1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Pdf көрінісі
бет1/61
Дата04.11.2022
өлшемі4,71 Mb.
#156557
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
1-ші та ырып. аза станны азіргі заман тарихына кіріспе



1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе
1.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсы пәні және міндеттері. 
2.
Қазақстан тарихын кезеңдестіру. 
3.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының аса маңызды мәселелері.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. 
Назарбаев халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауларында, еңбектері мен сөз 
сөйлеулерінде тек қана қазақ халқының ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның 
барлық көп ұлтты халқының бұқаралық санасының қайта жаңғырту қажеттігіне 
көңіл бөледі. Қазақстандықтарды азаматтылық пен патриотизмге тәрбиелеуде, 
тарихи сананы қайта жаңғырту ісінде Қазақстан тарихының рөлін дәлелдеудің 
қажеттігі 
жоқ. 
«Егер 
біз 
мемлекет 
болғымыз 
келсе, 
өзіміздің 
мемлекеттілігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық 
руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн», деп Елбасы өзінің «Тарих 
толқынында» деген кітабында жазды. Тарихтың маңызы туралы автордың 
өзінен артық ешкім айта алмас, «Тарих бізге аса бай мұра қалдырды. Ал жаңа 
сұрақтарға толық және тез жауап беруге уақыт аз. Тарихтағы өз орныңды 
түсіну, ата-бабаларыңды мақтаныш тұту ру шеңберінде ғана емес, 
жалпыұлттық мағынада, кең байтақ Еуразияның тарихында қазақтар мен 
олардың ата-бабаларының терең мағынасын түйсіну,- бұл ұлттық бірігудің 
қазіргі заманғы күшті және шексіз тәсілі» деп жазды. 
Біздің елімізде болып жатқан үрдістерді түсінуде Елбасы Н.Ә. 
Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауларын меңгеру аса маңызды, соның ішінде 
«Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі 
және әл – ауқатының артуы», «Болашақты бірге құрайық», «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты». 
2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш 
Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» 
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында 
«Біздің өзімізде және біздің балаларымызда қазақстандық патриотизмді 
тәрбиелеу қажет. Бұл ең алдымен елің мен оның үшін мақтаныш» деп атап 
көрсетілген.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуір күні 
жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын 
жариялады. Онда негізінен ұлттық құндылықтарымызға, елдік мақсат пен 
мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары жайлы 
баяндалған болатын. Бұл – көп ғасырлық тарихы бар халқымыздың өміріндегі 
үлкен рухани сілкініс болды. Елбасы айтқандай, тәуелсіз еліміз жаңа тарихи 
кезеңге аяқ басты.
2018 жылдың 21 қарашасы күні Қазақстан Республикасының Тңңғыш 
Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты 
мақаласының жариялануы – отандық тарих ғылымын жаңаша методологиялық 
тұрғыдан зерттеуге зор мүмкіндік туғызды. Елбасы мақаласындағы көтерілген 
іргелі мәселелердің стратегиялық ұстанымы салдарынан қоғамдық санада 


ұлттық тарихымыздың құндылықтарына деген халықтың сенімі артады. 
Мемлекеттілікті ұлттық идеясыз немесе «мәдени бағдарламасыз» құру мүмкін 
емес. Халықтың мыңдаған жылдардан бері өзіне ғана тән қалыптасқан рухани 
құндылықтарына негізделген дүниетанымы үнемі мемлекет тарапынан 
қолдауға ие болып отырса, жаһандану жағдайында кез-келген ақпараттық 
шабуылға төзімділік таныта алады. Тарихи санасы қалыптасқан қоғамның 
мемлекеттік идеологиясының негізі берік болатыны бәрімізге белгілі 
жағдай. Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен қоғамдық сананы 
жаңғыртуға арналған нақты бағдарламалар бүгінгі күнге дейін тоқтаусыз 
жүргізіліп келеді. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы 
көтерілген құндылықтар халқымыздың тарихи жадысы мен ұлт руханиятының 
шыңдалуына және әлемдік өркениет кеңістігінен қазақ халқының орны мен 
рөлін анықтауға бағытталған. Елбасы Н.А. Назарбаев «Ұлы даланың жеті 
қыры» мақаласындағы жобалардың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы көрсетілген «Рухани 
жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып саналатынын қоғамға түсіндіріп 
берді. 
