектепте оқығысы келмейді? Себебі неде, оны қалай жеңуге болады? Жауабы қарапайым: балалар білімді көксейді, оларға жанды, қызығушылығын арттыратын, ынталандыратын білім керек.

Онда қандай білім жанды, қандай білім жансыз?

Ұлы педагог, ізгілік педагогикасын шабыттандырушы Ш.А. Амонашвили бұл сұраққа былай деп жауап береді: «Жансыз білім дегеніміз не?»

Бұл – біз алдын-ала білетін, алайда мүлдем білмесек те болатын білім.

Бұл – айтыла салысымен бірден ұмытылатын білім. Жалпы айтқанда, жансыз білім дегеніміз жасөспірімдер мектептің табалдырығын аттамай жатып, мектепте қалдырып кететін және оған қызықпайтын білім.

Жанды білім Білім беру Мәдениетін құрайды.

Жанды білім дегеніміз, ол:

адамды рухтандырады;

ғылымның көкжиегіне бастайды;

өмірді жаңаша құруға жетелейді;

іздену үшін ойларды шабыттандырады;

нұрландырады және дамытады.

Жанды білім қанат бітіреді, жансыз білім салмақ түсіреді. Біз балаларымызды құнды өмірлерін сарп ететін жансыз білімнің ауыр жүгін жаттауға және есіне сақтауға мәжбүрлейміз. Өмірлерінің қайсыбір кезінде емес, нақ осы сәтінде дамып және есейіп келе жатқан адамның қабілеттілігі мен дарындылығы, танымдық ниеттері мен көзқарастары қуатты түрде дамып, өзіне әлемнің тұтас бейнесін бейнелеген болар еді».

Негізгі бөлім



Ш. А. Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына да сүйіспеншілікті дамыта алмайды..» деген пікірінен жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта отырып, оқытуда ұстазға қойылатын талаптың маңыздылығын байқауға болады. 
Білім берудің шынайы мақсаты – адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. 
Сондықтан өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, интеграциялау қажет етеді. Оқу пәндерінің өзара интеграциялау, пәнаралық байланысты дамытуды ғана емес, ол сонымен қатар әр пәннің өзіндік мақсаты мен міндетінің айқындала, толыға түсуін де қамтамасыз етеді. Сол себепті үздіксіз білім беру жүйесін тұтас қамтитын және болашақ 12 жылдық білім беру жүйесіне негізгі пәндердің бірі ретінде ендірілгелі отырған «Өзін-өзі тану» мен басқа да пәндерді ықпалдастыру , кіріктіруді тиімді деп санауға болады. 
Қазіргі кезде көп айтылып жүрген интеграция, яғни салалас пәндердің өзара ықпалдасуы, кіріктірілуі олардың мазмұндық, құрылымдық, ғылыми-теориялық, лингво-семантикалық және жалпыпедагогикалық аспектілерінің кірігуімен ерекшеленеді. Кіріктірілген пәндердің өзара байланысын төмендегідей белгілеріне қарай сипаттауға болады: 
– ықпалдасу негізділігінің пәндік мазмұнға, оқыту нысаны мен әдістеріне сәйкестігі; 
– білім мазмұнын сұрыптауда білім, білік дағдыларының құндылықты бағдарлы мәнділігін сақтау ұстанымының ескерілуі; 
– оқушылардың компетенттілігін, тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің жиынтығы болуы қажет. 
Қай пән болмасын кіріктірілген сипатта қызмет ете алатындықтан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын өзге пәндермен интеграциялауда пәнаралық, пәнішілік байланыстар мен оқушының іс-әрекеттік қызметін арттыруға баса назар аударылады. Мұғалім өз пәні арқылы оқушыларды қалай рухтандырады ? Мұғалім немен шабыттанады? Бұл сұраққа жауап беруде мен рухани-адамгершілік құндылықтарды әрбір пәнмен интергациялау мысалдарымен бөліскім келеді. Мына екі суретке назар аударыңыздар: екеуінде де күн, тал, адам және кірпі бейнеленген. Бірақ, бірінші суретте олар бір-бірімен байланыссыз және қозғалыссыз. Ал, екінші суретте Күн тал мен адамға сәулесін шашып тұр, адам талды суарып және кірпіге қолын созып тұр. Бұл суреттер арқылы кең мағынаны түсіндіруге болады: 




