Дене тәрбиесі пәні мен өзін-өзі тану пәнін интеграциялау: Денені дамыту қажеттігін түсініп, денсаулықты сақтауды қамтамасыз ететін сауықтыру әдістемесі мен қауіпсіздік шараларын іс жүзінде қолдана алуы;Өз ойы мен алған әсерлерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алуы;
Мысалы: «Шынықсаң, шымыр боласың»
Түйін: Осы мақалдың мәнін ашатын болсақ, баланың салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілігі мен дұрыс әрекеті арқылы жақсы жетістіктерге жете алатынына көзін жеткізу арқылы түйіндеу.
География және өзін-өзі тану пәнін интеграциялау. Мысалы: Мұхит, өзен, жер асты сулары, мұздықтар мен атмосферадағы су булары - жердің гидросфера қабатын құрайды. Судың негізгі қорын мұхит пен теңіз сулары алып жатыр. Құрлықтағы сулар тұщы болып келеді. Су – түссіз, мөлдір, иісі дәмі жоқ, ұдайы ағып жатады.
Судың тірі организмдер үшін маңызы зор. Ол болмаса тіршілікте жоқ. «Су-өмір көзі» , су-жанға сұлулық береді, көңіліңді көтереді , тазалық көзі, шынығу көзі, су- тағам, табиғатқа сән, өмірге мән береді.
Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын, адамға қорек нәр беретін байлық көзінің бірі- су. Бүгінгі таңда, өзен, көл, теңіз жағалауларының, арық жағасының таза болмауы адамдардан суға тиіп отырған зияндық. Одан су ластанады ,таза су ішпеген ,таза суда шомылмаған халық науқастанады. «Судың да сұрауы бар» дегендей, суды үнемдеу, су жағалауларын таза ұстау, қамқорлық жасап, денсаулығымызды сақтау өз қолымызда екендігін естен шығармау қажет. Судың қасиеттері қаншалықты көп болса, адам бойында соншалықты құндылықтар көп болады.
««Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағының жоспары
Мектеп: Нұржау жалапы орта. Мерзімі: 7.10.2016
Мұғалім: Жамангарина Бақытгүл. Сынып: 2 «Ә». Оқушы саны: 20 Тақырыбы: Мен және басқалар. Әдептілік
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Сыйластық, мейірімділік, бірлік
Достарыңызбен бөлісу: |