Кенже Рухия FL-5 Жоспар. 1.Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсының 2.Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері . 3.Қазіргі Қазақстан тарихының кезеңдерге бөлінуі. Қазақстанның қазіргі заман тарихы – жоғарғы білім алудағы мемлекеттік білім стандартының бір бөлігі болып табылады. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызын, мемлекеттің біртұтас сипатын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады. Менің ойымша бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі даму кезеңінің тарихын қазіргі уақытта отандық ғалымдар да, шетелдік ғалымдар да құлшына зерттеуде. Тәуелсіз мемлекетті орнату және коғамның жаңару практикасы ұсынған қазіргі заманғы проблемаларды жаңадан ой елегінен өткізуге орай Қазақстан тарихын зерделеуге көзқарас түбегеилі өзгерді. Халыктың тарихын зерделеудің және тарихтағы өзініц орнын түсінудін, ұлттық қадір қасиетті корлайтын айдарлар мен таптаурын пікірлерден арылудың маңыздылығы Қазақстан қоғамын ұлттық топтастырудың пәрменді тәсіліне айналды.
Қазақстан тарихы бойынша деректерді жіктеу: 1.заттай 4.лингвистикалық 2.ауызша 5.Этнорафиялық 3.жазбаша Жалпы деректер біздің Қазақстанымыздың тарихын зерттеуде үлкен үлесін қосады.Қазіргі Қазақстан тарихының деректемелері көлемі бойынша айтарлықтай жинағынан өзгешелейтін бірқатар елеулі белгілер мен ерекшеліктерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихи дереккөздерінің арасында саяси партиялардың бағдарламалық құжаттарының маңызы зор,олар республикада партиялық жүйенің эволюциясын зерделеуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның казіргі заман дереккөздерінің арасында елдің дамуының сандық заңдылықтарын сипаттайтын түрлі статискалық деректерді жинаумен ғылыми өңдеумен және жариялаумен айналысатын арнаулы ұйымдар қызметінің нәтижесінде жасалған материалдар елеулі орын алады.
ХҮІІ-ХІХ ғасырлар. Бұл аралықта қазақ халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды. Біздің жерімізге басып кірген жоңғарлармен соғыс басталды. 1723-1727 жылдардағы "ақтабан шүбырындыдан" қазақ халқы қайта еңсе көтерді. Ұлтты қорғаушылар қатарына Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және солар сияқты үлттың жауынгерлік рухын көтерген жарқын түлғалы ерлер келіп қосылды.
Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай хан түсында ерекше бейнеленді. Батырларымен тізе қосып, қаһар-мандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың үйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды.
Бейбітшіл сипаты бар рухани жұмыс та жалғасын тауып жатты. Оның үйтқысы үлттың рухани кесемдері — Теле, Қазыбек, Әйтеке билер болды. Олар сыртқы және ішкі алауыздықтарға қарамастан Абылай ханмен бірлесіп, ұлтты біріктіру жолында еңбек етті.
Келесі, кезең - XX ғасыр. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арыңды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Төрелер мен қожалардың билігі қожырады, олардың үңірейіп бос түрған орындарына ешкім отырған жоқ. Ресей патшалығы да әлсіреді. Сол кезде қазақтарда оз мемлекетін қүру үміті тағы да ояна бастайды. Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар болды. Қалай болғанда да, Алашорданың игілікті ісі өте қайғылы аяқталды. Қазақтың оқыған жас өкілдерінің осынау ыстық жігері, ұлттық рухы сол кезде қалыптасқан жағдайлардың себебінен өмірде іс жүзіне аса алмады.
Сөйтіп, 1917 жылдан 1920 жылға қазақтың ұлттық рухы ауыр езгінің астына түсті. Қазақстан -КСРО-ның құрамына кірді.
Жалпылай келкенде біздің қазіргі заман тарихы сабағынан үйренеріміз өте көп.Бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, мәңгілік ел құруды ғасырлар болуы армандаған халқымыздың өршіл рухының негізі.Сондықтанда бұл пән мемлекеттілік маңызы бар пән болып табылады.