1-сурет 2-сурет

1-сурет, бұл бір-бірімен байланыссыз, қозғалыссыз, тіршіліксіз фрагменттерге бөлінген әлем. Дәл солай, білім жүйесіндегі әлемді осылай сипаттайды: бір-бірімен , өмірмен байланыстан тыс, барлығы абстрактілі. Математика жеке, физика жеке, биология жеке, өмір, махаббат, жақсылық, бір-біріне көмектесу- барлығы да байланыссыз. 
2-сурет, бұл біртұтас тірі, қайырымды және сүйіспеншіліке толы әлем. Білім үрдісінде біздің балаларымыз әлемнің дәл осындай көрінісін танығысы келеді. Олар бір-бірінің қарым-қатынасында және іс-әрекетінде осындай барлығы бір-бірімен байланысты, бірлікте, махаббатта нақты білім күтеді. 
Мысалы, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруде жарасымды қарым-қатынас жасау, қасындағыларға көмек беру, туыстары мен жақындарына қамқорлық көрсету, өзімен және қоршаған ортамен үндестікте өмір сүру, әр істе белсенділік, азаматтық таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу тәрізді түйінді құзіреттерді дамыту арқылы жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуын қарастырады. Сондықтан пәнаралық ықпалдастыруды, кіріктіруді әр пәннің мазмұндық ерекшеліктеріне орай ойластыру қажет.

Жалпы оқушылар ересектерге, мұғалімдерге, білім беру саласының қызметкерлеріне үндеу тастаған: «Ұстаздар, мені сүйетін физика керек; мені жанындай жақсы көретін биология керек; мен десе жанын беретін математика керек! Маған мені қамқорлығына алатын, мен үшін өмір сүретін ғылым керек! Ол менімен маған ерекше етене жақын түсінікті тіл – жүрек тілімен сөйлесуі керек».

Өкінішке орай, көптеген мұғалімдер алдымен міндетті түрде пәнді оқыту керек деп санайды, ал өзінің қызметі туралы сұраққа: «Мен математиканы оқытамын», «Мен физиканы оқытамын», «Мен тарихты оқытамын» және т. б. деп жауап береді. Бірақ дұрыс жауап «Мен балаларды оқытамын» болуы қажет. Қандай пәнді оқытсақ, та, бірінші кезекте балаларды оқытатынымыз есімізде болу керек. Сондықтан да тұлғаның белгілі бір білімдердің қосындысын жинауы емес, ішкі ар-ұжданының үніне сәйкес өмір сүретін, ізгі мінезді болуы оқу үдерісінің ең маңыздысы болып табылады.

Барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беру .

Білім беруде жалпыадамзаттық құндылықтардың негізгі түп қазық болуы, яғни берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының авторы С.А. Назарбаева осындай мәселелерді пайымдау барысында былай деп жазды: «Ғасырлар тоғысында біз ойда-жоқта тәрбиенің басты мақсаты – бала компьютер тетіктерін басып, ағылшынша былдырлап сөйлей білсе жеткілікті деп шештік. Міне ол дап-дайын – жаңа формация адамы! Ал сол баланың мейірімділік пен зұлымдықтың айырмашылығын ажырата алмайтыны, жақынының ауыртпалығын бөліспейтіні бізді ойландырмайды да... Мен балалардың жастайынан салауатты және бақытты болу өнерін меңгергенін, өмір даналығын бойына сіңіріп, адамзатқа риясыз қызмет ету арқылы бақытқа бөленуді үйреніп өскенін қалаймын. Өздерінің кім екенін, не үшін өмір сүретінін, неге ұмтылатынын терең түсінуі керек. Әр адамның өзін-өзі тануы қажет».

Шынында қазіргі таңда білім өмір сүру үшін қаражат табу емес, өмір сүру үшін берілу керек.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімнің басқа пәндермен интеграциясы – ол, ең алдыменен мектептегі білімді жандандыру, оның рухани-адамгершілік болмысын жарыққа шығару, ол – біртұтас білім, барлық пәндерді мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жинақтау және алуандылықтың біртұтастығын көре білу. Мәңгілік құндылықтар білім берудің ошағына айналуы керек, басқаша айтқанда, біз оқытатын нәрселеріміздің барлығының біртұтас екендігін көрсетуіміз керек.

Гуманитарлық, жаратылыстану – математика циклдеріндегі пәндердің мазмұнын «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім мазмұнымен интеграциялауға айтарлықтай мүмкіндіктер бар. Осы пән уақыт өте келе білім беру үдерісіндегі өзекті пәнге, яғни біртұтастықты, адами және руханилықты қамтамасыз ететін метапәнге айналады деген сенімдеміз.

Кейде мұғалімдер «Өзін-өзі тану» пәні мен басқа пәндердің интеграциясын сабақ барысында «Шаттық шеңбері» немесе ойын, оқушылардың көңілін көтеретін немесе демалдыратын тәсіл деп түсінеді, мысалы, химия пәнінің мұғалімі өзін-өзі тануды интеграциялау деп химия пәнінен сұрақ бере отырып допты лақтыру және оқушылардың допты кері лақтырғанын айтады. Бұл интеграция емес! Бұл – қарапайым әдістемелік тәсіл, оның өзін-өзі тану мен химия пәндерінің интеграциясына ешқандай қатысы жоқ. Интеграция терең деңгейдегі мазмұнда, мағынада және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жүзеге асуы тиіс. «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұндық негізі жалпыадамзаттық құндылықтардан, ал барлық әдістемелік тәсілдері, атап айтсақ: жағымды көңіл күй, шағын әңгіме, ән айту, шығармашылық жұмыс, ойын терең рухани-адамгершілік мағынада жүргізілуі тиіс. Егер де біз сабақта ойын ойнасақ, ол құндылықтарға бағытталуы, ән айтсақ, оның мазмұны сананы тазартып, жағымды бейнелермен толықтырылуы, егер де оқиға немесе өсиет әңгіме айтсақ, онда осындай әңгімелеу оқушының рухани дамуына көмектесуі керек. Ойынды тек ойнау үшін, әнді тек көңіл көтеріп, демалу үшін шырқасақ, онда ол «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің мақсатымен сәйкес келмейді.

Мұғалімнің интергацияны жеңіл-желпі түсінуі, оның дүниетанымдық көзқарасымен байланысты. Егер мұғалім өзі ізденіп, рухани-адамгершілік тұрғысынан дамымаса, әлемнің көп алуандылығындағы біртұтастықты көре алмаса, тек кітаптағы білімді меңгеруді мақсат етсе, тек қана бақылау жұмысына, емтиханға дайындық пен мектептің рейтингісін, нарықтық экономика талаптарына қалай сәйкес келуді ойласа, онда ондай мұғалім өзінің пәні мен рухани-адамгершілік білім беруді интеграциялай да, өзінің қызметін жандандыра да, рухтандыра да алмайды. Осыдан кейін ол өзін ешкімнің үйретпегенін, қажетті әдістермен қаруландырмағанын алға тартады. Қалайша жабық есікке жарық кіреді? Терезеңіз бен есігіңіз жабық болса, үйіңізге күн нұры қалай түседі?

Мұғалімнің дүниетанымдық ұстанымы – интеграцияның барлық әдістемесінің негізі. Физика пәнінің мұғалімі Ирина Стульпинене «Физика жүрек тілімен» атты кітабында былай дейді: «Пәннің негізін анықтағаннан кейін, өз дүниетанымыма сәйкес оның мазмұнын түсіндіремін. Арнайы ешнәрсені жаттаудың қажеті жоқ, ол түсінік менің бұрыннан бойымда, мен соның негізінде өмір сүремін. Алдыңғы қатарлы ғылыми ізденістер мен деректерді жоғалтпай, жинақтау қажет. Түсінік шексіз ұлғая беруі мүмкін, бірақ та негіздерін сақтау керек. Сабақтың мәтіні оқулықтың мазмұны мен ғылымның жаңа деректері болып табылады. Алайда дүниетаным дегеніміз осы білімдерге адами рең беру, жылыту, игілендіру, рухтандыру мүмкіндігі – бұл сабақ мәтінінің астары».

Халқымыздың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтына қызмет ететін болғандықтан,тәрбиеші баланы өз ұлтының тәрбиесімен тәрбиелеу керек» деген қанатты сөзі бір ғасыр уақыт өтсе де өз мәнін жойған жоқ. Қазір жаһандану мәселесі тұрғанда ұлттық тәрбиенің баланы ұлтжандылыққа тәрбиелеуде маңызы  зор деп есептеймін. Сондықтан  ұстаз да  өткен тарихтан сабақ ала отырып, оқушы жүрегіне жол таба алса, нұр үстіне нұр болар еді  дегендей өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндермен интеграциялау түрлерінен мысал келтіріп отырмын.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет