Дәріс 9.
Тақырыбы: Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы.
Жоспар:
1.Мұғалім мен оқушылардың өзара мєдени қарым-қатынасының мәні.
2.Қарым-қатынасты модельдеу жєне ұйымдастыру кезеңі.
3.Қарым-қатынасты меңгеру жєне талдау.
4.Педагогикалық қатынас стилі жєне тактісі.
1.Мұғалім мен оқушылардың өзара мєдени қарым-қатынасының мєні.
Оқу-тәрбие жұмысын күнбе-күн жедел жүзеге асыруға қарым-қатынас жасап отыратын екі тұлға бар. Олар: мұғалім және оқушы. Осы екі тұлғаның өзара қарым-қатынасы дұрыс жолға қойылған уақытта ғана оқу-тәрбие жұмысы бойынша алға қойылған міндеттер дұрыс жүзеге асырылады.
Мұғалім өзі оқытатын пәні бойынша материалдарды каншама жақсы біліп, оны алуан-түрлі әдіс-тәсілдермен, құралдармен түрлендіріп өткізуге тырысқанымен оқушы мен мұғалім арасында өзара құрмет-сый, сыйласым болмаса, оқушы мұғалімді ынта-ықыласымен тыңдағысы келмесе, іс нәтиже бермейді.
Қазіргі күнде қоғам алдына қойылып отырган, халыққа білім беру саласы алдына қойылып отырган негізгі мәселелер: мектепті қоғам талабына сай қайта құру, адам факторын жандандыру, демократияландыру, ізгі-адамгершілікке тәрбиелеу мәселелеріне сай болу керек. Осы мәселелер жүзеге асырылған уақытта ғана оқу-тәрбие жұмысы өз дәрежесінде нәтижеге жетеді. Сондықтан да оқушылар мен мұғалімдер арасындағы мәдени - қарым-қатынас педагогикалық іс-әрекеттегі маңызды кәсіптік мамандық құралы. Ол: оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық түрде демократиялық, адамгершілік-ізгілік негізінде жүзеге асырылуы қажет.
Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушы арасындағы оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыруға қажетті маңызды психологиялық ахуал жасайтын кәсіптік-мамандық қатынасы.
Оқушылармен мұғалім арасында мәдени қарым-қатынастың болуының аса қажеттілігі жөнінде советтік дәуірдегі көрнекті педагогтар А. С. Макаренко, Н. К. Кру пская, С.Т.Шацкий, А.В.Луначарский, В.А.Сухомлинский т.б. өздерінің еңбектерінде атап көрсетіп, іс-тәжірибелерінде дәлелденген болатын.
Мысалы, А.С.Макаренко оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас "Баладан дұрыс талап ете білу, оның жеке басын құрметтей білу" принципінде құрылу керек деген болатын. В.А.Сухомлинский баламен қарым-қатынас жасай білу тіл табыса білуде балалармен қалай сөйлеудің мәнін көрсетеді.
"Мектеп қабырғасында айтылған әрбір сөз ойластырылған, мақсатталған, ақылға-ойға қонымды үлгілі сөздер болуы керек, айқайлап сөйлеу мектеп ішінде оқушыға өте жат. Мұғалім балаға сеніммен қарау керек. Баланы мұғаліммен еркін сөйлесе білуге тарту керек" - дейді.
Оқушы мен мұғалім арасында дұрыс ұйымдаспаған педагогикалық қарым-қатынас балаларды қорқақ, жалтақ, өзіне-өзі сенімсіз қасиетке бағыттайды. Балалардың жұмысқа деген ынтасы, ықыласы төмендейді. Мұғалім мен оқушы арасында конфликт, түсініспеушілік туады.
Мұғалімдердің оқушылармен қарым-қатынас жасау әдісі бүтіндей шығармашылдық. Мысалы, алайық бір сабақтың үстінде балалармен дұрыс қарым-қатынасты шешуге тура келетін қаншама педагогикалық айла-әрекеттер, проблемалар, қақтығыстар қайшылықтар бар. Осының бәрін мұғалім шығармашылық шеберлікпен қас-қағымда шешуге тиіс.
Мұғалім мен оқушы арасындағы мәдени қарым-қатынасты жасап, ынтымақтастық орнату. Соның нәтижесінде ғана оқу-тәрбие жұмысында көздеген нәтижеге жетуге болатындығын жаңашыл экспериментатор педагогтардың өздерінің іс-тәжірибелерінде дәлелдеп отыр. Мысалы, олар Ш.А.Амонашвили: "Амансыңдарма, балалар!", Е.Н.Ильин: "Қарым-қатынас өнері", В.Ф.Шаталов: "Баршаны да, әркімді де оқыта білейік", С.Н.Лысенкова: "Оқуға жеңіл болғанда", Т.И.Гончарова: "Тарих тағлымы", И.П.Иванов "¦жымшылдарды тәрбиелеу" т.б.
Олардың "ынтымақтастық" қарым-қатынас идеясының мәні бойынша мұғалім әрқашан балаларға жәрдем көрсетуші, оқушының жеке басын құрметтеу рухында ғана балалармен тіл табысып жұмыс істегенде іс нәтижелі болатындығын дәлелдейді.
Педагогикалық қарым-қатынас мынадай функциялар атқарады: Хабар - алмасу функциясы, жеке адамды танып білу функциясы, өзін-өзі танып білу - өзін-өзі реттеу функциясы.
Хабар алмасу функциясы - оқу тәрбие жұмысындағы жағымды мотивтерді тудырады. Рухани материал алмасуды жасайды. Бірлесіп ойлау - ізденуге мүмкіндік жасайды.
Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы.
Педагогикалық қарым-қатынастың мына төмендегідей құрылымдары болатындығын атап көрсетеміз: қарым-қатынасты моделдеу кезеңі; қарым-қатынасты ұйымдастыру кезеңі; жүзеге асырылған қарым-қатынасты талдау кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: |