Елбасы «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақ тарихының 
мыңдаған жылдардан бері тұтас бір кеңістікте дамып келе жатқанын: 
«Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі 
заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуы тиіс. Оған қажетті 
дәйектеріміз де жеткілікті. Біріншіден, протомемлекеттік бірлестіктердің дені 
қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлтының этногенезінің негізгі 
элементтерін құрап отыр. Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени 
жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше көпшілігі осы 
кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, күнгей мен 
Теріскейге таралды. Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер 
біздің бабаларымыздың өз заманында ең озық, ең үздік технологиялық 
жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы 
Даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік 
береді», - деп дүниежүзілік өркениеттер тарихындағы қазақ тарихы мен 
мәдениетінің аса маңызды рөлін дәл көрсетті. Елбасының мақаласы қазақ 
тарихына тың, жаңаша методологиялық тұрғыдан жаңаша баға берген 
стратегиялық бағыт болды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы 
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» 
деп аталды. Елбасы Жолдауы бірден қолдау тауып қоғамдық орталарда бірден 
талқыланды. Еліміз соңғы жиырма бес жыл ішінде бірнеше жаңғыруды бастан 
өткерді. Біріншісі – саяси реформа, екіншісі – экономикалық жаңғыру. 
Мұндағы басты яғни, түпкі мақсатымыз әлемдегі ең дамыған отыз елдің қа-
тарына қосылу. Бұл оңай іске асыра салатын шаруа емес. Ол үшін алдымен, 
сана сілкінісі қажет. Өйткені, әрбір реформа сананың сілкінісі жағдайында 
жүзеге асырылады. Мысалы, 2004 жылы қолға алынған «Мәдени мұра» және 
2013 жылы қабылданған «Халық Тарих толқынында» бағдарламалары – осыған 
айғақ. Осы бағдарламаның алғашқысында еліміздегі тарихи-мәдени 


ескерткіштер жаңғыртылып, екінші бағдарлама бойынша әлем елдері 
архивіндегі төл тарихымызға байланысты аса құнды мұраларымыз түгенделіп, 
зерттелді. Ал енді рухани жаңғыруды жүзеге асыру арқылы көптен көкейде 
жүрген маңызды да, ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылмақ. 
Қазақстандықтар үшін өткен 2018 жыл қай салада болмасын табысты 
жыл болғандағымен ерекшеленбек. Себебі Бес әлеуметтік бастаманың 
нәтижесінде Жоғары оқу орындарына 2018 оқу жылында қосымша 20 мың 
грант бөлінгені белгілі. 1 қыркүйекте мемлекеттік гранттарға ие болып, студент 
атанған жастардың қуанышында шек болмады. Халықаралық саясатта да 
асығымыз алшысынан түсіп, еліміз тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының 
Қауіпсіздік Кеңесіндегі 2018 жылға қаңтар айындағы төрағалығын және осы 
жылға қызметін абыроймен атқарды. Мемлекет басшысының жолдауында 2019 
жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Бұл жастарға берілген тарихи 
мүмкіндік. Себебі Қазақстан-2050-стратегиясындағы алға қойған мақсат-
міндеттерді атқару жастардың қолында. Қазақстан халқы жастарының 
потенциялы жоғары. 
Қазақстанның қазіргі заман тарихын меңгеру әлемдік тарих пен Еуразия 
халықтарының тарихын зерттеу үшін үлкен маңызға ие. Қазақстанның қазіргі 
заман тарихының зерттеу пәні болып біздің республикамыздың жеріндегі 
мемлекет пен қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық даму 
заңдылықтары табылады. Қазақстанның қазіргі заман тарихы адамзат 
қоғамының, 
әлеуметтік-таптық 
қатынастардың 
қалыптасуы, 
дамуын, 
мемлекеттік бірлестіктер мен мемлекеттердің гүлденуі мен құлдырауын, 
әлеуметтік өмір мен экономикалық қатынастар, көрші халықтар мен 
мемлекеттермен өзара қатынасы, ұлтазаттық көтерілістер, Қазақстанның 
әлемдік өркениетке қосқан үлесін қарастырады. Басқа қоғамдық ғылымдардан 
ерекшелігі (философия, саясаттану, әлеуметтану) Қазақстан тарихы тарихи 
заңдылықтың тарихи оқиғалар мен фактілерде, экономикалық саясатта 
көрінетін нақты түрлерін зерттейді.
Бұнымен байланысты, Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсы қандай 
міндеттерді атқаратынын түсіну маңызды. Тарихтың келесі міндеттері айқын 
көрінеді: танымдық, тәжірибелік-саяси, дүниетанымдық, тәрбиелік. 
Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсы әлеуметтік –гуманитарлық 
пәндер циклінде дербес пән болып табылады және жоғарғы және орта оқу 
орындарының оқу жоспарларына енгізілген.
Берілген Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсының мақсаты оның 
жерін ерте кезден мекендеген, мыңдаған жылдардағы халықтардың, 
мемлекеттерді, мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін игеру, ұлт тарихының 
өзекті мәселелерін ой елегінен өткізу (этногенез, мемлекеттілік, ұлтазаттық 
көтерілістер және т.с.с.) және басқалары табылады. 
Курсты меңгерудегі міндеттер: 
- біздің Отанымыздың өткен тарихының обьективті суретін тану;
- адамзат тарихындағы көшпелі өркениеттің рөлін анықтау; 
- Қазақстан жерін мекендеген ұлттардың тарихын білу; 


- Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасу және даму 
жолдарын білу;
- Қазақстан Республикасының саяси дамуының қазіргі кезеңдегі 
ерекшеліктерін білу;
- деректанулық материалды талдай білу; 
- негізгі оқиғалар мен үрдістерді сын тұрғысынан ойлай білу;
- тарихи түсініктерге сүйене білу; 
- дербес жұмыс дағдыларын меңгеру, конспект құру әдісін білу;
- Қазақстан картасында еркін бағдарлай алу. 
Біздің республикамыздың барлық тарихи жолын жалпы қабылданған 
әлемдік кезеңдестіру теориясына сәйкес келесі кезедерге бөлуге болады: 1. 
Ежелгі дәуір (б.э.д.2,6 млн. жыл – б.э.VI ғ.); 2.Ортағасыр (б.э.VI ғ.- ХVIII ғ. 
басына дейін); 3. Жаңа заман (Қазақстан Ресей империясы құрамында) - ХVIII 
ғ. басы –1917 ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісін қоса); 4. 
Қазіргі заман (1917 ж. қазанынан – бүгінгі күнге дейін). 
Қазіргі заманғы тарих ғылымында ғылыми тарихи зерттеудің келесідегі 
негізгі қағидалары қолданылады: объективтілік, тарихилық, тарихты оқытуда 
әлеуметтік көзқарас, мәселені жан-жақты зерттеу. Қазақстан тарихы бойынша 
деректанулық базасы толық бір кешен болып табылады. Академик М.Н. 
Тихомировтың жасаған деректерді жіктеу нұсқасы жалпыға қабылданған. 
Деректер келесідей жіктеледі: 1) заттай, 2) этнографиялық, 3) лингвистикалық, 
4) ауызша, 5) жазбаша. 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлытау төріндегі толғаныс» 
атты сұхбатында: «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан 
басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда 
орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп 
тіреледі» деп Қазақстан тарихының тамырының тереңнен бастау алатынына 
ерекше мән берген болатын. Осы тұрғыдан Н.Ә. Назарбаев 2015 жылы Қазақ 
хандығы құрылғандығының 550 жылдық мерейтойының ел көлемінде атап 
өтілетіндігін мәлімдеді. 
Отанды сүю, ел бірлігі, өз елінің патриоты болу сынды қастерлі ұғымдар 
жөнінде сөз еткенде, әрдайым қастерлі тарихымызға жүгінеміз. Осы тұрғыдан 
алғанда Елбасымыздың Ұлытау төріндегі сұхбатында айтылған мынадай 
пікіріне құлақ қойғанымыз жөн: «Отанды қорғау дегенде, әрине, адам баласы 
алдымен өзінің шаңырағын ойлайды. Әкеңді, шешеңді, бауырларыңды, 
балаларыңды, немерелеріңді ойлайсың. Сол жүрекпен, сол тілекпен Отаныңды 
қорғайсың. Сондықтан тарихыңды білген жөн. Тарихын білмеген ұлттың 
болашағы бұлыңғыр. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, 
ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан тарихымызды таныту үшін қазір 
көп нәрсе жасап жатырмыз». 
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы – бұл Отандық тарихтың заңды 
жалғасы және маңызды бөлігі болып табылады. «Өткенсіз бүгін, бүгінсіз ертең 
жоқ» деген қанатты сөз қоғам мен мемлекеттегі тарих ғылымының нақты 
міндеттерін көрсетіп тұр. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің іргетасын 
әлемнің елеулі бөлігіне ықпал еткен ұлы дала көшпелілерінің мемлекеттік 


дәстүрі және бірнеше жүзжылдық барысындағы қазақтардың азаттық 
жолындағы күрес тарихы, Ресей және Кеңестер Одағы құрамында өмір сүрген 
тәжірибесі құрайды. 
Жоғары оқу орындарында «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихын» оқыту 
студенттер бойында патриотизм мен азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, 
Қазақстанның сан ғасырлық тарихы бойынша терең ғылыми білімдерді бекітуге 
ықпал етуші фактор болумен бірге, Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде 
қалыптасуы мен дамуы, қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік 
салаларындағы реформалар үдерісі, ішкі және сыртқы саясаттағы жетістіктері 
өскелең ұрпақ санасына құйылуы тиіс. 
«Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» өзінің алдына төмендегідей 
міндеттерді ашуды қояды: 
-
проблемалық көзқарас негізінде, тарихи дамудың жалпы 
заңдылықтарын талдау арқылы ХХ ғасырдың бас кезінен бастап, бүгінгі күнге 
дейінгі Қазақстан тарихы кезеңдерін, мазмұнын және мәнін ашу; 
-
қазақ ұлты мен мемлекеттілігінің қалыптасу үдерісінің басты 
бағыттарын ашу; 
-
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихының әлеуметтік-экономикалық, 
саяси және мәдени дамуындағы жетістіктері мен қарама-қайшылықтарын 
анықтау; 
-
тәуелсіздіктің қалыптасу жағдайындағы өтпелі қоғамдағы тарихи 
үдерістердің негізгі заңдылықтарының мазмұнын зерделеу; 
мемлекеттік тәуелсіздіктің саяси-құқықтық негізін құрайтын құжаттарды 
білуді қамтамасыз ету; 
-
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. 
Назарбаевтың егемен мемлекетті нығайтудағы, еліміздің халықаралық 
қауымдастықтағы лайықты орнын анықтаудағы тарихи рөлін көрсету; 
-
мемлекет эволюциясын және оның тәуелсіздік кезеңіндегі 
институттарын қарастыру; 
-
Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік-
мәдени реформалау үдерістерінің барысы мен нәтижелерін және экономикалық 
қуатының өсуін айқындау; 
-
еліміздің әлемдік және өңірлік қоғамдастыққа халықаралық 
қатынастардың дербес субъектісі ретіндегі кіру үдерісін ашу; 
-
Қазақстан халқының көпұлтты құрамының қалыптасу үдерісі мен 
күштеп көшірілген халықтардың тағдырын көрсету; 
-
студенттер бойында ғылыми негізде азаматтық ұстанымды 
қалыптастыруды, мемлекеттің ішкі өміріндегі оқиғалар мен халықаралық 
қатынастарды зерделей білуге дағдыландыруды қамтамасыз ету. 
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің мақсаты: бүгінгі Ұлы 
Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен 
ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру; еліміздегі тәуелсіз 
мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез 
сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау; студенттерге тарихтың 
іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу; тарихи-танымдық ғылыми әдістерін 


пайдалануға студенттерді үйрету; халқымыздың ұлы тұлғалары мен тарихи 
тәжірибесіне, дәстүрлеріне құрметпен қарау және тарихи сана арқылы 
жастардың 
бойында 
белсенді 
азаматтық 
ұстанымды, 
әлеуметтік 
жауапкершілікті, 
отансүйгіштік 
сезімді, 
жоғары 
адамгершілік 
және 
көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет