Дәріс Тақырыбы: Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы. Жоспар


Педагогикалық қатынас стилі жєне тактісі



бет5/7
Дата17.05.2022
өлшемі79 Kb.
#143562
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс 9

4.Педагогикалық қатынас стилі жєне тактісі.
Қарым-қатынас стилі дегеніміз - педагог пен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері.
Педагогикалық қарым-қатынас түйіндеп айтқанда мұғалімнің өзіндік қол таңбасы.
Педагогикалық қарым-қатынастың мынадай стилдері болатындығын атап айтуға болады:
а) Бірлескен шығармашылдық іс-әрекетке әуестенуге байланысты.
є) Қарым-қатынас, шекаралық (дистанциялық) ыңғайластыққа.
б) Қорқытып-үркітуге негізделген қарым-қатынас.
в) Әзіл-қалжыңы араласкан қарым-қатынас.
Осы аталған қарым-қатынас стилдерін жеке-жеке атап танитын болсақ:
а) Бірлескен шығармашылдық іс-әрекетке әуестенуге байланысты қарым-қатынас - педагогикалық процеске қатысушылардың барлығы үшін ең тиімдісі. Өйткені оқушылармен бірлескен шығармашылық ізденіске әуестенушіліктің табысты болуы мұғалімнің коммуникативтік қызметінің негізіне ғана емес, оның тұтастай алғанда педагогикалық қызметіне деген көзқарасына да байланысты. Оның өзі бірлескен оқу тәрбие қызметінде едәуір табысқа жеткізеді. Бұл стилдің тиімділігін ескере отырып, оның да белгілі бір шегі болатындығын ескеруіміз керек. Ымырашылдық, ағайынгершілікке жібермеу керек.
ә) Шеңбер шекті аралық (дистанциялық) қарым-қатынас оқушының тәрбиеге көнігуі, ықпалға көнуі және педагогтардың жетекші ролінің көрсеткіші ретінде көрінеді. Егер оқушы мұғалімнің жетекшілік ролін сезінсе және оның ақыл-кеңесіне ден қоятын болса, онда педагогпен өзара қатынас жүйесінде оның дистанциялық (әлсіретушілік) элементтері шектеледі. Тәжірибеде бұл дистанциялық (шеңбер-шекті) қарым-қатынасты жас мұғалімдер де, тәжірибелі мұғалімдерде қолданады. Жас мұғалімдер бұл қатынасты қолданған уақытта өзін білетін педагог ретінде танытамын деп есептейді де, олар бұл стилді белгілі бір шама оқушыларымен, сондай-ақ педагогтармен тіл табысу құралы ретінде пайдаланады.
Мұғалімде болатын бедел дистанцияны (өзінің мұғалімдік шегін) механикалық жолмен орнату арқылы емес, бірлескен шығармашылық процесс арқылы, яки педагогтың шығармашылық жұмысының мазмұны мен нәтижесі балаларды өзіне баурап алу қабілеті арқылы орнытуы тиіс.
Кейбір кездерде мұндай дистанциялық (шеңбер-шекті) қатынаста өзін көрсетпек болып "Сен білмейсің, оны мен білемін деген принципіне апарса, мен үлкенмін, менің айтқаным дұрыс, мені ғана тыңдауың керек деген принципке апарса, ол бір жақты ұғым болады және нәтижелі аяқталмайды.
б)Қорқытып-‰ркітуге негізделген қарым-қатынас. Дистанциялық қарым-қатынасты шығармашылық нәтижесімен жандандырмаса, өзінің "таза түрінде" қорқытып-үркіту түріндегі қарым-қатынасқа ауысады.
Қорқыту арқылы қарым-қатынас орнату көбінесе істі дұрыс ұйымдастыра алмайтын жас мұғалімдерде кездеседі. Негізінде бұл қатынастың ешқандай пайдасы жоқ. Мұндай қарым-қатынас сабақта к‰йгелектік, эмоциялық қолайсыздық жағдай туғызады. Балалардың шығармашылық ізденісіне, жұмыс істеу мүмкіндігіне, өзара түсіністікті, педагогикалық қарым-қатынасты татулықты жояды. Шығармашылдық іс-әрекетті кері кетіреді. Ол мынадай сипатта айтылады: "Сен мені тыңдап отыр!", "Тындамасаң екі қоям!", "Сені тақтаның алдына тұрғызып қоям" т.б.
в) Әзіл-қалжыңы аралас қарым-қатынас.
Бұл қарым-қатынастың да көптеген қолайсыз жағдайлары бар. Мұндай қарым-қатынас түрі жалған беделге ие болуға тырысудан туады. Мұның өзі қарым-қатынасты ұйымдастыра білмеу тәсілінен тәжірибесіз мұғалімдерде болады. Бала-лармен тез тіл табысуды көздегенмен шын мәнінде кәсіпкерлік білгірліктің жетіспей жатқанын байқатады. Әзіл-қалжың кейде мәнсіз бос сөзге ауысып кетуі жиі кездеседі. Кейде негізгі тақырыптан басқа жаққа ауып кетеді де, оқушы ынта қойып тындамайды.
Педагогикалық-кәсіптік қарым-қатынастар стилін сөз еткенде ең негізгі мәселе қатынастағы мұғалімнің өзіндік стилді түсінуінің мәні зор. Егер өзіндік стилдің мәнін түсінген уақытта ғана әр педагогтың шығармашылық дербестігі болатындығын білеміз.
Педагогтың өзіндік дербестігіне сәйкес келетін педагогикалық қарым-қатынас стилі дұрыс табылған жағдайда комплексті міндеттерін шешуге мүмкіндік туады, аудиториямен қарым-қатынасы жеңілдетеді, әрі тиімді болады, ақпарат берудің тиімділігі арта түседі, қарым-қатынас кезеңі эмоциялық қолайлы жағдайда өтеді.
Сондықтан да жас мұғалімдердің маңызды міндеттерінің бірі қарым-қатынастың дербес стилін іздестіру болып табылады.
Қарым-қатынастың дербес стилдерін қалыптастыру єдістемесі мынадай кезеңдерден тұрады:

  • Ең әуелі мұғалімдік кәсіпке дайындалып жүрген студенттер өзін-өзі сынау, қарым-қатынас стилдерін зерттеу, бір-біріне мінездеме беру "Мен өзім балалармен қалай қарым-қатынас жасаймын" деген шығарма жазу.

  • Жеке қарым-қатынас стилі негізінде педагогикалық қарым-қатынас элементтерін меңгеру сияқты жұмыстарды ұйымдастыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет